Сәрсенбі, 01 Желтоқсан 2021 19:01

Жетісуда Тұңғыш Президент күніне орай қандай шаралар өтті?

Тұңғыш Президент күніне орай Алматы облысында бірқатар маңызды іс-шаралар өтті, мысалы, Іле ауданында қуаттылығы тәулігіне 30 тонна дайын ұнтақ болатын "Дәулет-Бекет" ЖШС құрғақ түйе сүтін өндіретін зауыт іске қосылды. Өнімдері отандық нарық пен қоса Ресей, Қытай, Түркия, Германия және Францияға шығарылмақ. Ауданда Мемлекет басшысының "халық үніне құлақ асатын мемлекет" тұжырымдамасын жүзеге асыру аясында 22-ші ауыл әкімдігі "Open space"форматында өз жұмысын бастады.
Ал, Жамбыл ауданының Үңгіртас ауылында ауылдық мәдениет үйінің салтанатты ашылуы өтті. Ғимараттың жалпы ауданы 698,5 шаршы метр. 200 орындық көрермен залы бар. Тағы бір қуаныш мерекеге орай Көксу ауданында 16 метрлік тутұғыр орнатылды. Тұңғыш Президент күніне орай Алакөл ауданында 150 балаға арналған балабақша ашылды. Бүгінгі күні айдынды өлкеде мектепке дейінгі біліммен қамтамасыз етілу деңгейі 99,6 пайызға жетті.
Алматы облыс әкімінің дәстүрлі "Көшбасшы-2021" жастар сыйлығын табыстау мереке қарсаңындағы айтулы жаңалықтың бірі болды. Түрлі салада көш бастап жетістікке жеткен, тыңнан түрен салған Жетісулық жыл үздіктері 20 номинация бойынша марапатталып, ақшалай сыйлыққа ие болды.
Сондай-ақ "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында Талдықорғанда Қазақ және орыс тілдеріне аударылған Ағылшын авторларының британдық Томас пен Люси Аткинсонның Қазақстанға саяхаты және Ұлы Дала тарихын түрлі кезеңдерде зерттегендердің зерттеулері мен шытырман оқиғалары туралы екі кітаптың тұсауы кесілді. Іс-шараға онлайн-байланыс режимінде ҚР Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті елшісі Ерлан Ыдырысов қатысып, Қазақстан мен оның халқының тарихына қатысты екі кітаптың аудармасын басып шығарғанын атап өтті.
Сондай-ақ, Ескелді ауданында мерекеге орай Алматы облысында қатарынан 24 рет Ұлттық спорт түрлерінен "Сонар – 2021" республикалық турнирі өтті. Биылғы жылы жарысқа республикадан 11 команда қатысты. 80-нен астам бүркітші өз шеберліктерін көрсетті, олардың арасында халықаралық және республикалық жарыстардың бірнеше дүркін жеңімпаздары бар.
Өңірде мерекеге орай 30 спорттық-бұқаралық іс-шара ұйымдастырылды. Жетісудағы жағымды жаңалықтар мұнымен шектелмейді. Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай өңірде бірқатар ірі инфрақұрылымдық, индустриялық және әлеуметтік-мәдени нысандар ашу жоспарлануда.

Оқылды 949 рет

Соңғы жаңалықтар

Ақп 19, 2026

Рухани тазару айы

2026 жылдың ақпан айында күллі мұсылман адам үшін қасиетті Рамазан айы басталады. Бұл ай…
Ақп 10, 2026

Мұқағалиға арнау

Ақиықтар түлеген мұзбалағы, Хантәңірінің қарапайым қыр қазағы. Поэзияның асқар шыңын…
Ақп 10, 2026

Қазақ поэзиясының Хантәңірі

Сырым да – осы, Жырым да – осы, Алдыңда Байқашы бір, Бықсыдым ба, жандым ба? Махаңдар…
Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…

Күнтiзбе

« Наурыз 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет