«Қазақстан Тәуелсіздігі және Елбасы» атты баспа, электрондық және аудиовизуалдық бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің арасындағы ашық халықаралық конкурстың ЕРЕЖЕСІ
- Негізгі ережелер
- «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасы» мемлекеттік мекемесі жәнеНұрсұлтан Назарбаев Қоры баспа, электрондықжәне аудиовизуалдықбұқаралық ақпарат құралдары (бұдан әрі –БАҚ)қызметкерлерініңарасында номинацияларына сәйкесашық халықаралық конкурс (бұдан әрі – Конкурс)өткізеді.
- Конкурсноминациясы«Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасы» мемлекеттік мекемесі және Нұрсұлтан Назарбаев Қорының бірлескен бұйрығымен жыл сайын бекітіледі.
3.Конкурстың мақсаты:
1) қазақстандық мемлекеттіліктің негізі ретінде «Назарбаев моделін»,Елбасыныңидеялары мен бастамаларын көпшілікке тарату;
2) халықаралық кеңістікте еліміздің тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктерінақпараттық-имидждікілгерілету;
3) баспа және электрондық БАҚ қызметкерлерінің өзін-өзі шығармашылық тұрғыдандамытуы мен кәсіби өсуі үшін моральдық және материалдық ынталандыру;
4) халықаралық журналистер қауымдастығында келешегі бар жаңа есімдерді анықтау;
5) Елбасы кітапханасының архиві, кітапханасы және экспозиция қорындағы материалдарды медиа айналымға енгізу.
4.Конкурс келесі номинациялар бойынша өткізіледі:
1)«Үздік телевизиялық материал»(телеочерк, жаңалық бейнесюжеті, талдамалық шолу, арнайы репортаж, сұхбат, пікір, деректі фильм);
2)«Үздік радиоматериал»(радиобағдарлама, радиошолу, радиоочерк, радиоқойылым, талдамалық шолу, сұхбат);
3)«Газеттер мен журналдардағы үздік мақала»(мақала, очерк, эссе, талдамалық шолу, репортаж, сұхбат);
4)«Ғаламтордағы үздік жарияланым»(ақпараттық хабарлама,очерк, талдамалық шолу, сұхбат, репортаж, шолу, эссе);
5) «Шетелдік БАҚ-тағы үздік жарияланым» (Қазақстан мен Қазақстан Республикасы Президентінің бастамалары туралы шетелдік БАҚ-тарда жарияланған материалдар).
5.Конкурстың өткізілуіне қатыстыбарлық ақпарат ұйымдастырушылардың сайттарында (www.presidentlibrary.kz,www.fnn.kz)жарияланады.
6.Қатысушыларды ақпараттық және техникалық қолдау мақсатында Кітапхананың сайтында (www.presidentlibrary.kz) және YouTUBE порталында (арна атауы – ҚР Тұңғыш Президентінің кітапханасы) Елбасыкітапханасыныңқызметі туралыбейнематериалдар орналастырылады.
- Номинациялардың сыйақы көлемі
7.Конкурстың сыйақы қоры 11 000 000теңгені құрайды және номинациялар бойынша төмендегідей бөлінеді:
«Үздік телевизиялық материал»:
1 орын –1 000 000 теңге;
2 орын –700 000 теңге;
3 орын –500 000 теңге.
«Үздік радиоматериал»:
1 орын –1 000 000 теңге;
2 орын –700 000 теңге;
3 орын –500 000 теңге.
«Газеттер мен журналдардағы үздік мақала»:
1 орын –1 000 000 теңге;
2 орын –700 000 теңге;
3 орын –500 000 теңге.
«Ғаламтордағы үздік жарияланым»:
1 орын –1000 000 теңге;
2 орын –700 000 теңге;
3 орын –500 000 теңге.
«Шетелдік БАҚ-тағы үздік жарияланым»:
1 орын –1000 000 теңге;
2 орын –700 000 теңге;
3 орын –500 000 теңге.
- Жүлделі орындарды иеленгенконкурсанттарға арнайы төсбелгі, куәлік,дипломмен ақшалай сыйақыберіледі.
- Конкурстың мерзімі мен шарттары
9.Конкурсқа2020 жылғы10қазан мен 2021 жылғы 10 қазан(қоса алғанда) аралығында ресми жарияланған (алғаш жарияланған, эфирге шығарылған, ғаламторда орналастырылған) бірегей материалдар қабылданады.
10.Конкурсқа қатысу өтінімдері2021 жылғы 1 маусым мен 20 қазан (қоса алғанда) аралығында пошта арқылы мынамекенжайға: Z05S5X1, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Ә.Бөкейхан көшесі, 1А, 343 каб., «Қазақстан Тәуелсіздігі және Елбасы»конкурсына» деген белгімен немесе Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс. электронды поштасына қабылданады. Байланыс тел.: (7172) 69-30-51, 69-30-56, 69-30-57.
11.Конкурсқа қатысу үшін төмендегі құжаттар негіздеме болып табылады:
1) үлгігесәйкес толтырылған өтінім-сауалнама;
2) конкурстық жұмыс;
3) жеке куәліктің немесе паспорттың көшірмесі;
4) БАҚ басшысы растағанжұмыс орнынан анықтама;
5) аталған БАҚ-та материалдың жарияланғанын растайтын эфирлік анықтама.
12.Конкурсқажеке және ұжымдық авторлар тек бір номинация бойынша қатыса алады. Соның ішінде бір тақырыппен біріктірілген материалдар циклын ұсынуға болады.
13.Автор (немесе авторлар ұжымы) өтінімге қол қоя отырып, Конкурс ұйымдастырушыларынаұсынған жұмыстың БАҚ-қа орналастырылуына автоматты түрде келісім береді.
14.Конкурстық жұмыстардыұсынутәртібі:
1) телевизиялық өнім –бейнесюжет пен оның ғаламтордағы сілтемесі, жарияланғанын растайтын анықтама;
2) радиохабарөнімі –аудиожазба меноның жарияланғанын растайтын анықтама;
3) мерзімді баспасөз өнімі – газеттегі мақаланың сканерленген нұсқасы мен ғаламтордағы сілтемесікөрсетілген құжат;
4) БАҚ ғаламторындағы өнім – материалдың «Word» форматындағы нұсқасы мен ғаламтордағы сілтемесікөрсетілген құжат.
15.Конкурстық жұмыстар көлеміжағынан шектелмейді.
16.Конкурстықжұмыстарды бағалау өлшемдері (10 балдық шкала бойынша):
1) конкурстық жұмыс мазмұнының конкурстың мақсаттарына сәйкестігі;
2) шығармашылық жаңашылдығы және идеяның ерекшелігі;
3) жұмыс мазмұнының тереңдігі;
4) орындаудыңтехникалық деңгейі (оның ішіндеинфографика, 3D-графика және т. б. пайдалану деңгейі,);
5) жалпы эстетикалық және эмоцияналдық қабылдауы.
17.Конкурстық жұмыс әлемнің барлық тілдерінде қабылданады.
18.Автор (немесе авторлар ұжымы) Конкурстықжұмыстыңмазмұны мен авторлығының дұрыстығы үшін жауап береді.
19.Жарнамалық сипаттағы жұмыс Конкурсқа іріктелінбейді.
20.Конкурсұйымдастырушылары қажет болған жағдайда қатысушыдан қосымша мәліметтерді, материалдың сәйкестігін, оның шығу мерзімін,авторлығын растайтын құжаттарды талап етуге құқылы.
21.Конкурс ұйымдастырушылары жекелеген номинациялар мен орындар бойынша сыйлық бермеуге,сондай-ақ номинациялар арасында жүлде қорын қайта бөлуге құқылы.
22.Конкурсқа жіберілген жұмыстар рецензияланбайды және қайтарылмайды.
- Конкурс қорытындылары
23.КонкурсқорытындысынКонкурстықкомиссияшығарады.
24.Конкурс өтінімдері2021 жылғы1 маусым мен 20 қазанға(қоса алғанда) дейін қабылданады.
25.Конкурстық жұмыстар2021 жылғы 25 қарашаға дейін іріктеледі.
26.Жеңімпаздарды марапаттау салтанаты 2021 жылғы 1 желтоқсан мен 13 желтоқсан аралығында өтеді.