Сәрсенбі, 09 Қараша 2022 16:51

Мейрам Қажыкеннің «СтройДеталь» ЖШС қызметкерлерімен кездесуі

7 қарашада Ақтөбеде ҚР Президенттігіне кандидат Мейрам Қажыкен «СтройДеталь» ЖШС қызметкерлерімен кездесті.

Кандидат өзінің сайлауалды бағдарламасын таныстыру барысында, әлеуметтік әріптестік институтын дамытудың, тәуелсіз кәсіподақтар мәртебесін көтерудің, экономика мен еңбекақы төлеу жүйесін реформалаудың маңыздылығын атап өтті.

Айта кетейік, қазірде кәсіпорында 500-ден астам адам жұмыс істейді, олардың 90% кәсіподақта. Осыған байланысты кандидат еңбекшілердің мүдделерін қорғайтын ұйымдардың мәртебесін көтеруге және жалақыны есептеуге баса назар аударды.

«Біз бәріміз жоғары табыс алғымыз келеді. Бұл біз үшін кіріс болса, жұмыс беруші үшін шығындар. Сондықтан жалақы қандай болуы керек, оны қалай көбейтуге болатынын талқылау керек. Бұл мәселені салалық деңгейде шешу қажет. Ол үшін қызметкерлер өз құқықтарын қорғау мақсатында кәсіпкерлер және  жұмыс берушілермен бірлесіп еңбекақы төлеу жүйесін әзірлейтін салалық кәсіподақтарға сеніп тапсыруы тиіс», – деп атап өтті М.Қажыкен.

Кандидат: «Кәсіподақтар арасынан ұсынылдым, демек, барлық жұмысшылар көтерген мәселелерді шешуге байланысты жауапкершілік арқалаймын», – деді.

Кәсіпорын қызметкерлері М.Қажыкеннен партияға қатыстылығы туралы сұрады.

«Мен көптен бері ешқандай партияда болмадым. Жас кезімде комсомолға, содан кейін компартияға қосылдым, бірақ онда қысқа мерзім болды. Ал қазір ешқандай партияның мүддесін қорғамаймын», – деді ол.

Әлеуметтік тақырыптар туралы айта отырып, үміткер сапалы және қолжетімді білім беруді, денсаулық сақтау саласын қаржыландыруды және әлеуметтік жағдайы жоқ отбасыларға тұрғын үй беруді жақтады.

Кәсіпорын қызметкерлерінен Қазақстанның сыртқы саясаты туралы мәселе көтерілді.

«Қазір айнала тыныш емес. Мұны мойындау керек. Қазақстан экономикалық жағынан да, саяси және әскери жағынан да мықты ел болуы тиіс», – деп жауап берді М.Қажыкен.

Үміткерді шығарып сала отырып, зауыт қызметкерлері оған табыс тіледі. 

Анықтама үшін:

Зауыт 1968 жылы пайдалануға берілді. «Стройдеталь» ЖШС – Батыс Қазақстанның құрама бетон, әк, керамзит қиыршықтас, жерүсті жабыны, ағаш өңдеу, сондай-ақ, басқа да өнімдер мен қызмет түрлерін өндіру саласындағы құрылыс материалдарын өндіретін ірі зауыты.

Оқылды 585 рет

Соңғы жаңалықтар

Қаң 22, 2026

Отан жолында опат болған жеті…

Әлемде қиындық пен қасіретті, қорлық пен қиянатты көп көрген екі ұлт болса соның бірі –…
Қаң 22, 2026

Спортивные достижения юных …

Второй год работает в селе Байтерек детский футбольный клуб АL* stars. Занимаются в нём…
Қаң 22, 2026

Жас әртістер қойылымы

Ақбастау орта мектебінде «Бастауыш» әдістемелік бірлестігінің «Ертегілер елінде» оқу…
Қаң 22, 2026

Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ

Балалық шақ… Бұл сөзді естігенде көз алдымызға күннің жұмсақ сәулесіне шағылысқан, асыр…
Қаң 22, 2026

Отбасы мен бала тәрбиесіне көңіл…

Отбасы – мейірім мен махаббат мекені әрі кішкентай періштелердің қауіпсіз, жылы орны.…
Қаң 22, 2026

Рух пен сөз күші

Алланың маған берген ерекше дарыны мені шығармашылыққа ерте жастан жетеледі. Бала…
Қаң 22, 2026

Ғасыр адамы

12 қаңтар көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, ғалым, техника ғылымдарының докторы,…
Қаң 22, 2026

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт…

Құрметті қауым! Жаңа ғана сөз сөйлеген Құрылтай мүшелері маңызды ой-пікірлер айтты.…
Қаң 20, 2026

2025 жылдың IV тоқсанында кірістері…

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша…

Күнтiзбе

« Қаңтар 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет