Бейсенбі, 17 Ақпан 2022 14:08

Алматы облысындағы білім сапасы - 65,6 %

Бүгін Алматы облысы білім басқармасының алқа мәжілісі өтті. Жиынға облыс әкімінің орынбасары Батыржан Байжұманов арнайы қатысты. Маңызды жиналыста өңірдегі білім беру ұйымдарындағы білім сапасы мен оқу-тәрбие үрдісі, балалардың құқықтары мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету, аудандық, қалалық білім бөлімдері мен облыстық білім беру мекемелерінің рейтінгісі туралы мәселелер талқыланды.

Алқалы жиында сөз алған Батыржан Құлаймергенұлы қазіргі таңда мұғалімдердің алдына қойылған маңызды міндет-оқушыларды сапалы білім мен тәрбиемен қамтамасыз ету екендігін айтты.

Өткен оқу жылында білім сапасы - 65,6% құрады деп айтқан облыс әкімінің орынбасары, биылғы оқу жылында бұл көрсеткішті арттыру қажеттігін, аталған мәселе бойынша барлық жағдай жасалғандығын алға тартты.

Жиында білім басқармасының басшылығына бірқатар тапсырмалар берді. Ең әуелі Батыржан Байжұманов балабақшалар қызметінің сапасын арттырып, мектепке дейінгі мекемелердегі балалар кезегін мемлекеттік-жекеменшік әріптестік арқылы қысқартуды, сондай-ақ, тәрбиешілердің біліктілігін арттыруды тапсырды.
Биылдыққа алға қойылған міндеттердің бірі ретінде педагогтарды тарту, директорлардың кадрлық резервін қалыптастыру бойынша нақты шаралар қабылдауды тапсырды. Оның айтуынша, бүгінде пән мұғалімдерінің қажеттілігі 891-ді құрайды екен.
Айта кетейік, педагогтардың ең көп тапшылығы Іле, Талғар, Қарасай, Алакөл, Ақсу, Еңбекшіқазақ, Райымбек, Жамбыл, Кербұлақ, Көксу, Қаратал, Сарқан аудандарымен Талдықорған, Қапшағай және Текелі қалаларында байқалады.

«Білім басқармасы, қалалар мен аудандардың әкімдері оқушылар санының өсуін және халықтың өсуін ескере отырып, мектеп құрылысын уақытылы жоспарлауға мониторинг жүргізуі, сондай-ақ жеке мектептер құрылысына инвесторлар тарту жөніндегі жұмысты жандандыруы қажет», - деп атап өтті Батыржан Құлаймергенұлы.

2022 жылы өңірдегі 38 білім беру нысанының құрылысы жоспарланған. Бұл мақсатқа қазынадан - 21,599 млрд.теңге бөлінді. Сонымен қатар, облыстағы 136 мектепті қайта жаңарту көзделіп отыр.
Батыржан Байжұманов білім беру мекемелеріне күрделі және ағымдағы жөндеу жүргізіп, кітапханалар мен білім ұяларының материалдық-техникалық базасын жаңарту, нығайту, жаңа модификациядағы пәндік кабинеттерді сатып алуға бөлінген қаражатты жүйелі пайдалану керек екендігін басып айтты.

Қазіргі кезде облыс колледждерінде техникалық, өңдеу және құрылыс мамандықтары бойынша 9260 студент (27,5%), ақпараттық-коммуникациялық технологиялар бойынша - 2755 бала (8,2%) білім алуда. Осыны ескерген Батыржан Байжұманов Алматы облысында Президенттің тапсырмасына сәйкес, кәсіби инженерлік және техникалық кадрларды даярлауға басым назар аударылатынын тілге тиек етті.

Алқалы отырыста сөз алған облыстық білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Жаңыл Сүлейменова ауыл мектептерінің білім сапасы жоғарғы көрсеткішті көрсетіп отырғандығын жеткізді.

2021-2022 оқу жылының ІІ тоқсан қорытындысы қала мектептерінде - 62%, ауыл мектептеріндегі білім сапасы – 63,4% жеткенін көрсетіп отыр.

«Егер, өткен оқу жылының қорытындысы бойынша қала оқушыларының білім сапасы жоғары болса, осы оқу жылының бірінші жартыжылдығында ауыл оқушыларының білім сапасы өсті»,-деді Жаңыл Магданқызы.

Өңірдің бас ұстазы сөз соңында, қорытынды аттестаттауды өткізу талаптарын нақты орындауды, «Алтын белгі» белгісінің үміткерлерінің құжаттары мен жұмысына жауапкершілікпен қарауды тапсырды.

«JETISÝ MEDIA».

Оқылды 668 рет

Соңғы жаңалықтар

Қаз 23, 2025

Выставка, посвященная Жетысу

В историко-краеведческом музее имени М.Тынышпаева в г.Есике к Дню Республики организована…
Қаз 23, 2025

Мемлекеттік тіл – ортақ құндылық

Қандастар – бұл тарихи себептермен әр кезеңде Қазақстаннан тыс жерлерге қоныс аударып,…
Қаз 23, 2025

От возрождения – к дальнейшему…

Три десятилетия тому назад, 25 октября 1990 года постановлением Верховного Совета КазССР…
Қаз 23, 2025

Кітап оқу – өркениет кепілі

Қоғамның нағыз рухани құндылықтан ажырап, алақандай смартфонға бар уақытын сарп етіп…
Қаз 23, 2025

Құрметті мамандық

Рухани-мәдени байлығымызды ұрпақтан-ұрпаққа жеткізуші кітапхана болса, сол байлықты өз…
Қаз 23, 2025

Әлеуметтік сала – ізгіліктің алтын…

Қоғамның дамуы мен тұрақтылығы тек экономикалық көрсеткіштермен ғана емес, адамдардың…
Қаз 23, 2025

Ұлттық өркендеу жолы

XXI ғасыр – цифрлық революция заманы. Бүгінде әлемдегі барлық салалар цифрлық…
Қаз 23, 2025

Әйнекті жууға арналған сұйықтықты…

Таза әйнек — үйдің, автокөліктің де ажары. Дегенмен, әйнекті жууға арналған сұйықтықты…
Қаз 23, 2025

Диспенсерге арналған пластик…

Қазіргі таңда кеңселер мен ұйымдарда, сондай-ақ тұрмыстық жағдайда диспенсерге арналған…

Күнтiзбе

« Қазан 2025 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет