Бейсенбі, 22 Желтоқсан 2022 10:32

Егемендікке бастаған ерлік жыры

Бүгінгі Тәуелсіз Қазақстанның еркіндігі мен бостандығы жолында бастарын бәйгеге тіккен Желтоқсан көтерілісіне қатысушылардың ерліктері уақыт өткен сайын жадымызда жаңғырары сөзсіз.

Аудан басшысы Алтай Досумбаев Желтоқсан ардагерлерімен кездесу өткізді. Аталған кездесуге мәслихат хатшысы Бекет Ахметов, аудан әкімінің орынбасары Қуат Ақшабаев, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Тілеулес Ұзақов, ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің басшысы Ерболат Сарабеков және Желтоқсан ардагерлері қатысты. Отырыс барысында ардагерлер өздерінің мәселелерімен бөлісіп, ауданның тыныс-тіршілігі туралы әңгіме құрды. Жыл сайын тарихи маңызы зор бұл күн Тәуелсіздік мейрамымен тұспа-тұс келеді. «Желтоқсанда» қайсарлық пен қаһармандық танытқан жастарды еске алып, сол бір аязды күндері абақтыға жабылған, қуғын-сүргінге ұшыраған, оқудан, жұмыстан шығарылған жандармен жүздесу, хал-жағдайын біліп, пікірлесудің маңызы зор.

Кездесуде Алтай Машикұлы: – Қазіргі уақытта сіздер әр салада табысты еңбек етіп жүрсіздер. Соның арқасын-да ауданымыз күн санап дамып келеді. Көптеген игі істер жүзеге асып, әлеумет-тік-экономикалық әлеуетіміз арта түсуде. Халық санында да өсім бар. Бұл көрсет-кіштер – Тәуелсіздік жылдарында бір кісідей атқарған жемісті еңбегіміз деп білемін. Жалпы, бүгін сіздермен кездесіп, өткен күндердің ащы да болса шындыққа толы оқиғалары турасында әңгіме өрбіт-кенді жөн көріп отырмыз, – дей келе кездесуге жиналған барлық желтоқсаншы-лардың тілек-пікірін тыңдап, олармен еркін форматта әңгіме-дүкен құрды.

Жиналыста сөз алған аудандық мәслихат хатшысы Бекет Ахметов еліміз Тәуелсіздік жылдарында қалыптасудың аумалы-төкпелі кезеңдерін еңсеріп, көптеген қиындықтарды бастан өткергендігін айтып, алға қадам басу үшін жұрт бірлігінің аса қажет екендігін  жеткізді. Ал аудандық ардагерлер кеңесінің жетекшісі Тілеулес Ұзақов өңіріміздегі ардагерлердің жағдайы жайлы сөз толғады. Кездесуде Желтоқсан ардагерлері де өз көкейінде жүрген мәселелерді қозғап, аудан басшысымен ой ортақтасты. Кездесу соңында Желтоқсан көтерілісінің куәгерлеріне сый-сияпат жасалып, аудан әкімдігі атынан Алғыс хаттар пен гүл шоқтары тарту етілді. Жиын соңында ізгі тілектер айтылып, кездесуге қатысушылар ортақ естелік суретке түсіп, тарқасты.

 Е.АСЫЛ.

 

Оқылды 865 рет

Соңғы жаңалықтар

Ақп 19, 2026

Рухани тазару айы

2026 жылдың ақпан айында күллі мұсылман адам үшін қасиетті Рамазан айы басталады. Бұл ай…
Ақп 10, 2026

Мұқағалиға арнау

Ақиықтар түлеген мұзбалағы, Хантәңірінің қарапайым қыр қазағы. Поэзияның асқар шыңын…
Ақп 10, 2026

Қазақ поэзиясының Хантәңірі

Сырым да – осы, Жырым да – осы, Алдыңда Байқашы бір, Бықсыдым ба, жандым ба? Махаңдар…
Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…

Күнтiзбе

« Наурыз 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет