Бейсенбі, 10 Қараша 2022 15:05

Мәслихат отырысында маңызды мәселер қаралды

8 қарашада Еңбекшіқазақ аудандық мәслихатының мәжіліс залында мәслихат хатшысы Ахметов Бекет Төлегенұлының төрағалығымен тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысы өтіп, күн тәртібінде бірнеше мәселе қаралды.
Бірінші болып есеп берген аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Бейбіт Искаков Еңбекшіқазақ ауданы аумағындағы халықты сапалы ауыз сумен қаматамасыз ету бағытында қызмет көрсетіп отырған ұйымдардың атқарған жұмыстары мен олардың қызмет көрсету сапасына, материалдық-техникалық жабдықталуы мен ағымдағы жағдайына, қаржыландырылуы, сондай-ақ туындаған өзекті мәселелерді шешу бойынша қабылданған нақты шаралар мен жоспарларға тоқталып, осы салада 2020-2022 жылдар аралығында бөлімнің тарапынан атқарылған жұмыстардың нәтижесі мен 2023 жылға арналған жоспарларын нақтылады. Сондай-ақ, тұрғындар тарапынан көтеріліп жатқан «Нұра топтың су құбыры» кәсіпорнының «Алатау» филиалына қарасты аудан аумағындағы су құбырларын «Есік су» кәсіпорнының теңгеріміне өткізіп беру мәселесі талқыланды.
Мәслихат депутаттарының тарапынан сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету бағытында жоспарлы жұмыс керектігі ескертіліп, алдағы кезеңде нақты тұрғындардың тұтынуы мен сұранысына сай бағдарлану қажеттігі айқындалды. Сонымен қатар, күнен күнге өзектілігі артып келе жатқан Бәйтерек, Жаңашар ауылдарының мәселесін жоспарға еңгізу керектігі айтылды.
Екінші мәселе бойынша өзіне бекітілген салалар бойынша жергілікті атқарушы органның қызметін үйлестіру, туындаған өзекті мәселелерді шешу бағытында есепті кезеңде атқарылған жұмыстар мен 2023 жылға жоспарланған міндеттер туралы Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің орынбасары Смағұлов Әділжан Мұхамеджанұлының хабарламасы тыңдалды.


Хабарлама негізінде Есік қаласындағы мектептерге Рахат ауылдық округіне қарасты саяжай аумағынан тасымалданатын балалардың санын барынша азайтып, үш ауысымды мектептердің мәселесін шешуге назар аудару қажеттігі ескертіліп, жоспарланған жұмыстарға қол жеткізу үшін бақылауды күшейтуді сұрады. Сонымен бірге, Мемлекет басшысының Жолдауына сәйкес аталған мәселені шешуге бағытталған «Жайлы мектеп» пилоттық ұлттық жобасынан кірген елді мекендердегі нысандардың құрылысынан бөлек, күрделі жөндеуді қажет ететін мектептердің мәселесін шешуді күн тәртібінде қарастырып, сұраныс жолдаудың маңыздылығын атап өтті. Жолдау аясында алдағы екі жылда медициналық және фельдшерлік-акушерлік бөлімшелері жоқ ауылдарда жаңа модульді нысандар салынып, қажетті құрал-жабдықпен толық қамтамасыз ету жоспарлануда. Осы бағытта халыққа қажетті аса маңызды денсаулық сақтау нысандарының құрылысына қол жеткізу үшін де шаралар қабылдауды ұсынды.
Соңғы мәселе бойынша «Есік су» кәсіпорнының 2021-2022 жылдар аралығында атқарған жұмыстары туралы «Есік су» кәсіпорнының директоры Ернар Арыстанбековтың есебі тыңдалып, материалдық-техникалық жабдықталуы мен ағымдағы жағдайын барынша жақсарту, қаржыландырылуы мен халықты ауыз сумен қаматамасыз ету бағытында қызмет көрсету сапасын және ауқымын кеңейту назарға алынды.
Күн тәртібіндегі мәселелер толығымен қаралып, комиссиялардың бірлескен отырысы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 15-бабына сәйкес, баяндамашылардың есептерін назарға алуды және депутаттар тарапынан көтерілген мәселелерді, ұсыныстар мен ескертулерді хаттамаға енгізіп, тиісті жауапты мекемелерге жолдау туралы қаулы қабылдады. Орындалуын бақылау тұрақты комиссия төрағаларына жүктелді.

Беглан САТЫБАЛДИЕВ,
мәслихат аппаратының басшысы.

Оқылды 541 рет

Соңғы жаңалықтар

Ақп 19, 2026

Рухани тазару айы

2026 жылдың ақпан айында күллі мұсылман адам үшін қасиетті Рамазан айы басталады. Бұл ай…
Ақп 10, 2026

Мұқағалиға арнау

Ақиықтар түлеген мұзбалағы, Хантәңірінің қарапайым қыр қазағы. Поэзияның асқар шыңын…
Ақп 10, 2026

Қазақ поэзиясының Хантәңірі

Сырым да – осы, Жырым да – осы, Алдыңда Байқашы бір, Бықсыдым ба, жандым ба? Махаңдар…
Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…

Күнтiзбе

« Наурыз 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет