Сәрсенбі, 16 Қараша 2022 17:06

Тұрсынбекова Өскеменде өткен кездесуде экология және балалар арасындағы буллинг мәселелерін талқылады

15 қарашада ҚР Президенттігіне кандидат Салтанат Тұрсынбекова еліміздің шығысында болды. Ол Өскемен қаласында екі кездесу өткізді.
Алғашқы кездесу жергілікті экологтар мен осы салада жүрген белсенділермен өтті. С.Тұрсынбекованың айтуынша, Шығыс Қазақстан облысында орналасқан Өскемен, Риддер және Зырян қалалары ауаның ластануы бойынша алдыңғы қатарда тұр. Атмосфералық ауаны ластаудың негізгі көзі 370-тен астам кәсіпорыннан шығатын қалдықтар болып табылады. Ол сонымен қатар экологтар Шығыс Қазақстан облысының өзендерін жоғары және орташа ластану деңгейі бар су ағындары қатарына жатқызатынын атап өтті. Судың сапасының бұзылуына ауыр металдар қатты әсер етеді. Шенеуніктер мұндай проблемалардың бар екенін мойындайды, бірақ жағдайды жоюға қаражат жеткіліксіз екенін айтады.
Ол өңірдегі тағы бір маңызды мәселеге тоқталды. «Еліміздің шығысы – Семей ядролық сынақ полигоны трагедиясының мәңгілік мұрагері, оның зардаптары әлі күнге дейін халқымызды алаңдатып келеді. Әртүрлі мәліметтер бойынша, Қазақстанда 1,5 миллионнан астам адам сынақтардан зардап шеккен, 300 мың шаршы шақырым жер ластанған. Бұл – орасан зор көрсеткіш. Жергілікті тұрғындар мен туристер кейде осы аумақта орналасқан көлдерде шомылады, Атом көлінің балығын тұтынады», – деп атап өтті кандидат.
Кейін Салтанат Тұрсынбекова құқық қорғаушылармен кездесіп, олармен мектептегі буллинг тақырыбын талқылады.
«Біз агрессивті қоғамда өмір сүруге үйреніп қалдық, онда әркім өзін қорғайды, бірін-бірі қорлайды, дене жарақаттарын алады. Бірақ заман өзгеріп жатыр. Қазіргі қоғам инклюзивке және толеранттылыққа бағыт алып келеді. Ал балаларды біз төзімділік пен кез келген нәрсенің ақ-қарасын ажыратуға тәрбиелеуіміз керек. Егер бала өз құрдастарынан қандай да бір түрде ерекшеленсе, оны қолдау маңызды. Сондықтан ерекше балаларды ұжымға тарта отырып, қабылдау құндылықтарын сіңіру қажет. Ал агрессияны балалар арасында да айыптайтын нәрсе ретінде қабылдау керек. Бірақ, ең алдымен мұнымен үлкендер жұмыс істеуі керек», – деді ол.
Баяндамашы халықаралық ұйымдардың деректерін келтірді. ЮНЕСКО есебіне сәйкес, «Сандардың артында не жатыр? Мектептегі зорлық-зомбылық пен қорқытуды жою» тақырыбы бойынша дүние жүзінде әрбір үшінші оқушы қандай да бір буллингтің түрін бастан кешіреді. Қорқыту оның құрбандарына ғана емес, агрессорлар мен куәгерлерге де әсер етеді.
Қазақстандағы ЮНФПА 2020 жылы шығарған брошюра елдегі балалардың 63 пайызы зорлық-зомбылық пен кемсітушіліктің куәсі болғанын, 44 пайызы құрбан болғанын, 24 пайызы мектепте басқа балаларға қатысты зорлық-зомбылық пен кемсітушілік әрекеттерін жасағанын хабарлайды. Бұзақылықтың құрбандары – сыныпқа жаңадан келгендер, ал басқалардан ерекшеленетіндер қатарында сыртқы түрі, оқу үлгерімі, ата-анасының әлеуметтік жағдайы бойынша қысымға ұшырайтындар. Сонымен қатар, толық емес отбасылардан шыққан, туа біткен физикалық немесе психикалық дамуында кемістігі бар балалар буллингке жиі кезігіп жатады.
«Сондай-ақ мұғалімдер де оқушыларға қысым жасайтын топтың қатарынан жиі көрініп қалады. Балалар мұғалімдердің әрекетінен немқұрайлылықты сезініп, оны өзіне жасалған қысым деп қабылдайды», – дейді Тұрсынбекова.
Оқылды 612 рет

Соңғы жаңалықтар

Қаң 22, 2026

Отан жолында опат болған жеті…

Әлемде қиындық пен қасіретті, қорлық пен қиянатты көп көрген екі ұлт болса соның бірі –…
Қаң 22, 2026

Спортивные достижения юных …

Второй год работает в селе Байтерек детский футбольный клуб АL* stars. Занимаются в нём…
Қаң 22, 2026

Жас әртістер қойылымы

Ақбастау орта мектебінде «Бастауыш» әдістемелік бірлестігінің «Ертегілер елінде» оқу…
Қаң 22, 2026

Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ

Балалық шақ… Бұл сөзді естігенде көз алдымызға күннің жұмсақ сәулесіне шағылысқан, асыр…
Қаң 22, 2026

Отбасы мен бала тәрбиесіне көңіл…

Отбасы – мейірім мен махаббат мекені әрі кішкентай періштелердің қауіпсіз, жылы орны.…
Қаң 22, 2026

Рух пен сөз күші

Алланың маған берген ерекше дарыны мені шығармашылыққа ерте жастан жетеледі. Бала…
Қаң 22, 2026

Ғасыр адамы

12 қаңтар көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, ғалым, техника ғылымдарының докторы,…
Қаң 22, 2026

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт…

Құрметті қауым! Жаңа ғана сөз сөйлеген Құрылтай мүшелері маңызды ой-пікірлер айтты.…
Қаң 20, 2026

2025 жылдың IV тоқсанында кірістері…

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша…

Күнтiзбе

« Қаңтар 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет