Жұма, 27 Қаңтар 2023 09:41

Босанғанға дейінгі жәрдемақыны алу мерзімі 15 күннен бір сағатқа дейін қысқарады

ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин «Көрінбейтін үкімет» тұжырымдамасы қалай жұмыс істейтінін түсіндірді.

«Бізге «Invisible Government» тұжырымдамасы аясында тұрғындармен және бизнеспен өзара әрекеттесетін цифрлық инфрақұрылым құру міндеті қойылды. Адам өмірінің әрбір кезеңінде – туған сәтте, балалық шақта, жоғары оқу орнына түскенде, отбасын құрғанда мемлекетпен өзара іс-қимыл жасайды. Сондықтан біздің стратегиялық міндетіміз – әрбір өмірлік кезеңдегі әрбір жағдайды талдау, тұрғындарға барлық процесті қалыпты, түсінікті және ыңғайлы ету. Ол үшін фокус-топтар жиналып, нақты мемлекеттік органдар, цифрлық вице-министрлер тартылатын болады», деді Бағдат Мусин министрліктің кеңейтілген алқа отырысында.

Оның айтуынша, бизнес-процестерді қайта қарағаннан кейін оларды барынша проактивті қызметтерге көшіру жоспарлануда.

«Мысал ретінде өмірге бала әкелуді айтайын. Бұл процестегі негізгі проблемалар – кеңес алу үшін қайда бару керектігі, қалай тіркелу және босануға дейінгі жәрдемақыны алу туралы түсінік жоқ. Бұл мәселелер 50 адамнан тұратын фокус-топта анықталды, оның құрамында жүкті және босанған аналар болды. Түсініксіз процестер көп, ал ананың базалық қажеттіліктерін қанағаттандыру керек. Сондықтан туу туралы куәлікті алу және жәрдемақыны автоматтандыру ғана емес, басқа да процестер жүріп жатыр. Мысалы, босануға дейінгі төлемді алу үшін 15 күн кетеді. Биыл оны бір сағатқа дейін қысқартамыз», деді министр.

Сонымен бірге, жас босанған аналардың тағы бір мәселесі – патронаттық медбикені шақыру болған.

«Ережеге сәйкес, қамқоршы медбике үш күнде келуі керек, бірақ кей жағдайда медбикелер кешігеді немесе мүлдем келмейді. Сондықтан, біз де бұл процестерді автоматтандырамыз, осылайша кімнің барғанын, кімге бару керектігін және басқаларын көруге болады», деп түсіндірді Б. Мусин.

Айта кетейік, елордада Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің кеңейтілген алқа отырысы өтіп, онда министрлік жетекшілік ететін бағыттардағы жұмыстың қорытындылары мен басымдықтары талқыланған болатын.

Дереккөз 

Оқылды 575 рет

Соңғы жаңалықтар

Ақп 19, 2026

Рухани тазару айы

2026 жылдың ақпан айында күллі мұсылман адам үшін қасиетті Рамазан айы басталады. Бұл ай…
Ақп 10, 2026

Мұқағалиға арнау

Ақиықтар түлеген мұзбалағы, Хантәңірінің қарапайым қыр қазағы. Поэзияның асқар шыңын…
Ақп 10, 2026

Қазақ поэзиясының Хантәңірі

Сырым да – осы, Жырым да – осы, Алдыңда Байқашы бір, Бықсыдым ба, жандым ба? Махаңдар…
Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…

Күнтiзбе

« Наурыз 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет