Сәрсенбі, 16 Ақпан 2022 15:43

Алматы облысының әкімі Қанат Бозымбаев «Технониколь» трансұлттық корпорациясының өкілдерімен кездесті

Кездесуде инвесторлар инженерлік инфрақұрылым мәселесін шешуге қолдау көрсетуді сұрады. Өткен жылы жасалған ынтымақтастық туралы меморандумда кәсіпорындар аумағын электр, су, газ, кәріз желілерімен, кіру жолымен қамту, темір жолды іске қосу жұмыстары қарастырылған.
Айта кетелік, «Технониколь» трансұлттық компаниясы Алматы облысы Талғар ауданының аумағында жылу оқшаулау материалдарын шығаратын екі зауытының құрылысын биылғы жылдың сәуір айында бастауға ниетті.
Кездесу барысында зауыттар орналасатын «Қайрат» индустриалды аймағына темір жол, су, кәріз, электр жүйелері тартылғаны, тек іске қосып тексеру жұмыстары қалғаны белгілі болды. Көктемде топырақ және қиыршық-тас төгу арқылы жол төселеді. Сол сияқты газ құбырын тарту мәселесі шешіледі. Жобаға сәйкес дуальді оқытуға мүмкіндік беретін оқыту орталығын ашуға қажетті колледж Талғар ауданының аумағынан ұсынылатын болады. Қанат Бозымбаев тиісті сала басшыларына жобаны іске асыруға қажетті жұмыстарды жылдамдатып, инфрақұрылымдармен қамту ісін ширатуды тапсырды.
- «Технониколь» - танымал компания және облыс үшін маңызды инвестор. Екі зауыттың ашылуы нәтижесінде өңірде жаңа технологиялы құрылыс материалдарының өндірісі іске қосылып, жаңа жұмыс орындары ашылады. Бұл өз кезегінде облыс экономикасының өсіміне оң ықпалын тигізеді деп ойлаймын, - деді Қ.Бозымбаев.
Жалпы «Техниниколь» компаниясы нарықта 30 жылға жуық уақыттан бері жұмыс істеп келеді. Корпорация құрамындағы 58 зауытта 3 мыңдай өнім түрі шығарылып, тауарлары 95 елге экспортталады. Алматы облысы Талғар ауданында орналасатын екі зауытқа жалпы құны 44 млрд. теңге инвестиция тартылады деп күтілуде. Кәсіпорындар жылу оқшаулау материалдарын өндіреді. 200-ден астам жұмыс орнын ашатын қос зауыттың жалпы қуаты жылына 1,9 млн. м3 болмақ. Іске асыру мерзімі – 2023 жылдың тамыз айы.

«JETISÝ MEDIA».

Оқылды 747 рет

Соңғы жаңалықтар

Қаң 27, 2026

Көңілді қыс

Қыстың ортасында тау бөктері ерекше бір тылсым күйге енеді. Ақ ұлпа қарға оранған асқар…
Қаң 26, 2026

Отбасындағы жылылық пен сыйластық –…

Ұлттық құрылтайдың V отырысы қоғамдағы отбасылық құндылықтарды, некенің беріктігін және…
Қаң 26, 2026

Отбасы құндылықтары мен рухани…

Ұлттық құрылтайда көтерілген мәселелер отбасы институтын қолдауға, некенің тұрақтылығын…
Қаң 26, 2026

V отырыс: некенің беріктігі мен…

V отырыс отбасылық құндылықтарды сақтау, некенің беріктігін қамтамасыз ету және қоғамда…
Қаң 26, 2026

Отбасы құндылықтарын дәріптеген…

Ұлттық құрылтайдың V отырысы отбасы мен некенің маңыздылығын, рухани құндылықтарды және…
Қаң 26, 2026

Ұлттық құрылтайдың V отырысы:…

Ұлттық құрылтайдың V отырысы қоғамда отбасылық құндылықтарды, некенің берік негізін және…
Қаң 26, 2026

Ұлттық құрылтай: жастардың саналы…

Ұлттық құрылтайдың V отырысы отбасы мен некенің беріктігін, рухани құндылықтарды және…
Қаң 26, 2026

Ұлттық құрылтайдың V отырысы: отбасы…

Ұлттық құрылтайдың V отырысы қоғамдағы позитивті құндылықтарды нығайтуға, рухани тазалық…
Қаң 26, 2026

Меритократия – әділ кадрлық…

Мемлекет басшысы бекіткен Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметін дамытудың…

Күнтiзбе

« Қаңтар 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет