Сейсенбі, 03 Мамыр 2022 14:15

Ел аманатын арқалады

Тәуелсіз еліміздің тыныштығын күзету – ер азаматтар үлесіндегі қастерлі міндет. Бүгін тепсе темір үзетін жігіттер сапқа тұрып, туған Отанының тыныштығын қорғауға салтанатты түрде ант берді. Рәсім ҰҚК Шекара қызметі Алматы облысы бойынша департаментіне қарасты Қарасай ауданы бойынша шекара ауданының Ақжар ықшамауданында орналасқан кәсіби-техникалық және дайындық бөлімінде өтті.

Жас жауынгерлер курсынан өтіп жатқан 400-ден астам сарбаз Ант берген шараның ерекшелігі, рәсімді бүкіл республика жұртшылығы тамашалай алатын тікелей көрсетілім ұйымдастырылса, бұл күні алыстан ат арылтып жеткен ата-ана, туыс, достардың санында да есеп болған жоқ. Сондықтан шекарашы атанғалы тұрған сарбаздардың өміріндегі атаулы күн олардың жақындарының да жадында мәңгілік сақталып қалатын күн болғаны хақ.

Айту керек, аталған шекара басқармасының қақпасынан наурыз айында алғаш рет аттаған сарбаздардың бүгінгі аяқ алыстары ширақ, жүрістері біркелкі. Бұл – олардың әскери өмірдің қатаң тәртібіне қалыптасып үлгергендерін білдіреді.

Мамырдың бірінші жексенбісі. Таңғы сағат 10:00. Әр сарбаздың өмірінде алтын әріппен жазылып қалуға тиіс айтулы сәт. 

«Бөлім тік тұр! Назар солға!» Басталды. Шекара басқармасының Жауынгерлік Туы әкелінген соң шара да басталып кете барған. ҰҚК Шекара академиясынан арнайы шақыртылған әскери оркестрдің сүйемелдеуімен, еліміздің Әнұраны орындалып, аталған басқарма басшысы подполковник Н.Бердібаев сапқа тұрған жас сарбаздарды атаулы мерекесімен құттықтады. Бұдан әрі болашақ шекарашылар ант қабылдауға кірісті.

Рәсімге Алматы облысы бойынша департаменті бастығының орынбасары полковник А.Муналбаевпен бірге шекарашы ардагерлер және Наурызбай батыр ауданының әкімдігінен келген қонақтар қатысты.

...Ант қабылдау рәсімінен соң басталған жиында департамент бастығының орынбасары полковник Арнұр Муналбаев, «Застава тарландары» республикалық қоғамдық бірлестігінің Алматы облыстық филиалының төрағасы запастағы полковник Александр Дубов, Ауған соғысының ардагерлері запастағы полковниктер: Григорий Куликов, Жеңісбек Сүлейменов, Болат Құрамысовтарға берілді. Сондай-ақ, сарбаздармен бірге көпшілік Наурызбай батыр ауданы бойынша Қорғаныс істер бойынша департаменті бастығының орынбасары запастағы майор Ержан Алиновтың да айтар тілегіне құлақ түрді. Ата-аналар атынан сөз сөйлеу құрметін Ерғожа Шереханов және Ұлмекен Ержанова апай иеленді.

Ата-аналардың жүрегіндегі сөздерді жеткізген Ерғожа ағамыздың ұлы қатардағы жауынгер Нұрсұлтан Абылай:

- Мен өзімнің қаруластарымды берген сертімізге адал болып, табандылықпен, ержүректілікпен борышымызды өтеуге шақырамын. Ант қабылдау – баршамыз үшін маңызды күн. Елім дейтін ер болып, қайтпас қайсар азамат болып, тепсе темір үзетін әскери өмірдің қиындығы мен ауыртпалығына шыдайтын, кез келген уақытта қолына қару алып, елін қорғауға дайын, туған жерінің шекарасында жүретін сарбаздарға айналамыз, - деді.

Иә, осы сәт, сарбаздың қасында болған әке жүзіндегі мақтаныш пен қуанышты байқау қиын емес еді... 

Айту керек, әскери өмір, шекара – кез келген шекарашының бойына күш құйып, шабыт сыйлайды. Ақын етеді. Мінберге Нұрсұлтанмен бірге көтеріліп, әріптестерін бүгінгі мерекесімен құттықтаған қатардағы жауынгер Александр Малышев көптің алдында өлең оқыды. Бұл – бастамасы, жас шекарашының жаңадан басталған жыр дәптеріне алдағы күндері жауһар сөздерге толыққан үстіне толыға түседі деген сенімдеміз.

...Жиынның соңы толыққанды шекарашы атанған сарбаздардың салтанатты шеруіне ұласты. Бұдан әрі, қалың жұртшылықтың назарына жас әншілер мен бишілердің мерекелік шағын концерттік бағдарламасы ұсынылды. 

Ал санаулы минуттардан соң республиканың түкпір-түкпірінен жеткен қауым тағатсыздана тосқан сәт те туып, өздерінің Отан оғланы атанған ұлдарымен қауышқан... Ата-ана – ұлымен, ата-әже – немересімен, дос – өзінің құлын-тайдай тебісіп өскен құрбысымен, бойжеткен – сүйген жігітімен... Демек, осынау қаншама жүректі тулатқан айтулы күннің ешқашан ұмытылмайтыны, әсіресе жас шекарашы сарбаздардың бойына еселеп күш құятыны хақ. Ендеше, сәт-сапар, жас сарбаздар, ел тыныштығы өздеріңе аманат!

Сардарбек НҰРАДИН.

Оқылды 908 рет

Соңғы жаңалықтар

Қаң 22, 2026

Отан жолында опат болған жеті…

Әлемде қиындық пен қасіретті, қорлық пен қиянатты көп көрген екі ұлт болса соның бірі –…
Қаң 22, 2026

Спортивные достижения юных …

Второй год работает в селе Байтерек детский футбольный клуб АL* stars. Занимаются в нём…
Қаң 22, 2026

Жас әртістер қойылымы

Ақбастау орта мектебінде «Бастауыш» әдістемелік бірлестігінің «Ертегілер елінде» оқу…
Қаң 22, 2026

Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ

Балалық шақ… Бұл сөзді естігенде көз алдымызға күннің жұмсақ сәулесіне шағылысқан, асыр…
Қаң 22, 2026

Отбасы мен бала тәрбиесіне көңіл…

Отбасы – мейірім мен махаббат мекені әрі кішкентай періштелердің қауіпсіз, жылы орны.…
Қаң 22, 2026

Рух пен сөз күші

Алланың маған берген ерекше дарыны мені шығармашылыққа ерте жастан жетеледі. Бала…
Қаң 22, 2026

Ғасыр адамы

12 қаңтар көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, ғалым, техника ғылымдарының докторы,…
Қаң 22, 2026

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт…

Құрметті қауым! Жаңа ғана сөз сөйлеген Құрылтай мүшелері маңызды ой-пікірлер айтты.…
Қаң 20, 2026

2025 жылдың IV тоқсанында кірістері…

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша…

Күнтiзбе

« Қаңтар 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет