Дүйсенбі, 09 Мамыр 2022 23:45

Ерліктің тағылымы ұмытылмайды

Ерліктің тағылымы ұмытылмайды mezet.kz

Ақиқатында, сұрапыл соғыстың не екені кейінгі буынға беймәлім ғой. Біз үшін сол майданды кешкендер – баһадүрлер. Соғыс – адамды тәубесіне келтіретін бір белгі ғана. Күнделікті көріп жүрген кинодрамадағы қантөгіс емес бұл. Көркем шығармаға да жатпайды. Ол – өмірдің өзі. Осы бес әріптен тұратын суық сөзді есту өте ауыр. Ал, оны басынан өткізген, толарсақтан саз кешіп, құрбан болған, ардың туын жықпай, биік ұстаған қайран бабалар қандай күйде болды екен? Бүгінде сұрапыл соғысқа қатысып, Ұлы Жеңіске қол жеткізген ардагерлер қатары сиреп барады. Олардың қарт көкірегіндегі қандай  бір сырдың салмағын сезу оңай ма?

Солтанбай Жарықбасов 1925 жылы 17 ақпанда ауданымыздағы Алға ауылында дүниеге келген. 1943 жылдың қаңтарында Ташкенттегі мергендер курсында оқып, сәуір айында әскерге аттанады.

– Менен бұрын әкем мен екі ағайым соғысқа кеткен еді. Сондықтан мені ешкім майданға шығарып салмады. Жалғыз сұрапыл соғысқа бара жатып: "«Егер аман қайтсам, үрім-бұтағымды өсірем!» – деп өзіме серт еттім. Жаратқан осы тілегімді қабыл етсе керек – қазір бала-шағаның ортасында бақытты өмір сүріп жатырмын, – дейді ғасырға жуық жасаған қарт майдангер. Солтанбай Жарықбасов Забайкалье майданындағы 25-қызыл тулы механикаландырылған бригаданың құрамында 1-батальоны, 1-ротасының пулемет бөлімшесінің командирі болған. Жапондықтарға қарсы соғысқа қатысқан. Шайқас майданында мергендігімен көзге түсіп, талай ерлік жасапты. Ардагер 1950 жылдың сәуірінде Алға ауылына оралып, колхоздың есеп комиссиясының төрағасы қызметін 1951 жылдың тамызына дейін атқарады. 1951 жылы Түрген педагогикалық училищесін, 1969 жылы Қазақ педагогикалық институтының тарих факультетін сырттай бітірген. 1951 жылдың қыркүйегінен 1956 жылға дейін Алексеевка және Ключи орталау мектептерінде мұғалім болып істеп, 1956 жылдан Алға бастауыш мектебінің меңгеруішісі, оқу ісінің меңгерушісі, 1971 жылдан 1985 жылға, яғни зейнеткерлікке шыққанға дейін, мектеп басшысы қызметтерін абыроймен атқарған. 1992 жылдан 2015 жылға дейін Бәйтерек ауылдық округі ақсақалдар кеңесінің төрағасы болып, өзінің туған топырағындағы көптеген түйіткілді мәселелерді шешуге бастамашы болған. Солтанбай атамыз бұл күнде ауданымыздың – құрметті азаматы, «AMANAT» партиясының мүшесі. 1 дәрежелі «Отан соғысы» орденімен және «1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің» мерейтойлық, мерекелік медальдарымен, «Құрмет» орденімен марапатталған ақсақал сегіз баласынан немере, немерелерінен шөбере сүйіп отыр. Өзінің үлкен әулетіне 2014 жылы Алматы облысы бойынша «Мерейлі отбасы» атағы берілді. Өмір жолы өнеге мен парасатқа толы қариямыз өзінің кіндік қаны тамған Алға ауылында ауылдастарының ақылшысы  болып ғұмыр кешуде.

–  Соғыс өзгерткен  тағдырлар қаншама. Олар туралы, соғыстың қаншалықты сұрапыл екенін біздің балалар білуі керек. Соны басынан өткерген адамдар бейбіт күндегі бақытты өмірдің тереңдігін түсінеді, оның берген барлық қуаныштары мен игіліктерін бағалай біледі. Екі ағам соғыстан қайтпады. Ал әкем 1944 жылы майданнан жаралы оралды. Ал кейін сұрау салып, екі бауырымның соғыста қаза болып, бауырластар зиратына жерленгенін білдім. Соғыс ешікімді де аямады. Қазақ «Орнында бар оңалар деген», сол бір сұрапыл жылдарды да еңсердік қой. Бейбіт өмірге не жетсін?! Тәуелсіз еліміздің тұғыры биіктеп, айбыны арта берсін! Бізді «Жаңа Қазақстанның» жарқын болашағы күтіп тұр, – дейді соғыс ардагері.

Бізге жеңіс бабалардың қанымен, аналардың терімен келді. Ерлік ешқашан халықтың жадынан ұмытылмайды. Біз ата-бабаларды ұлықтап, есімдерін ұрпақ жадында жаңғырта беруіміз керек. Иә, ерліктің тағылымы ұмытылмайды. Ол адамзатқа бейбітшілік пен тыныштықты мәңгілік сақтау керектігін ескертіп тұрғандай.

 

Е.АСЫЛ.

Оқылды 6711 рет

Соңғы жаңалықтар

Қар 03, 2025

Листериоз –жұқпа көзі, сақтық…

Листериоз - адам мен жануарларға ортақ, аса қауіпті жұқпалы ауру. Қоздырғышы спора…
Қар 03, 2025

Листериоз –жұқпа көзі, сақтық…

Листериоз - адам мен жануарларға ортақ, аса қауіпті жұқпалы ауру. Қоздырғышы спора…
Қар 03, 2025

Көміртегі тотығымен уланудың алдын…

Көміртегі тотығы – ол өзіне тән иісі мен дәмі жоқ улы газ, оның қауіптілігі де осыған…
Қар 03, 2025

Құс етіне қойылатын негізгі талаптар

Құс еті-жеңіл сіңімді, диеталық және тұрғындар арасында кең сұранысқа ие өнім болып…
Қаз 31, 2025

Сыбайлас жемқорлық туралы

Сыбайлас жемқорлық – ол лауазымды тұлғалардың өз қызметін жеке пайдасы үшін пайдаланып,…
Қаз 23, 2025

Выставка, посвященная Жетысу

В историко-краеведческом музее имени М.Тынышпаева в г.Есике к Дню Республики организована…
Қаз 23, 2025

Мемлекеттік тіл – ортақ құндылық

Қандастар – бұл тарихи себептермен әр кезеңде Қазақстаннан тыс жерлерге қоныс аударып,…
Қаз 23, 2025

От возрождения – к дальнейшему…

Три десятилетия тому назад, 25 октября 1990 года постановлением Верховного Совета КазССР…

Күнтiзбе

« Қараша 2025 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет