Дүйсенбі, 28 Ақпан 2022 09:13

Ардагерлерге құрмет

Ауған соғысы – Кеңес одағы тұсындағы тарихтың ең қайғылы  беттерінің бірі. «Интернационалдық борышын өтеу керек» деген жалған ұранның жетегінде енді ғана 18 жасқа толған бозбалалар  Ауған жерінің топырағында от пен оққа басын байлады. Бүгінде аудан бойынша 192 ардагер бар.

Кеңес әскерінің Ауғанстан жерінен  шығарылғанына 33 жыл толуына орай аудандық кітапхана мен Абылайхан атындағы орта мектеп ұжымының ұйымдастыруымен «Ауғанда азап шеккен арыстар» атты еске алу кеші өтті. Іс-шараға «Ауған соғысы ардагерлері мен мүгедектері» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Алмас Тасанов, Абылайхан орта мектебінің алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі Арман Ахметбаев пен мектеп кітапханашысы Ажар Қартбаева, аудандық кітапхананың кітапханашылары Күлия Саурықова, Гүлдана Сәрсембаева, Гүлнара Дүйсембинова және  мектеп оқушылары белсене қатысты. Шарада сөз алған Алмас Сәкенұлы мектеп оқушыларына Ауған соғысы кезіңдегі басынан өткен оқиғаларымен бөлісіп, оқушыларға ақыл-кеңестерін берді. Ал Арман Ахметбаев мектепте оқытылып жатқан алғашқы әскери дайындық сабағында оқушылардың партиоттық сезімдерін ояту арқылы елін қорғайтын азаматтар тәрбилеу басты назарда екенін  айтып өтті. Ары қарай кеш мерекелік концертпен  жалғасты. Сонымен қатар окушыларға арналған кітап көрмесі таныстырылды. Кеш барысында Алмас Серікұлы, Заңғар Жұмақан, Іңкәр Доқтурбай, Маржан Балаханова, Лимара Дүйсенбай, Альфия Шаяхметова, Арман Калимжан, Даяна Мусахан, Алихан Дүйсебек сынды оқушыларды мақтау қағаздарымен марапаттады. Кеш соныңда арнайы  келген қонақтарға сыйлықтар табысталды.

   А.Сұлтанова.

Оқылды 1100 рет

Соңғы жаңалықтар

Қаң 27, 2026

Көңілді қыс

Қыстың ортасында тау бөктері ерекше бір тылсым күйге енеді. Ақ ұлпа қарға оранған асқар…
Қаң 26, 2026

Отбасындағы жылылық пен сыйластық –…

Ұлттық құрылтайдың V отырысы қоғамдағы отбасылық құндылықтарды, некенің беріктігін және…
Қаң 26, 2026

Отбасы құндылықтары мен рухани…

Ұлттық құрылтайда көтерілген мәселелер отбасы институтын қолдауға, некенің тұрақтылығын…
Қаң 26, 2026

V отырыс: некенің беріктігі мен…

V отырыс отбасылық құндылықтарды сақтау, некенің беріктігін қамтамасыз ету және қоғамда…
Қаң 26, 2026

Отбасы құндылықтарын дәріптеген…

Ұлттық құрылтайдың V отырысы отбасы мен некенің маңыздылығын, рухани құндылықтарды және…
Қаң 26, 2026

Ұлттық құрылтайдың V отырысы:…

Ұлттық құрылтайдың V отырысы қоғамда отбасылық құндылықтарды, некенің берік негізін және…
Қаң 26, 2026

Ұлттық құрылтай: жастардың саналы…

Ұлттық құрылтайдың V отырысы отбасы мен некенің беріктігін, рухани құндылықтарды және…
Қаң 26, 2026

Ұлттық құрылтайдың V отырысы: отбасы…

Ұлттық құрылтайдың V отырысы қоғамдағы позитивті құндылықтарды нығайтуға, рухани тазалық…
Қаң 26, 2026

Меритократия – әділ кадрлық…

Мемлекет басшысы бекіткен Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметін дамытудың…

Күнтiзбе

« Қаңтар 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет