Жұма, 28 Қаңтар 2022 16:05

Алматы облысының ТЖД қыс мезгілінде орын алуы мүмкін қауіптер туралы ескертеді

Қыс мезгілі қауіп-қатерге толы кезең. Көк тайғақ, жұқа мұз, жылыту құралдарынан шығатын улы газ, бұның бәрі адамды бір сәтте ажал құштыруға әкеп соғары анық. Сол үшін де Алматы облысы ТЖД қызметкерлері тұрғындарға ескерту жасауда.
Жыл сайын ауа райының қолайсыздығына байланысты қыс мезгілінде 100-ден астам көлік қар құрсауында қалады. Мәселен, 2020-2021 жылдары авариялық-құтқару жұмыстарында 18 адам құтқарылған. Сондай-ақ, облыстың әр түрлі өңірлерінде республикалық және облыстық маңызы бар авто жолдарда көлік қозғалысына 16 рет шектеу енгізілді.
«Қыста алыс жолға шығар алдында ауа райы болжамымен танысып, оның өзгеруін және SMS-хабарламаларды бақылау қажет. Әрбір автомобильде, шұғыл жағдайда өмірді құтқаратын заттар – дәнекерлеу шамдары, арқандар, доңғалақтарға арналған тізбектер, күректер, парафинді шамдар, сондай-ақ жылы киім, қажетті заттар, тамақпен су қоры болуы керек»,-дейді Төтенше жағдайларды жою басқармасының бастығы, Азаматтық қорғау майоры Ринат Карандашев.
Қыстағы қатер мұнымен азаймақ емес. Жылтыр мұздың өзінен де жарақат алу әпсәтте. Мәселен, жыл басында Қапшағай су қоймасының «Голубой залив» ауданында балық аулау кезінде мұз жарылып, балықшылар апатқа ұшыраған. Құтқару жұмыстарын жүргізу барысында 2 балықшы құтқарылса, 1980 жылы туған балықшылардың бірін іздеу жұмыстары жүргізілгенімен өз нәтижесін бермеген. Сондықтан, облыстық ТЖД қызметкерлері мұздың қалыңдығы берік емес екендігін айтып бағуда.
«Алматы облысының ТЖД мұз асты балық аулау әуесқойларынан қауіпсіздік талаптарын сақтауды, сондай-ақ ата-аналарды балаларды ересектердің қарауынсыз қалдырмауды сұрайды. Бүгінгі күні облыс аумағындағы мұздың қалыңдығы адам салмағы үшін жеткілікті берік емес, осыған байланысты азаматтарды қатпаған мұзға шықпауды сұраймыз», - деді өз сөзінде Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаменті Азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы подполковник Қуат Белдыбаев.
Бүгінгі күні азаматтық қорғау органдары жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп барлық халықтың әлеуметтік осал топтарының 13953 үйлерін аралап, профилактикалық жұмыстар жүргізілді, жұмыс барысында 1 576 бұзушылық анықталды.

 

JETISÝ MEDIA

Оқылды 793 рет

Соңғы жаңалықтар

Ақп 19, 2026

Рухани тазару айы

2026 жылдың ақпан айында күллі мұсылман адам үшін қасиетті Рамазан айы басталады. Бұл ай…
Ақп 10, 2026

Мұқағалиға арнау

Ақиықтар түлеген мұзбалағы, Хантәңірінің қарапайым қыр қазағы. Поэзияның асқар шыңын…
Ақп 10, 2026

Қазақ поэзиясының Хантәңірі

Сырым да – осы, Жырым да – осы, Алдыңда Байқашы бір, Бықсыдым ба, жандым ба? Махаңдар…
Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…

Күнтiзбе

« Наурыз 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет