Дүйсенбі, 27 Қыркүйек 2021 14:13

Облыстық ардагерлер ұйымындағы есеп беру, сайлау

Облыстық ардагерлер  ұйымындағы есеп беру, сайлау mezet.kz

Өткен аптаның сәрсенбісінде Талдықорғандағы Тіл сарайында ZOOM  интернет порталы арқылы облыстық ардагерлер ұйымының есеп беру-сайлау конференциясы өтті. Бұл алқалы жиынға аумақтағы аудан, қала ардагерлер ұйымдарымен қатар біздің Еңбекшіқазақ ауданынан сайланған ардагерлер ұйымының өкілдері де онлайн форматта аудан әкімдігінің конференц залында қатысып отырды. Бейнеконференция жұмысына облыс басшысы Амандық Баталов қатысып, ардагерлер ұйымының жұмысына оң баға берді және облыстың әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерімен бөлісіп, ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында Алматы облысының орталығы Талдықорған қаласына көшірілгеніне 20 жыл толғанын атап өтті.

Конференцияда ұйымдастыру-сайлау мәселелері талқыланып, ардагерлер ұйымының кеңесі құрылды. Төр-ағасы болып Ермек Келемсейіт сайланды. Сонымен қатар Қазақстан Республикасының ардагерлер ұйымының VIII съезіне делегаттар сайланды.

ZOOM порталы арқылы облыстық ардагерлер ұйымының бейнеконференциясына қатысып отырған ауданымыздың ардагерлер ұйымы өкілдерімен аудан әкімі Әлібек Жақанбаев пікір алмасып, Есік, Шелек, басқа елді мекендердегі құрылыс, жөндеу жұмыстары жайлы, абаттандыру, тұрғындар тұрмысына қолайлы жағдай жасау тұрғысындағы жоспар-жобаларымен бөлісті. Алматы және Абай көшелерінің қиылысындағы Керей-Жәнібек хандардың стела-ескерткіші шағын  сквер жабдықталып, соның ортасына көшіру жұмысы атқарылуда. Есік қаласына 150 бейнекамера орнаты-лады. Бұның өзі тұрғындар қауіпсіздігіне және қала тазалығына айтарлықтай көмек берері анық. Шелек ауылында «Роща» аталған демалыс аумағы бар. Есік қаласының жоғарғы жағында дәл осындай жасыл желек жайқалып тұр. Көшелерімізді, демалыс аймақтарын, тәрбиелік-патриоттық маңызы бар нысандарды, спорттық мәдениеттік құрылымдарды ретке келтіру мәселелері де қозғалды әкімнің ардагерлермен пікір алмасу барысында.

Қ.ҚАСЫМҰЛЫ.

Оқылды 1195 рет

Соңғы жаңалықтар

Ақп 19, 2026

Рухани тазару айы

2026 жылдың ақпан айында күллі мұсылман адам үшін қасиетті Рамазан айы басталады. Бұл ай…
Ақп 10, 2026

Мұқағалиға арнау

Ақиықтар түлеген мұзбалағы, Хантәңірінің қарапайым қыр қазағы. Поэзияның асқар шыңын…
Ақп 10, 2026

Қазақ поэзиясының Хантәңірі

Сырым да – осы, Жырым да – осы, Алдыңда Байқашы бір, Бықсыдым ба, жандым ба? Махаңдар…
Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…

Күнтiзбе

« Наурыз 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет