Бейсенбі, 08 Қыркүйек 2022 09:55

Ел сенімі – ердің мойнында

2 қыркүйек күні Еңбекшіқазақ аудандық мәслихатының аудандық сессиясы өтті. Оған облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев қатысты. Аудандық әкімшіліктің кіші залында өткен жиынға аудандық 25 депутаттың 23-і қатысты.

Сессияны жүргізген аудандық мәслихат хатшысы Бекет Ахметов күн тәртібімен таныстырып, облыс әкімі Марат Сұлтанғазиевке сөз ұсынды.

Өз кезегінде облыс әкімі ҚР жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару заңына сәйкес Еңбекшіқазақ ауданының әкімі лауазымына Алтай Досымбаевты ұсынды.

– Ауданымыздың тумасы Алтай Машикұлының өмір жолы да, атқарушы биліктегі істеген жұмыстары да жұртшылыққа кеңінен таныс. Туған жерге ту тігіп, қабілет-қарымын жан-жақты көрсетіп келеді. 10 жылдан астам уақыттан бері Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің орынбасары. Әлеуметтік-экономикалық саладағы міндеттердің талапқа сай жүзеге асуына өз үлесін қосуда. Білімі мен білігі, іскерлігі, жинаған мол тәжірибесі қоғам дамуына септігін тигізері анық, – дей келе Марат Елеусізұлы кандидатқа қатысты ойын ортаға салып, негізгі шешімді мәслихат депутаттарының еншісіне қалдырды.

Ұсынысты мәслихат депутаттары бірауыздан қолдады. Халық қалаулыларының сеніміне ие болған Алтай Досымбаевты аймақ басшысы Еңбекшіқазақ ауданының әкімі етіп тағайындады. Бұдан кейін үлкен мәжіліс залында аудан активіне жаңа басшыны таныстыру рәсімі өтті.

Бүгінгі таңдағы сындарлы уақыттың талабы мен жүгі ауыр. Демократияға батыл қадам басқан еліміз үшін іскерлікті бұрынғыдан да ширата түсудің қажет екені белгілі. Жаңа әкімнен аудан жұрты игілік пен ізгілікті, тың ізденістерді күтетіні белгілі.

Облыс әкімі осы орайда ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қыркүйектегі жаңа Жолдауында айтылған міндеттерге тоқталды. Халықтың әл-ауқатын арттырудың өзекті мәселелерін атады. Саяси құжатта айтылған бес бағытты саралады. Оның ойдағыдай жүзеге асуы – ел сенімінен шығудың басты кепілі екенін сөз етті.

– Еңбекшіқазақ ауданы зор мүмкіндіктерге ие. Бұл өлкедегі аграрлық сала, өндіріс, туризм, бәрі – байлықтың көздері. Оны қат-қабат дамытудың негіздері жеткілікті. Адам ресурстары да аз емес, 300 мыңнан астам тұрғын бар. Сол себепті, жаңа әкім өзіне жүктелген міндетті лайықты атқарарына  сенеміз, – деп Марат Сұлтанғазиев өз ойын жеткізді.

Өз кезегінде сөз алған Алтай Досымбаев өмір бойғы жиған тәжірибесін, күш-жігерін ауданымыздың өркендеуіне жұмсауға уәде етіп, сенім білдірген азаматтарға алғысын айтты.

Ринат НАРХАНОВ.

Оқылды 1016 рет

Соңғы жаңалықтар

Ақп 19, 2026

Рухани тазару айы

2026 жылдың ақпан айында күллі мұсылман адам үшін қасиетті Рамазан айы басталады. Бұл ай…
Ақп 10, 2026

Мұқағалиға арнау

Ақиықтар түлеген мұзбалағы, Хантәңірінің қарапайым қыр қазағы. Поэзияның асқар шыңын…
Ақп 10, 2026

Қазақ поэзиясының Хантәңірі

Сырым да – осы, Жырым да – осы, Алдыңда Байқашы бір, Бықсыдым ба, жандым ба? Махаңдар…
Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…

Күнтiзбе

« Наурыз 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет