Сейсенбі, 08 Қараша 2022 09:15

Тоқаев штабы Қостанай және Ақмола облыстарының тұрғындарымен кездесті

Президенттікке кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың Республикалық қоғамдық штабының мүшелері Қостанай және Ақмола облыстарының сайлаушыларымен 60-тан астам кездесу өткізді.

Мәселен, Қостанай облысының Әулиекөл ауылында өрттен зардап шеккен жергілікті тұрғындармен кездесу өтті.

«Бүгін Республикалық штабтың мүшелері Әулиекөлге ең алдымен аудан тұрғындарымен кездесу үшін келді. Әулиекөлде зардап шеккен тұрғындарға арналып, екі айдан аз уақыт мерзімде жаңадан «Бірлік» шағын ауданы бой көтерді. Баспанасынан айырылған 91 отбасы күн суымай тұрып жаңа үйге кірді», – деп атап өтті Республикалық қоғамдық штаб делегациясының басшысы Асхат Оралов.

Бұдан соң, Қостанайда өңір жұртшылығымен кездесу өтіп, онда РҚШ мүшелері әділетті өңірлік саясатты қамтамасыз етуге бағытталған сайлауалды бастамаларды түсіндірді.

Сайлауалды бағдарламада көрініс тапқан жұмыспен қамту және жұмысшылардың құқықтарын қорғау мәселелерін ССКӨБ, «Агромашхолдинг», «Баян Сұлу» және т.б. кәсіпорындардың еңбек ұжымдарымен кездесу барысында талқылады.

Ақмола облысында Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің студенттерімен және профессор-оқытушылар құрамымен кездесу барысында РҚШ мүшелері кандидаттың білім беру құндылықтарын ілгерілету, білім және ғылым саласын, жастар саясатын дамыту жөніндегі бастамаларын назарға алды.

Бұдан соң, өңірдіңауыл шаруашылығы кәсіпорындары мен фермерлік шаруашылықтарының өкілдерімен іс-шара өтті. РҚШ мүшелері сайлауалды бағдарламада көрініс тапқан аграрлық секторды дамыту жөніндегі шараларды түсіндірді

Сондай-ақ, штаб мүшелері туристік кластер өкілдерімен ШОБ-ты дамытуға қатысты шараларды талқылады.

Бағдарламада көрініс тапқан еңбек адамының құқықтарын қорғау бастамалары «KazRost Engineering LTD» зауытының, Степногорск ЖЭО, Макинск құс фабрикасының еңбек ұжымдарымен және т.б. кездесулер барысында талқыланды.

Сайлау науқаны басталғаннан бері еліміздің барлық өңірінде 10 мыңнан астам үгіт-насихат іс-шарасы өтті.

Оқылды 580 рет

Соңғы жаңалықтар

Ақп 19, 2026

Рухани тазару айы

2026 жылдың ақпан айында күллі мұсылман адам үшін қасиетті Рамазан айы басталады. Бұл ай…
Ақп 10, 2026

Мұқағалиға арнау

Ақиықтар түлеген мұзбалағы, Хантәңірінің қарапайым қыр қазағы. Поэзияның асқар шыңын…
Ақп 10, 2026

Қазақ поэзиясының Хантәңірі

Сырым да – осы, Жырым да – осы, Алдыңда Байқашы бір, Бықсыдым ба, жандым ба? Махаңдар…
Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…

Күнтiзбе

« Наурыз 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет