Сейсенбі, 29 Наурыз 2022 12:28

2022 жылы балаларды профилактикалық қарап-тексеруге 40 млрд теңге бағытталды – ӘМСҚ

 2022 жылды ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Балалар жылы деп жариялады. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры«Сүйікті бала» арнайы жобасының аясында балаларға медициналық көмекті қаржыландыру туралы ақпарат беруді жалғастыруда.

 

Аурулардың алдын алу үшін

Қазіргі медицинада аурудың алдын-алу маңызды болып табылады. Біздің елімізде балалардың денсаулығына ерекше назар бөлінеді және дені сау ұлт қалыптастыруға қажетті іс-шаралар жүзеге асырылады. Соның ішінде, біріншіден, отбасын жоспарлау бойынша кешенді шаралар қарастырылған. Екіншіден, жүкті әйелдердің пренатальды скринингі 3 рет жүргізіледі, бұл ұрықтың патологиясы мен кемшіліктерді уақтылы анықтауға мүмкіндік береді. Үшіншіден, перзентханада жаңа туған нәрестеге неонаталдық скрининг жүргізіледі. Бұдан басқа, педиатриялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандарттарына сәйкес балалардың аурушаңдығының, мүгедектігінің және өлім-жітімінің алдын алу, төмендету бойынша шаралар көзделген.

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры хабарлағандай, ағымдағы жылы МӘМС жүйесінде скринингтер мен профилактикалық тексерулерді жүргізуге 39,7 млрд теңге қарастырылған, оның ішінде аудиологиялық скринингке – 5,1 млрд теңге, 5 жасқа дейінгі балаларды профилактикалық тексеруге – шамамен 11,7 млрд теңге, мектеп медицинасы шеңберінде профилактикалық тексеруге – 22,9 млрд-тан астам теңге.

Балалар жеңілдікті санаттардың біріне кіретінін, сондықтан олар үшін 18 жасқа дейін міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жарналарын мемлекет төлейтінін еске салды. Осылайша, барлық балалар автоматты түрде сақтандырылған және МӘМС жүйесінде қажетті медициналық көмекке құқылы» - деп атап кетті Алматы облысы филиалының директоры Н. Отарғалиев.

Балаларға қандай тексерулер жүргізіледі?

Жаңа туған нәрестелерге, ерте жастағы және 6 жасқа дейінгі балаларға аудиологиялық скрининг жүргізіледі. Бұл баланың есту қабілетінің бұзылуын анықтауға мүмкіндік беретін жаппай стандартталған тексеру. Ол екі кезеңде жүзеге асырылады. Біріншісі – бала өмірінің алғашқы үш күнінде тікелей перзентханада. Екіншісі – өз емханасындағы баланы дамыту кабинеттеріндегі белгілі бір жастағы балаларға жүргізіледі. Бұл жағдайда учаскелік медбике ата-аналармен байланысып, белгіленген мерзімде скринингтен өтуге шақырады.

Балалардың есту қабілетінің бұзылуы анықталған жағдайда мүгедектікке әкелетін ауруларды оңалту және алдын алу бойынша шаралар қабылданады. Егер құлақ мүкістігі немесе кереңдік қаупі туындаса, онда баланы одан әрі тереңдетіп тексеру үшін сурдологиялық кабинеттерге, сондай-ақ тексеру және түзете-дамыта оқыту мәселелерін шешу үшін психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияға жібереді.

Мектепке дейінгі, мектеп жасындағы балалар, сондай-ақ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім беру ұйымдарының он сегіз жасқа толмаған оқушылары профилактикалық медициналық қарап-тексеруден өтеді. Оны білім беру ұйымына бару арқылы емхана мамандары жүргізеді. Егер мектепке дейінгі жастағы бала балабақшаға бармаса, онда ол бекітілген емханасында алдын ала тексеруден өтеді.

Профилактикалық қарап-тексеру дәрігерге дейінгі, білікті және мамандандырылған кезеңдерді қамтиды.

Дәрігерге дейінгі кезеңде дененің өсуі мен салмағын анықтау, бас пен кеуде қуысының көлемін өлшеу (3 жасқа дейін), физикалық және психоәлеуметтік дамуды бағалау, қан қысымын өлшеу (7 жастан бастап), көру және есту өткірлігін анықтау, ЭКГ өткізу және т. б.

Екінші кезеңде теріні және бас терісін, шырышты қабықтарды тексеру, қалқанша без аймағын тексеру және пальпациялау, кеуде, омыртқа, аяқ-қолдарды тексеру, тыныс алу, ас қорыту және т. б. тексеру жүргізіледі.Патологиялық өзгерістер анықталған кезде баланы бейінді маманға қосымша тексеруге жібереді.

Мамандандырылған кезеңді бейінді мамандықтардың дәрігерлері жүргізеді.

 

Егер сізде медициналық көмектің сапасы мен уақтылы көрсетілуі бойынша сұрақтар туындаса, сіз емхананың Пациенттерді қолдау және ішкі аудит қызметіне немесе өзіңізге ыңғайлы келесі байланыс арналары бойынша Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына жүгіне аласыз: fms.kz ресми сайты, 1406 байланыс орталығы, Goldau 24/7 мобильді қосымшасы және Telegram-дағы SaqtandyryBot

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры»

КЕАҚ Алматы облысы бойынша филиалы

 

 

Оқылды 660 рет

Соңғы жаңалықтар

Қаң 09, 2026

Қазақстан Республикасының Президенті…

2026 жылғы 05 қаңтар – Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы, Сіз жыл сайын мерзімді баспасөзге…
Қаң 09, 2026

Жоспар жүйелі, мақсат айқын

Жуырда аудандық қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті. Маңызды жиынды аудандық қоғамдық…
Қаң 09, 2026

Үздіктер Марапатталды

Жаңа жыл қарсаңында аудандық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен түрлі салада адал…
Қаң 09, 2026

«Әдекең қайда..?»

Болмашы кекшіл, Болсаңшы көпшіл, – деп Абай айтқан. Осы екі жолға менің бір…
Қаң 09, 2026

Құрмет төрінде

Әне-міне дегенше, жылжып жылан жылы да өтіп, шапқылап жылқы жылы жетті. Жылан жылы жаман…
Қаң 09, 2026

Қолдау барда даму бар

Мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарының бірі – ауыл шаруашылығын дамыту мен ауыл…
Желт 29, 2025

Сыбайлас жемқорлық – қоғам дамуына…

Сыбайлас жемқорлық – қазіргі қоғамның дамуына кедергі келтіретін мәселелердің бірі. Ол…
Желт 26, 2025

Бірлік бар жерде

Елдегі этносаралық келісім мен бірлікті нығайту – мызғымас мемлекет тірегінің кепілі. Осы…
Желт 26, 2025

Тәуелсіз елдің ұландары ән шырқады

Тәуелсіздік күніне орай «Біз – тәуелсіз елдің ұланымыз!» атты патриоттық әндер байқауы…

Күнтiзбе

« Қаңтар 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет