Бейсенбі, 20 Қазан 2022 10:06

Қордаланған мәселелер шешімін табуда

Өткен сәрсенбінің сәтті күні аудан әкімі Алтай Мәшікұлы Досумбаев кезекті халықпен кездесуін Масақ, Шелек және Қаражота ауылдық округтерінде өткізіп, қордаланған мәселелер бойынша кезінде көтерілген сұрақтардың орындалу барысына жауап берді.

Нұрлы ауылының орта мектебінің мәжіліс залында өткен жиында А.Досумбаев осы ауылда балаларға арналған ойын және футбол алаңдарын салу мәселесінің сметалық құжаттары дайын екенін, қаражат бөлу туралы сұраныс жіберілгені, дәрігерлік амбулатория салуға да жер телімі бөлініп, құжаттары рәсімделіп жатқанын, оған қаржы бөлуге сұраныс жіберілгенін жеткізді. Ал, осы ауылдағы бұзылған иесіз үйлерді заң-дастырып, ауыл тұрғындарына беру мәселесі де қолға алынған. 39 иесіз нысанның 11-і «Масақ ауылдық округі әкімінің» ММ коммуналдық меншік құқығы танылсын деп Еңбекшіқазақ ауданының №2 аудандық сотының шешімі қабылданған. Ендігі кезекте рәсімдеуге қаражат бөлу мәселесі шешілмекші.

Сонымен қатар, Нұрлы ауылында 2019 жылы ауыз су құбырларын толық ауыстыру жұмысы-нан кейінгі қазылған көшелерді қалпына келтіру жобасы жасалып, биыл қаражаты бөлінген. Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету, тұрғындарға қолайлы жағдай жасау мақсатында орталық Д.Қонаев атындағы, Ә.Жангелдин атындағы көшелердің жиегінен жүргіншілер жолын, арықтарына латок төсеу жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ, осы ауылдағы аллеяны жарықтандыру, орындықтар орнатып, қоршау жұмыстары да қолға алынған.

Шелек ауылдық округіндегі политехникалық колледжінің мәжіліс залында бас қосқан жиында аудан әкімі ең негізгі егіс суару мәселесіне тоқталды. Бартоғай су қоймасы мен ҮАК мекемесіне  аудан бойынша 55 млн теңгедей қарыз бар болса, оның 360 млн теңгесі осы округтің жермен айналысатын шаруа қожалықтарына тиесілі екен. Осы мәселені шешуді ауыл әкімі мен ауыл шаруашылығы кооперативінің басшысы Арзигүл Кавашеваға тапсырды. 

Бұл округте ауылды абаттандыру жұмысы қарқынды жүргізілуде. Бірнеше көшелерге жарық-тандыру, ауылдың шыға берісіндегі ағын судың жиегін тұрғындар қолайлы демалатын абаттандыру жұмыстары, «Роща» саябағында дене шынықтыру және сауықтыру кешенінің құрылысы жүргізілуде.

Қаражота ауылдық округіндегі жиын Ақтоған ауылының клубында өткізілді. Округтегі көтерілген негізгі мәселелер – Шелек-Қаражота, Шелек-Ақтоған тас жолын күрделі жөндеуден өткізу, Ақтоған мен Сарыбұлақ ауылдарындағы мектептерді жаңарту туралы сөз болды. Сондай-ақ, Ақтоғандағы ФАП ғимаратын күрделі жөндеу немесе жаңадан салу туралы сметалық құжаты дайындалғанын, алдағы бір-екі жылда бұл мәселе де шешімін тауып қалатынын жеткізді, аудан әкімі. Ауылда мал өлімінің алдын алу мәселесі де шешімін табуда. Қыста 50 мың вакцина алынып, көктемде малдарға егу жұмыстары жүргізілетіні де айтылды.

Бұл бас қосуларға аудандық мәслихат хатшысы Бекет Ахметов қатысып, жиындарды ашып, жүргізіп, аудан әкімі ауыл тұрғындарының сұрақтарын тыңдап, тиісті жауабын айтып, жеке тұлғаларды қабылдады.

Анарбек БЕРДІБАЕВ.

Оқылды 691 рет
Осы категориядағы басқа материалдар: « Марапат иелерін тапты Ащысай ауылында айтулы той өтті »

Соңғы жаңалықтар

Қаң 30, 2026

Қаланың дамуы – тұрақты өсім мен…

Әкімдердің халықпен тығыз байланыста болуы үкіметіміздің бас-ты талаптарының бірі екені…
Қаң 30, 2026

Газет-журнал, кітап қоры – қазақтың…

Мемлекет басшысы «Оқитын ұлт болайық» дегенде, тек ұран тастап қана қоймай, биліктің ұшар…
Қаң 30, 2026

Әлеуметтік нысандарды аралады

Облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев ауданынымызға жұмыс сапарымен келіп, әлеуметтік нысандарды…
Қаң 28, 2026

Конституция – құқықтық кепіл және…

Ұсынылып отырған түзетулер Конституцияны тек құқықтық құжат қана емес, азаматтардың…
Қаң 28, 2026

Мемлекеттік басқарудың тиімділігі

Президенттің, Вице-Президенттің және Кұрұлтайдың өкілеттіктерін нақтылау мемлекеттік…

Күнтiзбе

« Қаңтар 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет