Сейсенбі, 15 Қараша 2022 15:14

Салтанат Тұрсынбекова Қазақстандағы ана мен бала өлімі тақырыбын көтерді

Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат Салтанат Тұрсынбекова Қазақстандағы ана мен бала өлімі тақырыбына арналған жиын өткізді. Жиын Атырау қаласында ұйымдастырылды.

«Ана мен бала өлімінің деңгейі – ел медицинасының дамуын сипаттайтын маңызды көрсеткіштердің бірі. Бұл көрсеткіштер мемлекеттегі өмір сүру деңгейі туралы да айтады, содан кейін ол халықаралық рейтингтерде де көрсетіледі. Қазақстанда бұл көрсеткіштер бұрыннан өсіп келе жатқанымен, соңғы уақытта асқан жылдамдықпен өсе бастады. Біз әрбір әйел мен сәби үшін күресуіміз керек», деді Тұрсынбекова.

Кандидат ranking.kz деректеріне сілтеме жасай отырып, бірнеше цифрларды алға тартты. Ұлттық жоспарға сәйкес, ана өлімі 2021 жылы 100 мың тірі туғанға шаққанда 35-тен төмен болып, 2025 жылға қарай 10-ға дейін төмендеуі керек. Ал, іс жүзінде 2021 жылы бұл көрсеткіш 44,7 болды. Атырау облысында ана өлімінің нақты көрсеткіші күтілгеннен үш есеге жоғары болды.

«Соңғы уақытта балалар өлімі бойынша нәтижелер де көңіл көншітпейді. Жыл соңына дейін Қазақстанда нәресте өлімі 1000 тірі туғанға шаққанда 7,6-ға дейін төмендеуі керек еді. Алайда, көрсеткіш керісінше республика бойынша орта есеппен 8,44-ке дейін өсті», деді спикер. Нәресте өлімінің жиі кездесетін себептері перинаталдық кезеңде туындайтын жағдайлар (932 нәресте), туа біткен ауытқулар жиі кездеседі (335 нәресте), сондай-ақ инфекциялық және паразиттік аурулардың да әсері болады (72 нәресте).

«Ана мен бала өлімінің алдын алуға баса назар аударылуда. Ол үшін қоғамдық ұйымдармен, ғалымдармен, сарапшылармен жаңа шешімдерді талқылау маңызды. Шалғай елді мекендерде еңбек ететін әйелдер үшін қолайлы жағдай жасайтын тиімді инфрақұрылымды құру қажет. Фельдшерлік-акушерлік пунктер мен дәрігерлік амбулаториялардағы медициналық кадрлардың тапшылығы мәселесін шешу, осы салалардағы медициналық жоғары оқу орындарынан мамандарды көптеп шығару – бүгінгі күннің талабы. Мұндай профильдегі дәрігерлерді жақсы ынталандырып отыру керек», – деп атап өтті құқық қорғаушы.

Еске салайық, Салтанат Тұрсынбекованың еліміздің батысында үгіт-насихат жұмыстарымен жүргеніне екінші күн болды. Ол Yessenov университетінің оқытушыларымен, студенттерімен және түлектерімен, сондай-ақ жалғызбасты, әскерге шақырылғандардың аналарымен кездесулер өткізген болатын.

Оқылды 828 рет

Соңғы жаңалықтар

Ақп 19, 2026

Рухани тазару айы

2026 жылдың ақпан айында күллі мұсылман адам үшін қасиетті Рамазан айы басталады. Бұл ай…
Ақп 10, 2026

Мұқағалиға арнау

Ақиықтар түлеген мұзбалағы, Хантәңірінің қарапайым қыр қазағы. Поэзияның асқар шыңын…
Ақп 10, 2026

Қазақ поэзиясының Хантәңірі

Сырым да – осы, Жырым да – осы, Алдыңда Байқашы бір, Бықсыдым ба, жандым ба? Махаңдар…
Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…

Күнтiзбе

« Наурыз 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет