Бейсенбі, 05 Тамыз 2021 10:48

Бақылау болса, былық болмайды

ЖАҚЫНДА «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ ЕҢБЕКШІҚАЗАҚ АУДАНДЫҚ ФИЛИАЛЫ ЖАНЫНДАҒЫ ПАРТИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ.

Комиссия төрағасы Асыл Байтулақов күн тәртібінде қаралатын мәселелермен таныстырды. Бірінші болып сөз алған аудандық құрылыс бөлімінің басшысы Әділжан Смағұлов «Nur Otan» партиясы сайлауалды бағдарламасының Жол картасында қарастырылған жобалар, соның ішінде «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру бойынша ауданда жасалып жатқан жұмыс жайымен таныстырды. Бұл бағдарлама аясында ауданда 60 пәтерлі 3 тұрғын үйдің құрылысы жүріп жатыр. Оның екеуі Есік қаласында, біреуі Шелек ауылында. Есіктегі екі жобаға да мердігер мекеме – «Капстройгрупп-Т» ЖШС және үшеуінің де техникалық қадағалаушысы – «Saulet Trans Servis». Бүгінде бұл үйлердің қазаншұңқыр қазудан бастап бірінші қабатының құрылғыларына дейінгі жұмыстар толығымен аяқталып, екінші қабатқа көшкен. Құрылыс алаңында 37 адамнан жұмыс істеп жатыр.

Шелек ауылындағы тұрғын үй құрылысын мердігер мекеме «Асан М Компани» жүргізіп жатыр. Құрылыс алаңында 7 техника мен 23 адам еңбек етуде. Құрылыс-монтаж жұмыстарымен қатар үш жобаның да абаттандыру, инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым салу жұмыстары да жүйеленген.

Бұдан бөлек Шелек ауылына 237 га жерге, Ақши ауылына 90 га жерге жеке тұрғын үй құрылысы үшін инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым салу – сумен, электрмен жабдықтау жұмыстары да қызу жүріп жатса, Өрікті ауылында 12,6 га жерге дәл осындай жұмыстар жүргізу үшін жобалау-сметалық құжаттамалары дайындалуда. Сонымен қатар Есік қаласындағы 5 қабатты 40 пәтерлік үш тұрғын үйдің, 3-ықшам аудандағы №1 тұрғын үй кешеніне, көпқабатты 5 тұрғын үйдің құрылысына жобалау-сметалық құжаттар жасалып жатыр. Осы және өзге де жобалармен жан-жақты таныстырған бөлім басшысы комиссия мүшелерінің сұрақтарына жауап беріп, айтылған ұсыныстар бойынша жұмыс қорытындыларын көрсететін болды.

Отырыста сөз алған Асы және Малыбай бастауыш партия ұйымдарының төрағалары баяндама жасап, округтегі проблемалар мен жетістіктерін жеткізді. Мысалы, Малыбай ауылдық округінің әкімі Бақытжан Аухадиев өңірде ішкі туризмді дамытуға үлес қосып жатқан жобаларды қуана айтса, жайылымдық жердің жоқтығы жұртшылықтың жанына бататын күрделі мәселе екенін жасырмады.

Баяндама жасаушыларға партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Асыл Байтулақов: «Округте қандай мәселе бар? Жасырып қалмаңыздар! Шынымен, бәрі керемет, бәрі жақсы болуы үшін туындаған қиындықты дер кезінде шешу керек», – деп өңірлердегі барлық проблемалардың бетін жауып қоймай, жедел әрекет етуге шақырды. Сонымен қатар округтерде қолға алынған жобаларды мердігер мекемелердің ар-ұятына тапсырып отыра берудің орнына әкімдерге жергілікті қауымдастық мүшелерімен тығыз жұмыс істеп, әр жобаны басынан бастап жеке қадағалауды қатаң тапсырды.

 

Құралай МҰРАТҚЫЗЫ

Оқылды 954 рет

Соңғы жаңалықтар

Ақп 19, 2026

Рухани тазару айы

2026 жылдың ақпан айында күллі мұсылман адам үшін қасиетті Рамазан айы басталады. Бұл ай…
Ақп 10, 2026

Мұқағалиға арнау

Ақиықтар түлеген мұзбалағы, Хантәңірінің қарапайым қыр қазағы. Поэзияның асқар шыңын…
Ақп 10, 2026

Қазақ поэзиясының Хантәңірі

Сырым да – осы, Жырым да – осы, Алдыңда Байқашы бір, Бықсыдым ба, жандым ба? Махаңдар…
Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…

Күнтiзбе

« Наурыз 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет