Бейсенбі, 27 Қаңтар 2022 11:40

Мәселе шешімін табуы керек

Мәселе шешімін табуы керек mezet

«Nur Otan» партиясы Еңбекшіқазақ аудандық филиалы жанындағы партиялық бақылау комиссиясының биылғы бірінші отырысы өтті.

Комиссияның төрағасы Асыл Байтулақов 2022 жылға арналған жұмыс жоспарын таныстырды. Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша Ават және Бәйтерек БПҰ-дың төрағалары сөз алып, баяндама жасады. Партияның құрамы, ішкі тәртіп, сондай-ақ былтыр тұрғындарға партия тарапынан көрсетілген көмекке тоқталып, «BizBirgemiz» акциясы және «Nur Otan» партиясының жобалары аясында жасалған жұмыстар сараланды. Бұдан бөлек округ аумағындағы өзекті мәселелер сөз болып, талқыға түсті. Мысалы, Бәйтерек ауылдық округінің саяжай тұрғындарынан түсетін шағымның бірі – оқушыларды мектепке тасымалдау мәселесі. Бүгінде аталған округ саяжайларында 6830 тұрғын болса, оның 910-ы – мектеп жасындағы бала. Ол оқушыларды мектепке күнделікті 8 автобус тасымалдайды екен. Ондағы барлық орын саны – 277. Тасымалдайтын мекеме – «Казтек Агротранс» ЖШС. Осы орайда комиссия мүшелері автобустардың толық құрамда жұмыс істеуін бақылауға алып, тендер ойнатқан және оны ұтқан тараптардың жауапсыздығы мен жұмысқа деген немқұрайлығынан балалар зардап шекпеуі керектігін ескертті. Ават ауылдық округінің әкімі Т.Мадьяров өңірде ауызсу жүйесі жүргізілгеннен кейін 33 көшенің 20-25%-ына күрделі жөндеу жұмысы қажеттігін, оған тиісті қаржы бөлінсе деген ойын да айтты.

Комиссияның төрағасы Асыл Байтулақов баяндамашыларға жан-жағы жұмыр әдемі есеп үшін өңірдегі өзекті мәселелерді жылы жауып қоймай, осындай отырыстарда талқыға салып, шешімін бірге табуға тырысу керектігін айтты.

Құралай МҰРАТҚЫЗЫ.

Оқылды 904 рет

Соңғы жаңалықтар

Ақп 19, 2026

Рухани тазару айы

2026 жылдың ақпан айында күллі мұсылман адам үшін қасиетті Рамазан айы басталады. Бұл ай…
Ақп 10, 2026

Мұқағалиға арнау

Ақиықтар түлеген мұзбалағы, Хантәңірінің қарапайым қыр қазағы. Поэзияның асқар шыңын…
Ақп 10, 2026

Қазақ поэзиясының Хантәңірі

Сырым да – осы, Жырым да – осы, Алдыңда Байқашы бір, Бықсыдым ба, жандым ба? Махаңдар…
Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…

Күнтiзбе

« Наурыз 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет