Дүйсенбі, 28 Ақпан 2022 09:18

Ұрпақ тәрбиесі – ұлт болашағы

Жас ұрпақ тәрбиесі – адамзаттың мәңгілік тақырыбы. Ұрпақ тәрбиесі қоғамнан тыс,  оқшау тұрған құбылыс емес. Ол қоғамның, заманның бағыт-бағдарымен, тыныс-тіршілігімен бірге жүріп отырады.

Жақында Рахат №1 орта мектебінде «Тіл жанашырлары» апталығы аясында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Алмагүл Нұғманның «Руханият»  ағартушылық-тәрбиелік жобасының таныстырылымы өтті. Жас ұрпақты рухани уызға  қандырып, ұлттық құндылықтарға құштар ететін жобаның таныстырылымына  аудандық «Еңбекшіқазақ» газетінің бас редакторы Хайролла Ахметжанов, мектеп директоры Бибігүл Букаева мен ұстаздар қауымы қатысты. Ең әуелі аталған жобаның жай-жапсарын таныстырған Алмагүл Әлиханқызы бұл игі іс ана тілімен сусындаған, ататегі тамырынан нәр алып, санасына салт-дәстүр сіңген, ұлтжанды интеллект ұрпақ тәрбиелеуге  ықпал ету үшін қолға алғандығын атап өтті.

– Педагог ретіндегі арманым – текті, ар-намысты, ұлтына адал, заманауи интеллект ұрпақ тәрбиелеу. Сол үшін мен ұрпақ тәрбиесінде қазақ тілі, ататек, салт-дәстүр, мәдениет және шешендік өнер сынды төрт бағытты терең қамтуды ұсынамын, – дейді жоба  жетекшісі. Шараға  қатысқан  ардагер журналист Хайролла Қасымұлы ұрпақ тәрбиесі мәңгілік маңызын жоймайтындығын, оны ұлттық құндылықтармен ұштастырып, жаңа заманның рухани сұранысымен толықтырып отыру қажеттігін айтты. Ал «Руханият» ағартушылық-тәрбиелік жобасының таныстырылымына келген мектеп мұғалімдері бірауыздан игі іске қолдау білдіретін-дерін жеткізді. Келешекке кемел адам  ретінде қадам басуды мақсат еткен жоба бүгінде Рахат №1 орта мектебінде іске асырыла бастады.

 

Е.АСЫЛ.

Оқылды 1366 рет

Соңғы жаңалықтар

Ақп 19, 2026

Рухани тазару айы

2026 жылдың ақпан айында күллі мұсылман адам үшін қасиетті Рамазан айы басталады. Бұл ай…
Ақп 10, 2026

Мұқағалиға арнау

Ақиықтар түлеген мұзбалағы, Хантәңірінің қарапайым қыр қазағы. Поэзияның асқар шыңын…
Ақп 10, 2026

Қазақ поэзиясының Хантәңірі

Сырым да – осы, Жырым да – осы, Алдыңда Байқашы бір, Бықсыдым ба, жандым ба? Махаңдар…
Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет