Сәрсенбі, 16 Қараша 2022 17:05

ЖИГУЛИ ДАЙРАБАЕВ: «ДИПЛОММЕН – АУЫЛҒА!» БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ АЯСЫН КЕҢЕЙТІП, АУЫЛДАН ШЫҚҚАН ЖАСТАРҒА ҚОЛДАУ КӨРСЕТУІМІЗ ТИІС

Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат Жигули Дайрабаев үгіт-насихат жұмыстарын Батыс Қазақстан облысында жалғастыруда. Өңірге арнайы келген кандидат Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінде кездесу өткізді. Жиынға универсеттің басшылары мен оқытушуылық құрамы, студенттер, жоо белсенділері қатысты. Кездесу барысында оқу ордасында білім алған мамандардың жұмыспен қамтамасыз етілуі талқыға салынды.

«Иә, расында ауылдық жерлер мен қаланың даму деңгейінде айырмашылық бары жасырын емес. Осыны анық аңғарып, көріп жүрген жастар оқу бітірген бойда алдымен қалада қызметін бастап, сол жерде тұрақтап қалуды көздейді. Бірақ өзіміз айтқандай, ауылдарды дамыту мемлекеттің басты бағыттарының біріне айналып отыр. Осы ретте «Дипломмен – ауылға!» бағдарламасына өзгерістер енгізу қажет деп санаймын», – деп атап өтті Жигули Дайрабаев.

Кандидат ауылдан шыққан жастар, қайта ауылға оралып, өз туған жерінің дамуына үлес қосуы қажет дейді. Ол үшін оларға барлық жағдай жасалуы тиіс. Ауылдық елді мекендердегі білікті маман тапшылығының орнын толтырудың бірден-бір жолы осы. «Дипломмен – ауылға!» бағдарламасының аясын кеңейтіп, жұмысты жаңа деңгейде жалғастырған жөн.

«Еліміздегі ауыл шаруашылығы бағытындағы университеттердің түлектері неге мамандық бойынша жұмыс істеуге бармайды? Біріншіден, саладағы жалақының төмендігіне байланысты. Екіншіден, ауылдағы тұрмыстық жағдайдың қиындығы, көптеген ауылдарда қарапайым суық су, интернет жоқ, жолдар өте нашар. Үшіншіден, балаларға арналған дамыту орталықтарының жоқтығы. Сондықтан «Ауыл» партиясы ұсынып отырғандай, ауыл және ауыл шаруашылығы мәселелерін бірлесіп шешу қажет», – деген пікірде Жигули Дайрабаев.

Қандидат Жигули Дайрабаев «Жайық Ет» кәсіпорнына барып, еңбек ұжымымен кездесті. Бүгінде заманауи ет өңдеу кешені 8 мың тонна өнім шығарады. Кәсіпорын өндіріс көлемін арттыруға ниетті. Алайда зауыт басшылығының айтуынша, несие алу бойынша қиындықтар туындап отыр.

Осы ретте Жигули Дайрабаев агробизнес құрғысы және аграрлық саланы нығайтқысы келетіндер үшін пайызсыз несие беретін арнайы агробанк құруды ұсынғанын атап өтті.

«Пайызсыз несие қожалықтар мен фермерлік шаруашылықтарға, жеке кәсіпкерлерге, ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативтерін ашу мен жеке бизнесті кеңейтуге берілуі тиіс. Мен бұл өзекті мәселеге өзімнің сайлауалды бағдарламамда да тоқталдым. Біз ауыл шаруашылығы саласын дамытуға ниетті болсақ, осы бағытта еңбек етіп жүрген азаматтарымызды қолдауымыз керек», – деді Жигули Дайрабаев.

«Ауыл» ХДПП Баспасөз қызметі.

Оқылды 494 рет

Соңғы жаңалықтар

Қаң 24, 2026

Бүгін Конституциялық реформалар…

Іс-шара әлеуметтік желідегі ресми парақшаларда: ?consot_kz ?constcouncil.kz…
Қаң 24, 2026

Сегодня состоится первое заседание…

Мероприятие будет транслироваться в прямом эфире на официальных страницах в социальных…
Қаң 22, 2026

Отан жолында опат болған жеті…

Әлемде қиындық пен қасіретті, қорлық пен қиянатты көп көрген екі ұлт болса соның бірі –…
Қаң 22, 2026

Спортивные достижения юных …

Второй год работает в селе Байтерек детский футбольный клуб АL* stars. Занимаются в нём…
Қаң 22, 2026

Жас әртістер қойылымы

Ақбастау орта мектебінде «Бастауыш» әдістемелік бірлестігінің «Ертегілер елінде» оқу…
Қаң 22, 2026

Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ

Балалық шақ… Бұл сөзді естігенде көз алдымызға күннің жұмсақ сәулесіне шағылысқан, асыр…
Қаң 22, 2026

Отбасы мен бала тәрбиесіне көңіл…

Отбасы – мейірім мен махаббат мекені әрі кішкентай періштелердің қауіпсіз, жылы орны.…
Қаң 22, 2026

Рух пен сөз күші

Алланың маған берген ерекше дарыны мені шығармашылыққа ерте жастан жетеледі. Бала…
Қаң 22, 2026

Ғасыр адамы

12 қаңтар көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, ғалым, техника ғылымдарының докторы,…

Күнтiзбе

« Қаңтар 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет