Сейсенбі, 22 Қараша 2022 12:00

ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінде Қоғамдық қабылдау бөлмесі жұмыс істейді

ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің қоғамдық қабылдау бөлмесіне жүгіну арқылы азаматтар ақпараттық-анықтамалық сипаттағы консультациялар ала алады және қаржы реттеушісінің қызметіне қатысты мәселелерді жедел шеше алады.

Қаржы реттеушісінің өкілдері өтініш берушілердің әрбір өтінішін қарайды және банк, сақтандыру, микроқаржы салаларындағы заңнама нормаларына, коллекторлық агенттіктер мен кредиттік бюролардың қызметіне, сондай-ақ бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларына жан-жақты түсіндірмелер береді. Қажет болған жағдайда қоғамдық қабылдау бөлмесінің қызметкерлері қарыз алушылар үшін банктердің, МҚҰ немесе қоғамдық бірлестіктердің өкілдерімен кездесулер ұйымдастыра алады.

Қоғамдық қабылдау бөлмесінің жұмыс уақыты – дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 10.00-ден 13.00-ге дейін және сағат 15.00-ден 17.00-ге дейін.

Тұтынушылар сонымен қатар Агенттіктің құрылымдық бөлімшелерінің басшылығы Қоғамдық қабылдау бөлмесінде өткізетін азаматтардың жеке қабылдауына жазыла алады. Өтініш берушілерді жеке қабылдау кестесімен мына сілтеме бойынша танысуға болады: https://www.gov.kz/memleket/entities/ardfm/press/article/details/15240?lang=ru.

Агенттіктің Қоғамдық қабылдау бөлмесіне қалай жазылуға болады?

Ол үшін:

- Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс. электрондық мекенжайына өзінің аты-жөнін, ЖСН, байланыс деректерін, ұйымның толық атауын, өтініштің қысқаша сипаттамасынжіберу керек және міндетті түрде «Азаматтарды қабылдауға жазылу» тақырыбын көрсетуі немесе осы ақпаратты қоғамдық қабылдау бөлмесінің қызметкеріне ауызша хабарлауы қажет;

- портал арқылы ресми өтініш беру egov.kz, «e-Otinish» ақпараттық жүйесі арқылы немесе жазбаша түрде: А15с9т5, Алматы қ., Көктем-3 шағын ауданы, 21 үй мекенжайы бойынша.

Өңірлердің тұрғындары тұрғылықты жері бойынша Агенттіктің Өңірлік өкілдер басқармаларына жүгіне алады. 

Өтініш берушінің мәселенің мәні баяндалмаған қабылдау туралы өтініші қараусыз қалдырылады.

Қосымша кеңес алу үшін Агенттікке «1459» нөмірі бойынша (жұмыс кестесі: дүйсенбі–жұма күндері сағат 9.00-ден 17.00-ге дейін) немесе «Fingramota Online» мобильдік қосымшасы арқылы хабарласа аласыз.

Оқылды 901 рет

Соңғы жаңалықтар

Қаң 28, 2026

Конституция – құқықтық кепіл және…

Ұсынылып отырған түзетулер Конституцияны тек құқықтық құжат қана емес, азаматтардың…
Қаң 28, 2026

Мемлекеттік басқарудың тиімділігі

Президенттің, Вице-Президенттің және Кұрұлтайдың өкілеттіктерін нақтылау мемлекеттік…
Қаң 28, 2026

Халық кеңесі және азаматтық қоғам

Халық кеңесінің құрылуы жаңа консультативтік орган ретінде халық мүддесін қорғайтын заң…
Қаң 28, 2026

Заң шығару процесін жаңарту

Кұрұлтай мен Парламенттің өкілеттіктерін жаңарту, заң шығару бастамасын кеңейту және…
Қаң 28, 2026

Сот билігінің тәуелсіздігі

Сот билігінің тәуелсіздігін күшейту, сот өндірісін әртараптандыру және адвокатураның…

Күнтiзбе

« Қаңтар 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет