Бейсенбі, 17 Ақпан 2022 09:56

Өзекті мәселе оң шешімін табуы тиіс

Осы аптада «Nur Otan» партиясы  аудандық филиалы жанындағы денсаулық сақтау және білім секторы бойынша аудандық қоғамдық кеңесінің отырысы өтті.

Жиын барысында комиссия төрағасы Айжан Талқанбава 2022 жылға арналған жұмыс жоспарын таныстырды. Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша Еңбекшіқазақ ауданаралық көпсалалы аурухананың сатып алуға жауапты маманы Әжібай Әлмен сөз алып, баяндама жасады. Бүгінде ауданымызда 100%-ға дейін алғашқы медициналық-санитарлық көмек мекемелерді медициналық жабдықтармен қамтамасыз етуге күш салынуда. Ол үшін цифрлық маммографтар, бейне эндоскопиялық кешендер, жиынтықтағы микроскоппен және оптикасы бар бейнеэндоскоп-пен емдеу-диагностикалық ЛОР комбайн және басқа да медициналық құралдар сатып алынған. Сондай-ақ 2022 жылы да жаңа аппараттарға тапсырыс берілмек. Ал келесі кезекте сөз алған аудандық білім бөлімі басшысының орынбасары Әсел Молдасбаева аталған саладағы өзекті мәселелерге тоқталды.Қазір ауданымызда үш ауысымда білім беретін мектептердің санын азайту үшін 4 жаңа мектеп салу жоспарланған. Оның ішінде Ташкенсаз ауылындағы Абдуллин атындағы орта мектепке (2021-2022 жж.) 300 орындық жапсаржай, Қазақстан ауылындағы Қайыпов атындағы орта мектепке 300 орындық жапсаржай салынып, Есік қаласында 1500 орындық жаңа мектептің құрылыстары жүргізілуде. Ал Рахат ауылдық округінде 1200 орындық мектеп құрылысы 2025 жылы аяқталады деп жоспарлануда. Сонымен қоса, Алмалы, Ақтоған, Екпінді, Қазатком, Қайрат, Төле би, Азат ауылдарында  бейімделген 2010 орындық 7 жаңа мектеп салу қолға алынбақ. Ал 2022 жылғы жоспарға сай Төле би ауылында 450 балаға арналған жаңа мектептің іргетасы қаланса, Шелек аулындағы Абай атындағы орта мектеп пен Ащысай ауылындағы Ш.Уәлиханов атындағы орта мектеп күрделі жөндеуден өтпек.

Комиссияның төрағасы Айжан Талқанбаева баяндамашыларға тек қана есеп үшін денсаулық сақтау және білім саласындағы  өзекті мәселелерді жылы жауып қоймай, осындай отырыстарда талқыға салып, шешімін бірге табуға тырысу керектігін, аталған саладағы салынып жатқан нысандардың сапасына баса назар аудару керектігін ескертті. Жиналысты қортындылған «Nur Otan» партиясы аудандық филиал төрағасының бірінші орынбасары Қуат Байғоджаев Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың  жаңа міндеттемелері шынайы іс істеуді, халыққа адал қызмет етуді талап ететіндігін, сондықтан өнімді жұмыс атқару қажеттігін  жеткізді.  

Е.АСЫЛ.

Оқылды 2831 рет

Соңғы жаңалықтар

Ақп 19, 2026

Рухани тазару айы

2026 жылдың ақпан айында күллі мұсылман адам үшін қасиетті Рамазан айы басталады. Бұл ай…
Ақп 10, 2026

Мұқағалиға арнау

Ақиықтар түлеген мұзбалағы, Хантәңірінің қарапайым қыр қазағы. Поэзияның асқар шыңын…
Ақп 10, 2026

Қазақ поэзиясының Хантәңірі

Сырым да – осы, Жырым да – осы, Алдыңда Байқашы бір, Бықсыдым ба, жандым ба? Махаңдар…
Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…

Күнтiзбе

« Наурыз 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет