Сәрсенбі, 08 Ақпан 2023 17:21

Дайындық пысықталды

Қыс мезгілінің аяғында еліміздің көптеген өңірлерін топан су басқаны туралы мәліметтердің көбейетіні қалыпты жағдайға айналғалы қашан. Түркістан облысы мен Жамбыл облысында орын алып жатқан төтенше жағдайларды естіп-көріп отырмыз. Қарапайым қарашаның судан келетін азапты тартуы қай-қайсымыздың да қабырғамызға батары сөзсіз. Келеңсіз жағдайлардың алдын алу үшін Еңбекшіқазақ ауданында да су тасқынына қарсы іс-шаралар жүргізілді.

Біздің ауданда күн жылына бастағанда айтарлықтай қауіптер бары жасырын емес. Себебі, қар қалың жауатыны өз алдына, сонымен қатар ауданымызда 57 тоған (пруд) мен су қоймалары бар. Олардың ең ірілері – 226,49 млн текше метр су көлемін құрайтын Бартоғай су қоймасы мен 2 млн текше метр су көлемін құрайтын Есік көлі екені мәлім.Осы орайда аудан әкімі Алтай Досумбаев Бәйдібек би, Тескенсу, Қазақстан ауылдық округтеріндегі су тасқыны қаупі бар учаскелерді аралады. Аталған орындардың жайымен танысқан аудан әкімі округ әкімдеріне қауіптің алдын алатын, атқаруға тиісті бірқатар жұмыстарды тапсырды. Сондай-ақ техника жағынан тапшылық болмайтынын жеткізді.

– Күннің күрт жылынуына байланысты қазіргі таңда қауіпті аймақтар қатаң бақылауға алынды. Одан бөлек аудандағы әрбір өзендердің жағасы мен көпірлерін мұз бен қардан тазарту жұмыстары жүргізіліп келеді. Аудан тұрғындары да өз аулаларын таза ұстағаны жөн, – деді А.Досумбаев.

Ринат НАРХАНОВ.

Оқылды 635 рет

Соңғы жаңалықтар

Ақп 19, 2026

Рухани тазару айы

2026 жылдың ақпан айында күллі мұсылман адам үшін қасиетті Рамазан айы басталады. Бұл ай…
Ақп 10, 2026

Мұқағалиға арнау

Ақиықтар түлеген мұзбалағы, Хантәңірінің қарапайым қыр қазағы. Поэзияның асқар шыңын…
Ақп 10, 2026

Қазақ поэзиясының Хантәңірі

Сырым да – осы, Жырым да – осы, Алдыңда Байқашы бір, Бықсыдым ба, жандым ба? Махаңдар…
Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…

Күнтiзбе

« Наурыз 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет