Бейсенбі, 12 Тамыз 2021 09:40

Аудан әкімі құрылыс нысандарын аралады

Аудан әкімі Әлібек Жақанбаев Шелек өңіріне жасаған жұмыс сапары барысында бірқатар жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан нысандарды аралап, олардағы ахуалды бағамдап қайтты. Құрылыстың қай-қайсысы болса да сапалы әрі уақытылы атқарылуы керектігін айтып, ескертулер жасады.

Алдымен аудан әкімі Шелек ауылындағы жеке тұрғын үй құрылысы салынатын аумақтың инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымының  жұмыс барысымен танысты. 237 гектар (1727 жер учаскелері) аумаққа инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым жүргізуге 1 миллиард 696 миллион 970 мың теңге қаржы бөлініп, 2022 жылдың 23 мамырына дейін толықтай аяқтау жоспарланған. Ал құрылысты жүргізуге «САПА-Құрылыс 2007» ЖШС-мен келісім-шарт жасалып, жауапты болып бекітілген. Бүгінде аталған аумақтағы инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымның 30 пайызы орындалып, құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізілуде.

Келесі нысан Шелек ауылындағы 60 пәтерлі тұрғын үй. Мердігер мекеме «Асан М-Компани» ЖШС-і тұрғын үй құрылысын ақпан айында  бас-тағанымен, түрлі қаржылық қиындықтар мен материалдардың тапшылығы жұмыстың қарқынды жүрілуіне тұсау салған көрінеді. Қазір аталған 60 пәтерлі тұрғын үйдің іргетасы мен жертөле қабырғаларының жұмыстары аяқталған. Мердігер мекеме тиісті мәселелер оң шешімін тапса, құрылыс қарқынын тездететіндіктерін жеткізді. Көптеген жылдар бойы жөндеу жүргізілмеген ауыл орталығындағы Шелек политехникалык колледжiнің ғимараты да биыл қайта жаңғыруда. Жұмыс сапары барысында аудан әкімі бұл білім мекемесіне де арнайы барды. Мердігер мекеме «МОНОЛИТ» ЖШС-і оқу орнының жөндеу жұмыстарына жауапты. Мұнда жаңа спорт зал, балалар алаңы және футбол алаңдары болады. Мердігер мұндағы құрылыс жұмыстарын тамыз айының соңына  дейін тас-түйін тындырамыз деп отыр. Салаға жауаптылар жұмыстың  сапалы әрі уақытында тапсырылуын бақылап отыруға уәде етті.

Енді Шелек ауылындағы жергілікті тұрғындар мен қонақтар жаңарған саябақта демалады. Ауыл орталығындағы Шымболатов атындағы саябақта құрылыс қызу жүргізілуде. Мердігер мекеме «МОНОЛИТ» ЖШС-і аталған саябақтағы күрделі жөндеу жұмыстарын жыл соңына дейін тәмамдамақ. Құрылыс барысын техникалық қадағалау мекемесінен бөлек, тапсырыс беруші аудан әкімдігіндегі жауапты мамандары бақылауға алған. Алдағы уақытта саябаққа гранит тақтайшалар төселіп, көшеттер отырғызылады. Айнала толық түрлі-түсті шамдармен безендіріліп, субұрқақ орнатылып, аумақ абаттандырылады. Заманауи скейт-парк, шағын футбол алаңы іске қосылады.

Аудан басшысы Әлібек Әскербекұлы  жаңадан салынған  және күрделі жөндеуден өтіп жатқан нысандарды аралау барысында атқарылған құрылыс жұмыстарын саралап, сала басшыларына нақты тапсырмалар берді.

Ерзат АСЫЛ

Оқылды 1355 рет

Соңғы жаңалықтар

Ақп 19, 2026

Рухани тазару айы

2026 жылдың ақпан айында күллі мұсылман адам үшін қасиетті Рамазан айы басталады. Бұл ай…
Ақп 10, 2026

Мұқағалиға арнау

Ақиықтар түлеген мұзбалағы, Хантәңірінің қарапайым қыр қазағы. Поэзияның асқар шыңын…
Ақп 10, 2026

Қазақ поэзиясының Хантәңірі

Сырым да – осы, Жырым да – осы, Алдыңда Байқашы бір, Бықсыдым ба, жандым ба? Махаңдар…
Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…

Күнтiзбе

« Наурыз 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет