Жексенбі, 24 Сәуір 2022 19:15

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Асқар Омаров Талғар ауданына жұмыс сапарымен келді

Бүгін Талғар ауданына ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрі Асқар Омаров жұмыс сапарымен келді. Ол аудандық мәдениет үйінде халықпен кездесті. Талғар ауданының тұрғындары ҚР ақпарат және қоғамдық даму министріне толғандырып жүрген мәселелері туралы айтты. 3 сағат көлемінде өткен жиында тұрғындардың барлық сұрақтары мен ұсыныстарын тыңдады.

Кездесу барысында Асқар Омаров министрліктің жұмысы туралы қысқаша баяндама жасады. Оның айтуынша, ҮЕҰ, еріктілер қозғалысы және БАҚ-ты дамытуға басым назар аударылуда.

"Бүгінде жастармен жұмысқа үлкен көңіл бөлінуде. Қазіргі таңда сіздердің аймақтарыңызда 49 мың жас ұрпақ бар. Олар үшін біздің тараптан бар жағдай жасалуда. Мәселен, "Жастар тәжірибесі", "Алғашқы жұмыс орны", "Jas project" және тағы басқа бағдарламалар жүзеге асуда. Өткен жылы бизнесті жаңа бастаған кәсіпкерлерге 30 грант бөлінді, оның екі қатысушысы Алматы облысынан болды. Жамбыл ауданынының тұрғыны биомеханикалық протез дайындау үшін грант ұтып алды,сондай-ақ жиһазды қалпына келтіретін цех үшін қаржы бөлінді", - деп атап өтті Асқар Омаров.

ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрі Асқар Омаров баяндамасын аяқтаған соң, аудан халқымен ашық диалог жүргізді. Талғар ауданының тұрғындары қордаланған мәселелерді көтеріп, толғандырып жүрген сұрақтарын қойды. Аудан жұртшылығы жастардың жұмыссыздығы, ауылдағы ҮЕҰ-ның мәселелеріне қатысты бірталай сұрақтарын жолдады. Кездесуге келушілердің ішінде ауыл жастарына арналған мемлекеттік бағдарламаларды дамытуға қатысты идеяларын ортаға салды. Министр өз кезегінде сұрақтардың барлығына тұшымды жауап беріп, жергілікті атқарушы органдарға тапсырмалар берді. Кездесуге берілген уақыттың шектеулі болуына қарамастан Асқар Омаров әрбір тұрғынның сөзіне құлақ асты.

Дәл осы күні министр азаматтарды жеке қабылдауды өткізді. Сонымен қатар Асқар Омаров Талғар қаласындағы саябаққа барып, жастармен кездесті. Сондай-ақ, орталық базар да министр мырзаның назарынан тыс қалмады.

 

Оқылды 792 рет

Соңғы жаңалықтар

Ақп 19, 2026

Рухани тазару айы

2026 жылдың ақпан айында күллі мұсылман адам үшін қасиетті Рамазан айы басталады. Бұл ай…
Ақп 10, 2026

Мұқағалиға арнау

Ақиықтар түлеген мұзбалағы, Хантәңірінің қарапайым қыр қазағы. Поэзияның асқар шыңын…
Ақп 10, 2026

Қазақ поэзиясының Хантәңірі

Сырым да – осы, Жырым да – осы, Алдыңда Байқашы бір, Бықсыдым ба, жандым ба? Махаңдар…
Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…

Күнтiзбе

« Наурыз 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет