Жұма, 22 Сәуір 2022 09:42

Көп көкейіндегі мәселе көлеңкеде қалмайды

Аудан басшыларының ел ішін аралап, тұрғындармен жүздесуі құптарлық жайт. Мұның өзі «әкім бол, халқыңа жақын бол» қағидасымен үндесетіні анық. Аудан  әкімі  Қуат Сұлтанғазиев  пен аудандық мәслихат хатшысы Бекет Ахметов  бастаған бөлім басшылары Қаражота, Қорам ауылдық округтерін аралауынан осындай ой түйдік.

Жүздесуде тұрғындарды жұмыспен қамту, ауыл мектептеріндегі білім беру жағдайы, міндетті медициналық сақтандыру жұмыстарын жүргізу, жайылымдық жер мәселесі, әлеуметтік нысандарға күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу, ауыл шаруашылығы саласындағы мемлекеттік бағдарламаларға енгізілген түзетулер мен толықтырулар төңірегенде сөз қозғалды. Айталық,  Ақтоған  ауылының  ақсақалдар  алқасының  төрағасы Ержет Дегелекбаев ауылдың жанынан ағатын Шілік өзенінен 4 жеке тұлға жасанды тоғандар жасап бөгегендіктен, ауыл тұрғындарының егістік және  жайылымдық жеріне суармалы су жетпейтінін айтты. Жасанды су бөгеттері сортаң жерге салынған, егер судың  деңгейі  көтерілетін  болса  Ақтоған  ауылын су басу қаупі бар екен.

Қаражота ауылының тұрғыны Зияш Жиеналиева 3000-нан аса тұрғыны бар ауылдағы дәрігерлік амбулаторияның тозығы жетіп, қазіргі  заман  талабына сай  еместігін айтты. Ауыл тұрғынының сөзіне сүйенсек, қаражоталықтар Шелек  ауылындағы ауруханасына барып ем қабылдайды. Сол себепті аудан әкімінен жаңа амбулатория салуға ықпал  етуді сұрады.

Өз кезегінде Шелек ауылдық  ауруханасының бас дәрігері Гүлнар Құраметова Қаражота ауылдық дәрігерлік амбулаториясына күрделі жөндеу жұмысы жүргізілмеген себебін түсіндірді, ғимараттың жер телімі жеке тұлғаның меншігінде, 2021 жылы жаңа ауылдық амбулатория  салу үшін жер телімі бөлінген, жобалық-сметалық құжат әзірлеуге сұраныс берілген. Қаражат бөлінсе 2023 жылы жаңа дәрігерлік амбулатория салынбақ. Сонымен қатар бас дәрігер Ақтоған ауылына фельдшерлік пункт және Сарыбұлақ ауылына ауылдық дәрігерлік амбулатория салу  үшін жер телімі берілсе, қаражатқа  сұраныс жасалатынын жеткізді. Ал Сарыбұлақ ауылының тұрғындары ауылдағы орта мектеп 1932 жылы салынғанын, осы  уақытқа  дейін  ешқандай  күрделі  жөндеу  жұмыстары  болмағанын, ауылға  жаңа  мектеп  қажеттігін айтты.

Қаражота тұрғындары жер мен ауыл шаруашылығына байланысты көкейіндегі көп сауалды ортаға салды. Ал ауыл шаруашылығы саласындағы мемлекеттік бағдарламаларға енгізілген түзетулер мен толықтырулар жайлы ауыл шаруашылығы және жер қатынастары  бөлімінің басшысы  Ермек Жакеев түсіндірді.

Келесі кезекте аудан басшысы Қорам ауылдық округіне ат басын тіреп, ондағы жұртшылықты толғандыратын мәселелерді талқыға салды. Ауыл тұрғындары газ құбырын тарту, жаңа мәдениет үйін салу, орталық көшелерді жарықтандыру мен  асфальттау сынды өзекті мәселерді көтерді.

Ауылдық округ тұрғындарының өтініштілегін мұқият тыңдап шыққан аудан басшысы Қуат Елеусізұлы:

– Біздің сапардың негізгі мақсаты – ауыл тұрғындарының хал-жағдайын біліп, оларды толғандыратын көкейкесті мәселелерді ашық талқылап, шешілу жолын іздеу. Жалпы уақыт озып, адамдардың жайлы өмір сүру салты қалыптасқан сайын жаңа мәселелер алдымыздан шығады. Бұл – заңдылық. Біз мұның шешілу жолын табуымыз керек. Мемлекеттік бағдармаларды ұтымды үйлестіріп, инновациялық жобаларды көптеп жүзеге асыруға тиіспіз. Әсіресе дайын өнімдерді өндіруге басымдық берген дұрыс. Біздің ауданның әлеуеті мол. Бәрінен бұрын, тұрғындардың еңбекқорлығы мен ізденгіштігі шешуші рөл атқаратыны анық. Айтылған өзекті мәселерге тиісті деңгейде шешім табуға күш саламыз, – деді.

«АМАNАТ» партиясы аудандық филиалының атқарушы хатшысы Қуат Байғоджаев Қорам жұртшылығы үшін алда талай игілікті істер тындырлатынын жеткізіп, аудандық мәслихат хатшысы Бекет Ахметов ел Тәуелсіздігін баянды ету береке мен біріліктен басталатынын тілге тиек етті. 

Аудан әкімі ауыл тұрғындарын жеке сұрақтары бойынша қабылдады. Кездесу соңында Қуат Сұлтанғазиев кейбір мәселелер бойынша жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар берді. Аталған кездесу әкімдіктің «Instagram» әлеуметтік желілері арқылы тікелей эфирде көрсетілді.

 

Е.АСЫЛ.

Оқылды 533 рет

Соңғы жаңалықтар

Қар 21, 2024

Наш собственный корреспондент…

С начала 90-х годов прошлого века в областной газете «Огни Алатау» сменилось несколько ее…
Қар 21, 2024

«ЖАҢАРТУ» расширяет возможности…

Проект «ЖАҢАРТУ» («Обновление»), презентация которого состоялась в мае 2024 года,…
Қар 21, 2024

Артық шығын абырой әкелмейді

Елімізде діни рәсімдерді өткізу барысында көптеген қателіктер орын алып жатқанын естіп…
Қар 21, 2024

Кәсіп болмай, нәсіп болмас

Бүгінде балалардың жан-жақты дамуына, кәсіпке деген көзқарасын қалыптастыруға барлық…
Қар 21, 2024

«Атамекен» приглашает к диалогу

Национальная палата предпринимателей «Атамекен» Алматинской области выступила инициатором…
Қар 21, 2024

Бейбіт күн – бірліктің жемісі

Көпұлтты мемлекетіміздің ішкі саясатында ең маңызды дүние – ұлтаралық татулықты сақтау.…
Қар 18, 2024

Внимание, жители г. Есик!

Региональный офис ЮНЕСКО в Алматы совместно с Центром «Содействие устойчивому развитию…
Қар 14, 2024

АФМ проводится расследование в…

Она подозревается в хищении свыше 1,5 млрд тенге, собранных для помощи гражданам,…

Күнтiзбе

« Қараша 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет