Дүйсенбі, 28 Қараша 2022 14:17

Алаяқтар IPO бойынша жалған мобильді қосымшаларды іске қосты

Өткізіліп жатқан IPO шеңберінде «ҚазМұнайГаз» АҚ акцияларына тиімді ақша салу сылтауымен алаяқтар PlayMarket-тің ресми дүкенінде күмәнді қосымшаларды белсенді түрде жарнамалауда. AppStore-да әзірге мұндай сервистер пайда бола қойған жоқ.

Fingramota.kz мұқият болу қажеттілігін, басқа пайдаланушылардың пікірлерін мұқият оқып шығу керектігін және жүктеуге ұсынылған мобильді қосымшалардың шығарылған күні мен рейтингін қарау керектігін еске салады.

Алаяқтар тегін орнатуға болатын әртүрлі мобильді қосымшалардың көмегімен IPO-да «ақша табуды» ұсынады.

Аңқау азаматтарды көбірек тарту үшін олар «ҚазМұнайГаз» АҚ-тың атауы мен логотипін пайдаланады, ал қосымшаларға сипаттамада аз ғана күш салып жоғары, әрі кепілді табыс алуға уәде етеді. Бұл қосымшалар үкіметтің қолдауымен әзірленді-мыс деп сендіреді.

Алаяқтар IPO шеңберінде бағалы қағаздарға инвестиция салу жеңіл және әр инвестиция үлкен пайда әкеледі деп сендіреді. Дәлел ретінде олар жалған пікірлерді орналастырады. Мына деректерге: қосымшаның шығарылған күніне, ол қаншалықты жиі жаңартылатынына, әзірлеушісі кім екендігіне, пікірлердің саны мен жарияланған күні және пайдаланушылардың аты-жөндеріне назар аударыңыз. Қосымша сіздің деректеріңізді қалайша және қандай жолмен жинайтыны, өңдейтіні және әзірлеушіге беретіні туралы ақпарат маңызды болып табылады.

Басқа ұқсас қосымшаларды ашыңыз, егер онда алданған пайдаланушылардың пікірлері болса, оларды мұқият зерделеңіз.

Fingramota.kz «қомақты пайда» алуға уәде беретін алаяқтардың қызықтыратын ұсыныстарына сенбеуге, зиянды бағдарламалық қамтылымдары бар күдікті қосымшаларды жүктемеуге үндейді. Егер сіз ресми дүкендерде жалған сервистерге тап болсаңыз, онда «Бұзушылық туралы хабарлау» батырмасын басу арқылы әкімшілерге хабарлаңыз.

Достарыңыз бен жақындарыңыз жалған брокерлердің айла-шарғыларына түсіп қалмауы үшін оларға осындай алаяқтық схемалар туралы міндетті түрде айтып беріңіз! 

Қай ақпаратқа сенуге болады? 

IPO тақырыбы бойынша ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің интернет-порталында, Fingramota.kz, ipo.sk.kz, ipo.kase.kz, aifc.kz сайттарында, сондай-ақ қаржы реттеушісінің лицензиясы бар брокерлердің және қор нарығына басқа лицензияланған қатысушылардың сайттарында орналастырылған тек ресми ақпаратқа сенуге болады.

Назар аударыңыз, алаяқтар жалған сайттар аша алады, сондықтанолардың сіздерге электрондық пошта бойынша, әлеуметтік желілерде немесе телефонға жіберуі мүмкін сілтемелер арқылы өтпеңіз әрі мекенжай жолындағы сайттың атауын тексеріңіз.

Fingramota.kz сайты өткізіліп жатқан ІРО-ның шеңберінде «ҚазМұнайГаз» АҚ-тың акцияларын мыналар:

- брокерлер;

- кейбір банктердің мобильдік қосымшалары;

- «Астана» халықаралық қаржы орталығының Tabys мобильдік қосымшасының «Тікелей жазылу» бөлімінде;

- «Қазпочта» АҚ арқылы сатып алуға болатыны жайында еске салады. Толығырақ ақпаратты мына: https://fingramota.kz/ru/news/post/kak-uchastvovat-v-ipo-kazmunajgaza сілтемесі арқылы оқыңыз.

Қаржылық сауаттылығыңызды Fingramota.kz сайтымен бірге арттырыңыз!

Оқылды 924 рет

Соңғы жаңалықтар

Қаң 24, 2026

Конституциялық реформа жөніндегі…

Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның алғашқы отырысында Конституциялық Сот…
Қаң 24, 2026

Бүгін Конституциялық реформалар…

Іс-шара әлеуметтік желідегі ресми парақшаларда: ?consot_kz ?constcouncil.kz…
Қаң 24, 2026

Сегодня состоится первое заседание…

Мероприятие будет транслироваться в прямом эфире на официальных страницах в социальных…
Қаң 22, 2026

Отан жолында опат болған жеті…

Әлемде қиындық пен қасіретті, қорлық пен қиянатты көп көрген екі ұлт болса соның бірі –…
Қаң 22, 2026

Спортивные достижения юных …

Второй год работает в селе Байтерек детский футбольный клуб АL* stars. Занимаются в нём…
Қаң 22, 2026

Жас әртістер қойылымы

Ақбастау орта мектебінде «Бастауыш» әдістемелік бірлестігінің «Ертегілер елінде» оқу…
Қаң 22, 2026

Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ

Балалық шақ… Бұл сөзді естігенде көз алдымызға күннің жұмсақ сәулесіне шағылысқан, асыр…
Қаң 22, 2026

Отбасы мен бала тәрбиесіне көңіл…

Отбасы – мейірім мен махаббат мекені әрі кішкентай періштелердің қауіпсіз, жылы орны.…
Қаң 22, 2026

Рух пен сөз күші

Алланың маған берген ерекше дарыны мені шығармашылыққа ерте жастан жетеледі. Бала…

Күнтiзбе

« Қаңтар 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет