Бейсенбі, 23 Маусым 2022 09:07

Қоғам тыныштығын, азаматтар құқығын қорғау – басты міндет

Қоғамның тыныштығын, тәртібін, азаматтардың заңды құқығын қорғау – полиция қызметкерлерінің басты міндеттері. Қиын да күрделі салада қалтқысыз қызмет атқарып жүрген тәртіп сақшыларына қоғамның да құрметі оң болуға тиісті. Кез келген уақытта қауіп-қатердің арасында жүретін полиция қызметкерлерінің кәсіби мерекелерінің қарсаңында  орындаған істері мен алға қойған жоспарларымен таныстық. Еңбекшіқазақ ауданы Полиция Басқармасының бастығы, полиция полковнигі Алтынбаев Жақсылық Бейқұтұлының газетімізге берген сұхбатын назарларыңызға ұсынамыз.

Құрметті Жақсылық Бейқұтұлы, сізге қояр алғашқы сұрағымыз – Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев билік халыққа жақын болуы керек, кез келген билік өкілі халықты тыңдай білуге, тығыз байланыста болуға шақырған еді. Осы тұрғыда жұмыстарыңыз қалай жүзеге асуда?

– Иә, мемлекет басшысының бұл тапсырмасы үнемі жұмыс жоспарымызда тұратыны белгілі. Нақтырақ айтатын болсам, қазіргі заман техниканың қарыштап дамыған дәуірі ғой. Сондықтан бүгінгі таңда жергілікті учаскелік полиция инспекторлары әр сенбі сайын инстаграм желісінде 1 сағат тікелей эфирде халықтың сұрақтарына жауап беріп тұрады. Азаматтардың жеке мәселелерінің шешімін табу үшін заңның аясында кеңестерін беріп, жергілікті тұрғындармен қарым-қатынастарын күшейтіп, өздеріне жүктелген міндетті тиісті дәрежеде атқаруда. Аудандық ПБ-да өзіміздің фейсбук, инстаграм парақшаларымызда атқарылып жатқан жұмыстарымызбен бөлісіп отырамыз. Ауданымыздағы оқырманы көп 4 блогермен тығыз байланыстамыз. Олар да біздің саламыздағы аудан бойынша орын алып жатқан оқиғаларды халыққа дер кезінде жеткізіп отырады. Жалпы халықтың сеніміне ие болу үшін жан-жақты тырысып келеміз.

– Жыл басынан бері полиция қызметкерлерінің жалақылары өскені жайлы ақпарат естідік. Осыған сәйкес сала қызметкерлерінің өз міндетіне деген жауапкершіліктері артып келе ме?

– Әрине жұмысқа деген ынта-жігер қаражатқа да байланысты екені белгілі. Биылғы жылы полиция қызметкерлерінің жалақысы 30 пайызға өсті. Оған қоса 115 полиция қызметкерлеріне пәтер жалдау ақысы төленіп отыр.

– Бірер жылдан бері еліміз полициясын реформалау үдерісі үздіксіз жүргізіліп келеді. Осы тұрғыда ішкі істер органында болып жатқан нақты өзгерістерді айта кетсеңіз?

– Әлбетте, реформалау жұмыстары оң өзгерістер мен нақты нәтижелерін беруде. Бұрынғыдай қағазбастылық айтарлықтай азайды. Атқарып жатқан жұмыстарымыздың есебі түбегейлі цифрландыру жүйесіне ауысып жатыр. Басшылық бізден жұмыс өнімділігі мен кәсіби біліктілікті арттыруды талап етіп отыр. Сондықтан кейбір қажетсіз жұмыс орындары мен кәсіби біліктілігі төмен қызметкерлер қысқартылып, жаңа технологияны меңгерген, заман талабына сай кейбір кадрлардың қатары толықтырылады.

Сондай-ақ жол және учаскелік полицияларының кәсіби киімдері өзгергенін байқаған боларсыз. Бұрынғы формамен қызметкерлерге аяқтарына жаздық туфли ғана киюге тура келетін. Қазіргі киімдері заманауй өте ыңғайлы, полициялардың көңілінен шықты. Биылғы жылы біздің ауданға 12 қызметтік автокөлік берілді. Осы секілді өзгерістер полиция қызметкерлерінің өз мамандығына деген жауапкершілік пен құлшыныс-тарын арттыруда деп толықтай айта аламын.

– Еңбекшіқазақ ауданы жер көлемі мен халық саны жағынан да еліміздегі ең іргелі аудан ғой. Осынау үлкен аймақта сіздерге де қылмыспен күресу оңай болмасы анық. Басты міндеттеріңізді орындау жөніндегі көрсеткіштерді тарқатсаңыз.

– Сұрағыңыз орынды, 300 мыңнан аса тұрғыны бар ауданымызда қылмыспен күресу, алдын алу, істі ашу жұмыстары өте күрделі болса да үздіксіз атқарылып келеді. Биылғы жылдың соңғы 5 айындағы көрсеткішті айтатын болсам, былтырғы жылмен салыстырғанда адам өлтіру – 2 есеге, денеге ауыр жарақат салу 2 есеге азайды. Зорлау фактілері – 2,3%, ұрлық – 1,6%, алаяқтық – 20,7%, әлеуметтік желідегі алаяқтық 26,7%-ға қысқарды. Бопсалау қылмыстары – 6 есеге, автокөлік ұрлау – 2,7 есеге, бұзақылық бабы – 25%, есірткілік қылмыстар 13,3%-ға азайды.

Аталған қылмыстарда кінәлілерді анықтау жұмыстары да жақсы көрсеткішке ие. Орын алған адам өлімі, денеге жарақат келтіру, тонау секілді қылмыстар 100% ашылды. Басқа да қылмыс түрлері бойынша істі ашу жұмыстары былтырғы жылға қарағанда әлдеқайда жақсы көрсеткішке ие.

– Жол апаттарының алдын алу жұмыстары жөнінде не дейсіз?

– Биылғы жылы ауданымыздағы барлық мектептердің алдына жасанды жол кедергілері мен жаяу жол жүргіншілерінің жолағы орнатылды. Сонымен қатар ауданымыз бойынша ең көп жол апаты тіркелген 12 орынды анықтадық. Айтылған 12 орынға арнайы жаяу жол жүргіншілер жолағы, қауіпті аймақ екенін білдіретін белгілер, сондай-ақ 24 жарқылдақ шамдар мен бейне бақылау камераларын орнаттық.

– Қылмысты анықтауға тікелей көмектесетін құрал бейнебақылау камералары ғой. Сол бейнебақылау камералары істеп тұр ма? Осы мәселе жөнінде баян етсеңіз.

– Иә, бейнебақылау камералары жеке меншік дүниені қорғауда ғана емес, қылмысты анықтауда көп көмегі тиеді. Сондықтан да аудандағы бейнебақылау камералары үнемі назарымызда, олар істеп тұр. Аудан бойынша қазіргі таңда 9872 бейнебақылау камерасы бар. Олардың саны мемлекеттік мекемелерде – 1071, сауда үйлерінде – 110, дүкендерде – 2051, дәріханаларда – 245, көпқабатты тұрғын үйлерде – 1914, жеке үйлерде 2235 құрайды. Жеке кәсібі бар, қозғалыс көп жерлерде тұратын тұлғаларды үнемі камера орнатуға шақырамыз. Ұрлық, тонау, т.б қылмыстар бола қалған жағдайда бейнебақылау камерасы жоқ болса, бізге қылмыскерді анықтау қиынға соғады. Бұған жерлестерімізді немқұрайлы қарамауға шақырамын.

– Ауданымыз негізінен мал шаруашылығымен айналысатыны белгілі. Малдың айналасында да көп шу шығып тұратыны жасырын емес. Осы мәселеге тоқталып өтсеңіз.

– Соңғы 5 айлықта мал ұрлығы бойынша 39 іс тіркеліп, оның 35-і ашылды. Жайылымы кең ауылдарда бұрын тұрғындар малдарын қараусыз қалдырып бос жіберіп қоятын. Соның салдарынан мал ұрлығы жиі болатын, әсіресе, Шелек аймағында. Соңғы жылдары малдарын қараусыз қалдырған азаматтарға 406-бап бойынша айыппұл салуды күшейттік. Нәтижесінде олар да немқұрайлы қарамай өздері ақылдаса келе кезекпен немесе малшы жалдап төрт түлігіне ие болып отыр. Жалпы заңның аясында жауапкершілікті бізге ысырып тастамай өздеріне де жүктелетін міндеттерді түсіндіре білгендіктен мал ұрлығы төмендеді.

– Жақсылық Бейқұтұлы мырза, сіздің полиция басқармасында лейтенант шенінен бастап полиция полковнигі шеніне дейін жеткеніңізді білеміз. Өміріңізді осы салаға арнаған жан ретінде кейінгі толқын жас полицейлерге қандай кеңес бересіз?

– Менің осы салада еңбек етіп жүргеніме 30 жыл болыпты. Өзім осы ауданның тумасымын. Ауданымыздан ПБ-да қажырлы еңбегін сіңірген Мейрам Ахатұлы, Асқар Шуашұлы, Арыстанғани Расылханұлы есімді 3 генерал шыққаны – біз үшін мақтаныш. Осындай ағаларымызға қарап үлгі алдым, еліктедім. Жас әріптестеріме қызметтеріне, отанына адал болса, бақыт та, береке де өзі келеді дер едім. Осы орайда барлығын кәсіби мерекелерімен құттықтаймын!

Сұхбаттасқан Р.НАРХАНОВ.

Оқылды 1142 рет

Соңғы жаңалықтар

Маус 19, 2025

Атамекен Отаны – Бейбіт өмір ауылы

Тарих бетіне үңілсек, 1722 жылы Бірiншi Петр: «Қазақ Ордасы бүкiл Азия елдерi жерлерiне…
Маус 19, 2025

Қажырлы еңбек — ел мүддесіне адал…

Қытайдың Боғда тауының Күнгейінен Қазақстанға көшіп келген жерлестердің бас қосуында…
Маус 19, 2025

Ел жүрегінде сақталар қос есім

Кім келіп дүниеден кім кетпеген, Ащы қайғы кімдерді жүдетпеген. Еске алып дұғасына…
Маус 19, 2025

Бір әкенің тәрбиесін жүз мектеп…

Әр шаңырақта әкенің орны ерекше. Әке – отбасының асыраушысы, қамқоршысы. Әкенің…
Маус 19, 2025

«Атамекен» – ұлттық рух мекені

Жазғы демалыста балаларға арналған мектеп жанындағы «Атамекен – ұлттық рухтың бесігі»…
Маус 19, 2025

Жаңарған ғимарат – жаңа мүмкіндіктер

Денсаулық сақтау жүйесін дамытып, сапалы медициналық көмекті ауыл халқына барынша…
Маус 19, 2025

Алғыс пен құрмет иелері

Елімізде маусым айының үшінші жексенбісі – медицина саласындағы қызметкерлердің кәсіби…
Маус 19, 2025

У нас союзнические отношения с…

Заместитель директора ТРК Президента РК Аскар Джалдинов спросил Президента России…
Маус 19, 2025

«Я не вижу никаких осложняющих…

 Отвечая на вопрос заместителя директора ТРК Президента РК Аскара Джалдинова, Президент…

Күнтiзбе

« Маусым 2025 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30            

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет