Бейсенбі, 10 Қараша 2022 16:27

Кандидат Мейрам Қажыкеннің Ақтауға жұмыс сапары

ҚР Президенттігіне Кандидат Мейрам Қажыкен Ақтауға жұмыс сапарымен барды.

Мұнда ол теңіз сауда портына болып, порт қызметкерлері паром кешені, мұнай құю айлақтары, астық және құрғақ жүк терминалдары, тиеу-түсіру кешені, Портофлот, «Баутино» жүк ауданы, оның инфрақұрылымы туралы айтып берді. Барлық нысандар тәулік бойы жұмыс істейді. Бір уақытта портта 9 кеме өңделуі мүмкін. Жүктерді ауыстырып тиеу қуаты 17,7 млн тоннаны құрайды.

М.Қажыкен кездесу барысында порт қызметкерлеріне өзінің сайлауалды тұғырнамасын таныстырды. Тиісінше порттың ел үшін халықаралық ауқымдағы үлкен экономикалық мүмкіндіктер ашатынын атап өтті.

«Ақтау порты – үлкен әлемге жетелер қақпа. Оның жүктерді ауыстырып, тиеуді ұлғайту үшін әлеуеті бар. Елдегі көлік логистикасы жүйесіндегі маңызы зор», – деді кандидат.

Сайлаушылар қолданыстағы жолдардың сапасына наразылықтарын білдіріп, М.Қажыкеннің бұл мәселені қалай шешуді жоспарлап отырғанын сұрады.

«Жолдар – коммуникация, коммуникация – экономика. Жолсыз байланыс та, экономика да болмайды. Ішкі және халықаралық маңызы бар көптеген сапалы жолдарды салу қажет. Сапалы жолдар көп инвестицияны қажет етеді. Бірақ қазір құрылыс саласында үнемдеу байқалады. Қазақстанда күрделі жөндеуді қажет ететін көптеген жолдар бар. Мен ел аралап шықтым және бұл мәселе туралы білемін», - деп атап өтті ол.

Кандидат сонымен қатар мемлекеттік басқаруды орталықсыздандыру, әйелдердің зейнеткерлік жасын төмендету, ең төменгі жалақыны ашық есептеу, экология, сапалы білім беру және қолжетімді медицина мәселелерін көтерді.

Бюджетаралық реттеудің тиімді моделін құру туралы айта келе, кандидат өңірлерде өз мәселелерінің көпшілігін өздері шешуі тиіс екенін атап өтті.

«Және олар мұны істей алады. Әкім әкімшілік орталыққа немесе Астанаға барып, мектеп салуға немесе аурухананы жөндеуге ақша сұрамауы керек. Мұндай мәселелер жергілікті жерлерде шешілуі керек. Салық ақшасының көп бөлігі аймақта қалуы керек», деп түйіндеді ол.

Анықтама үшін: «Ақтау теңіз сауда порты ҰК» АҚ. Ақтау теңіз сауда порты 1963 жылы Каспий теңізінің шығыс жағалауында салынған. Алғашында Маңғышлақ өңірінің уран өнеркәсібі мен мұнай кен орындарын дамытуды қолдау мақсатында құрылған.

Порттың құрылуы негізгі және қосалқы толқын ағындарын және бір уақытта төрт құрғақ жүк айлағын салудан басталды. 1969 – 1986 жылдары төрт мұнай құю айлағы мен паром кешені құрылды. Ақтау порты арқылы тасымалдың басым бөлігі мұнайға тиесілі болды – 80-жылдардың басында жылына 7 млн тоннаға дейін, ал құрғақ жүктерді тасымалдау жылына 300 мың тоннадан аспады.

Бүгінде Ақтау порты жылына 12 ай және тәулігіне 24 сағат шығыстан батысқа, солтүстіктен оңтүстікке және кері бағытта жүк тасымалдауды қамтамасыз ететін заманауи көп мақсатты терминал болып табылады. Оның бірнеше көлік дәліздерінің қиылысында орналасуы мемлекеттің дамуында стратегиялық маңызын арттырады. 

Оқылды 651 рет

Соңғы жаңалықтар

Ақп 19, 2026

Рухани тазару айы

2026 жылдың ақпан айында күллі мұсылман адам үшін қасиетті Рамазан айы басталады. Бұл ай…
Ақп 10, 2026

Мұқағалиға арнау

Ақиықтар түлеген мұзбалағы, Хантәңірінің қарапайым қыр қазағы. Поэзияның асқар шыңын…
Ақп 10, 2026

Қазақ поэзиясының Хантәңірі

Сырым да – осы, Жырым да – осы, Алдыңда Байқашы бір, Бықсыдым ба, жандым ба? Махаңдар…
Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…

Күнтiзбе

« Наурыз 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет