Бейсенбі, 12 Мамыр 2022 15:47

Айбын шекарашылармен кездесті

Шекара аймақтарының халқы «Шекараны бүкіл ел қорғайды» қағидасымен етене таныс. Осы өңірде дүние есігін ашқан жас өспірімдердің арасынан шекарашыларға қарап бой түзеп, Отан қорғаушы мамандығын таңдағандар аз емес. Бәрінен де ел шебіне жақын орналасқан ауыл халқы қырағылықты қалт жіберген емес. Өздерін шекарашылардың көмекшісі санайды. Жергілікті билік орындары да шекарашыларға қашанда көмек қолын созуға даяр.

...Жақында Алматы облысы Панфилов аудандық мәслихатының бір топ депутаты, өңірдегі мектеп директорлары, сондай-ақ жергілікті кәсіпкерлер ҰҚК Шекара қызметі Алматы облысы бойынша департаментіне қарасты Панфилов ауданы бойынша шекара басқармасының учаскесінде болып, шекарашылардың ел шебіндегі қызметімен танысты.

Қонақтар екі топқа бөлініп, «Қорғас» шекара бөлімінің«Қорғас», «Ынталы», «Іле», «Басқұншы», «Алмалысу», «Қарақұм» шекара бөлімшелерін аралап, ел шебін көздерінің қарашығындай күзетіп жүрген Отан оғландарымен сұхбаттасты. Шекара бөлімшелерінің офицерлер құрамына арналған тұрғын үйіне барып, шекарашылардың жанұя мүшелерімен кездесті.

Жергілікті мәслихат депутаттарымен бірге ел шебінде болған мектеп басшылары өскелең ұрпақты тәрбиелеу ісіне шекарашылардың қосып келе жатқан үлестері зор екеніне ерекше тоқталды. Әсіресе, білім ошақтарында тұрақты жұмыс істейтін «Шекарашының жас досы» үйірмесінің арқасында қаншама баланың өз болашақтарын шекарамен байланыстырып, шекарашылардың оқуына түскендерін, енді бірқатары шекарашы офицер атанып, Отан қорғау ісіне өздерінің үлестерін қосып жүргендерін мақтанышпен тілге тиек етті.

Сондай-ақ, екі күнге созылған сапар кезінде шекарашылар Панфилов ауданының Дәнеш Рақышев атындағы өнер мектебінің ұстаздары мен өңірге өздерінің бай репертуарымен танымал мәдениет үйінің өнерпаздары дайындаған тамаша концерттік бағдарламаны тамашалады. Лайықты бағасын беру керек, аудандық мәдениет үйі мен Панфилов ауданы бойынша шекара басқармасының арасында тығыз қарым-қатынас орнаған. Соның арқасында аталған өнер ошағының ұжымы шекарашыларда жиі қонақ болып, патриоттық рухтағы ән кештерімен қуантуды дәстүрге айналдырған.

Шекара бөлімшелерінде болған кездесу соңында қонақтар жеке құрамға теледидар, музыкалық орталық, домбыра, гитара, дойбы, шахмат секілді үстел ойындарын сыйға тартты. Сонымен қатар, шекара бөлімшелерінің ақпарат және тәрбие жұмыстарына арналған бөлменің шағын кітаптар сөресі жаңа туындылармен толықты.

Майор Х.ӘДІЛ.

Оқылды 772 рет

Соңғы жаңалықтар

Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституция жобасы мемлекеттің…

2026 жылғы 7 ақпанда Алматы қаласында «Қазақстанның жаңа Конституциясы - қазақстандық…
Ақп 06, 2026

Тәртіп – ел дамуының кепілі

Мектеп – кішкентай қоғам. Сондықтан мектеп қабырғасындағы тәртіп – болашақтағы азаматтық…
Ақп 06, 2026

Қызылорда қаласында «Ауыл»…

2026 жылғы 06 ақпанда Қызылорда қаласында «Ауыл» партиясының Қызылорда облысы бойынша…

Күнтiзбе

« Ақпан 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет