Сәрсенбі, 02 Наурыз 2022 16:45

Атаулы әлеуметтік көмек енді қалай тағайындалады?

Атаулы әлеуметтік көмек тағайындау кезінде заң бұзу фактілерін болдырмау үшін бүкіл процесс орталықтандырылған форматқа ауыстырылады. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкенов ведомствоның кеңейтілген алқа мәжілісінде айтты.

Серік Шәпкеновтің мәліметі бойынша, 2021 жылдың қорытындысы бойынша 198,4 мың отбасына атаулы әлеуметтік көмек тағайындалған. Бұл 2020 жылдың көрсеткішінен 7,4% жоғары.

«Атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылардан шыққан 517,2 мың балаға кепілдік берілген әлеуметтік топтама берілді. Оның ішінде 259,4 мың мектеп жасына дейінгі бала, 257,8 мың мектеп жасындағы бала бар. Кепілдік берілген әлеуметтік топтама төлеуге 20,5 млрд теңге қарастырылған.

АӘК алушылар санының өсуіне байланысты 2021 жылы министрлік қызметкерлері АӘК тағайындауға көшпелі мониторинг жүргізді. Оның қорытындысы бойынша жекелеген өңірлерде заң бұзу фактілер анықталды. Бұл көмек алушылардың өсуіне әкелді. Мысалы, Шымкентте 2021 жылдың қорытындысы бойынша АӘК алушылар санының өсуі 28,5% болды», - деді ведомство басшысы.

Оның айтуынша, мұндай фактілер қайталанбауы керек.

«Ол үшін биыл төлемдерді АӘК тетігінің ашықтығын қамтамасыз ететін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы орталықтандыру жұмыстары басталды», – деді Серік Шәпкенов.

Оқылды 832 рет

Соңғы жаңалықтар

Ақп 19, 2026

Рухани тазару айы

2026 жылдың ақпан айында күллі мұсылман адам үшін қасиетті Рамазан айы басталады. Бұл ай…
Ақп 10, 2026

Мұқағалиға арнау

Ақиықтар түлеген мұзбалағы, Хантәңірінің қарапайым қыр қазағы. Поэзияның асқар шыңын…
Ақп 10, 2026

Қазақ поэзиясының Хантәңірі

Сырым да – осы, Жырым да – осы, Алдыңда Байқашы бір, Бықсыдым ба, жандым ба? Махаңдар…
Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет