Бейсенбі, 09 Желтоқсан 2021 14:28

Жемқорлық күдігімен ұсталғандар

Биыл елімізде 1,5 мыңнан астам жемқорлық қылмысы тіркеліп, 1280 адам әшкереленген. Бұл туралы ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Марат Ахметжанов айтты.

«Биыл 11 айдың қорытындысы бойынша елімізде 1576 сыбайлас жемқорлық қылмысы тіркелді. Ең көбі 3 мегополисте тіркеліп отыр, олар - Алматы, Нұр-Сұлтан және Шымкент қаласы. Сондай-ақ Түркістан, ШҚО және Жамбыл облыстары да бар. Ал жемқорлық жиі жасалатын салаларға келсек, ол алдымен ауыл шаруашылығы, білім, тұрмыстық-коммуналдық шаруашылық, әлеуметтік қамтамасыз ету және денсаулық сақтау. Сыбайлас жемқорлық жасады деген күдікпен 1280 адам әшкереленді, оның 159-ы-әртүрлі деңгейдегі басшылар», - деді Марат Ахметжанов.

Агенттік төрағасының мәліметінше, биыл бір вице-министр, 13 әкім және оның орынбасарлары, 4 судья мен 28 облыстық басқарма басшысы жемқорлықпен ұсталды.

«Мемлекет бюджетіне келтірілген 20 млрд теңгеден астам залал өтелді. Бірақ бұл құрғақ сандар шынайы жағдайды көрсетпейді. Биыл жемқорлық ісі өткен жылға қарағанда 34 пайызға азайып отыр. Оның өзіндік себептері бар. Біз бүгінде сыбайлас жемқорлықпен күресте үшбуынды жұмыс жүйесіне көштік. Қазір сыбайлас жемқорлық ісі бойынша күдіктіге қатысты барлық процесуалды шешімдер прокурордың келісімінсіз заңды күшіне енбейді. Тергеудің алғашқы кезеңінен бастап, іс жабылғанша бірнеше сүзгіден өтеді», - дейді ол.

 

mezet

Оқылды 1056 рет

Соңғы жаңалықтар

Ақп 19, 2026

Рухани тазару айы

2026 жылдың ақпан айында күллі мұсылман адам үшін қасиетті Рамазан айы басталады. Бұл ай…
Ақп 10, 2026

Мұқағалиға арнау

Ақиықтар түлеген мұзбалағы, Хантәңірінің қарапайым қыр қазағы. Поэзияның асқар шыңын…
Ақп 10, 2026

Қазақ поэзиясының Хантәңірі

Сырым да – осы, Жырым да – осы, Алдыңда Байқашы бір, Бықсыдым ба, жандым ба? Махаңдар…
Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…

Күнтiзбе

« Наурыз 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет