Сәрсенбі, 02 Ақпан 2022 15:47

Тұрғындарды толғантқан мәселелер талқыланды

Тұрғындарды  толғантқан  мәселелер  талқыланды mezet.kz

Ел тәуелсіздік алғалы бері елді мекендердің  көркі кіріп, тұрмыс-тіршіліктері де жақсарып келеді. Әбден ескірген нысандар – білім беру, медициналық мекемелер, мәдениет үйлері қалпына келтіріліп,  ауыз су, ауыл шаруашылық  саласындағы  түйткілді мәселеле де  оң шешімін табуда.  Шелек ауылында өткен қоғамдық қабылдауда да кезегін күткен өзекті мәселелер сөз болды.

Ақпан айының алғашқы күні Алматы облыстық мәслихатының хатшысы Жанболат Жөргенбаев Шелек ауылдық округі әкімдігінің ғимаратында осы өңірдің тұрғындарын қабылдады. Масақ ауылынан келген Рыскелді Жақабаев ақсақал мектептің әбден ескіргенін, дайындық сыныпты қосқанда барлығы 582 оқушы үш ауысымда оқып жүргенін, сондай-ақ Нұрлы ауылындағы медпункт мектеп ғимаратында орналасқанын айтып, осы тығырықтан шығару мәселесін көтерді.

Ал, қаражоталық Амангелді Жиенәлиев ауылдағы мектеп ғимаратының ескіргенін және өзге де өзекті мәселелерді өз сөзіне арқау етті. Байсейіттік Рахметжан Сайтов ауыз су мәселесі әлі толық шешімін таппай жүргенін айтты. Қызылшарық ауылының тұрғыны Балқия Ақсамбиева мектеп, балабақша жөндеу жұмыстарын жүргізуді қажет ететінін, әсіресе дәрігерлік амбулаторияның жағдайы мәз емес екенін тілге тиек етті. Сондай-ақ, Малыбайдан келген Абдікерім Тәжібаев осы округке қарасты Көктерек шағын елді мекенінде 250-ден астам адам тұратынын, шетелден қандастар көшіп келіп жатқанын, Көктерекке ауыл мәртебесін берсе деген өтінішін жеткізді.

Шелек ауылының тұрғыны, зейнеткер Абдуғани Абубакриев электр жүйелерінің көптеген бағаналары мен желілері әбден ескіргенін, апатты жағдайда екенін, жел соқса жарық жиі өшіп қалатынын айтып шағымданды. Ал Талғат Құрманиязов 40 мыңдай тұрғыны бар үлкен ауылда кәріз жүйесінің мәселесі шешілмей жүргенін айтып, ауызсумен қамтудағы біраз қиындықтар туындап тұрғанын жеткізді. Емхана жетекшісі Гүлжан Макеева Май ауылындағы дәрігерлік пунктің нашар жағ-дайын айтты. Ауыл ақсақалы Елеусіз Сұлтанғазиев ҮАК-нан бөлінетін су жетіспеушілігінің машақатын, Бартоғай су қоймасында биыл жиналған қор мәз еместігін, арық жүйелерінің ескіруі салдарынан егістікке бағытталған тіршілік нәрінің жартысы шығын болатынынан хабардар етті. Сонымен қатар, Абай мектебінің күрделі жөндеу мәселесі де көтерілді.

Қоғамдық қабылдауда Жанболат Әкебайұлы айтылған барлық мәселелерді шешуге күш салатынын, осы кезден айтылған мәселелерді шешу жолында біршама жұмыстар қолға алынғанын айтып, барлық сұрақтарға жауап берді. Бұл қабылдауға Еңбекшіқазақ аудандық мәслихатының хатшысы Бекет Ахметов, Алматы облысы мәслихатының депутаттары Гүлнәр Құраметова мен Болатжан Нұрбеков қатысты. 

Анарбек БЕРДІБАЕВ.

Оқылды 939 рет

Соңғы жаңалықтар

Қаң 27, 2026

Көңілді қыс

Қыстың ортасында тау бөктері ерекше бір тылсым күйге енеді. Ақ ұлпа қарға оранған асқар…
Қаң 26, 2026

Отбасындағы жылылық пен сыйластық –…

Ұлттық құрылтайдың V отырысы қоғамдағы отбасылық құндылықтарды, некенің беріктігін және…
Қаң 26, 2026

Отбасы құндылықтары мен рухани…

Ұлттық құрылтайда көтерілген мәселелер отбасы институтын қолдауға, некенің тұрақтылығын…
Қаң 26, 2026

V отырыс: некенің беріктігі мен…

V отырыс отбасылық құндылықтарды сақтау, некенің беріктігін қамтамасыз ету және қоғамда…
Қаң 26, 2026

Отбасы құндылықтарын дәріптеген…

Ұлттық құрылтайдың V отырысы отбасы мен некенің маңыздылығын, рухани құндылықтарды және…
Қаң 26, 2026

Ұлттық құрылтайдың V отырысы:…

Ұлттық құрылтайдың V отырысы қоғамда отбасылық құндылықтарды, некенің берік негізін және…
Қаң 26, 2026

Ұлттық құрылтай: жастардың саналы…

Ұлттық құрылтайдың V отырысы отбасы мен некенің беріктігін, рухани құндылықтарды және…
Қаң 26, 2026

Ұлттық құрылтайдың V отырысы: отбасы…

Ұлттық құрылтайдың V отырысы қоғамдағы позитивті құндылықтарды нығайтуға, рухани тазалық…
Қаң 26, 2026

Меритократия – әділ кадрлық…

Мемлекет басшысы бекіткен Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметін дамытудың…

Күнтiзбе

« Қаңтар 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет