Сейсенбі, 30 Қараша 2021 16:31

Балалар құқығы — күн тәртібінде

 

Қырбалтабай ауылдық округіндегі Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебінде мектеп ұжымының ұйымдастыруымен  барлық санитарлық талаптарды сақтай отырып, жоғары сынып оқушылары арасында «Оқушылардың құқықтары және міндеттері» тақырыбында ашық сабақ өтті.

Ашық сабаққа Қырбалтабай ауылдық округінің ішкі саясат маманы, жастар ісі жөніндегі  нұсқаушы және Еңбекшіқазақ аудандық полиция басқармасы  ювеналды полиция тобының инспекторлары қатысты.

Сабақта балалардың құқығы жөнінде бейнебаян көрсетілді. Полиция қызметкері әлеуметтік желіде тараған Пенжім ауылында орын алған жағдай туралы айта келіп, елімізде барлық ұлттар мен ұлыстардың құқықтары бірдей екенін айтты. Кімде-кім заң бұзса жазаланады. Сондықтан қандай да бір келеңсіздік орын алған жағдайда  балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі «111 Жедел қызметі» байланыс орталығына хабарлауды атап көрсетті. Ювеналды полиция инспекторы оқушылардың, ұстаздардың сұрақтарына жауап беріп, заңда көрсетілген баптар бойынша  оқушылардың және ата-ананың құқықтары мен міндеттерін түсіндірді.

Жиынды  қорытындылаған мектептің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары ашық  сабаққа қатысқан мемлекеттік орган қызметкелеріне рахмет айта келіп, оқушыларға сәттілік тіледі.

 

  Е.СУЙЕНИШЕВ,

Қырбалтабай ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы

Оқылды 639 рет

Соңғы жаңалықтар

Ақп 19, 2026

Рухани тазару айы

2026 жылдың ақпан айында күллі мұсылман адам үшін қасиетті Рамазан айы басталады. Бұл ай…
Ақп 10, 2026

Мұқағалиға арнау

Ақиықтар түлеген мұзбалағы, Хантәңірінің қарапайым қыр қазағы. Поэзияның асқар шыңын…
Ақп 10, 2026

Қазақ поэзиясының Хантәңірі

Сырым да – осы, Жырым да – осы, Алдыңда Байқашы бір, Бықсыдым ба, жандым ба? Махаңдар…
Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…

Күнтiзбе

« Наурыз 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет