Бейсенбі, 16 Ақпан 2023 10:55

Бауырлас елге бауырмалдық танытты

Түркиядағы жер сілкінісі салдарынан мыңдаған адам көз жұмып, одан көбі жарақат алып, миллиондаған жан үй-күйсіз қалды. Құрбандар мен зардап шеккендер саны сағат санап өсіп жатқаны тағы бар. Бауырлас елдегі зілзала жұмыр жер жұртышылығының назарын өзіне бұрғызды.  Бүгінде әлемнің көптеген елдерінен түрік еліне гуманитарлық көмектер ағылуда. Қазақстан да бауырлас елге барынша көмек қолын созып, ондағы зілзаладан зардап шеккен ағайынға жәрдем беруге белсене атсалысуда.

Ең әуелі  мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен ТЖМ құтқарушылары жер сілкінісі салдарын жоюға көмек көрсету үшін Түркияға аттанса, іле-шала ел үкіметі  зардап шеккен Анадолы жұртына шұғыл көмек ретінде 1 миллион доллар қаржы бөлген болатын. Бүгінде еліміздің әр өңірінен жойқын зілзаладан зардап шеккен Түркия халқына гуманитарлық көмек жіберілуде. Ауданымыздың тұрғындары да қиындық қыспағында қалған түрік еліне белсене қолұшын созуда. Жақында Есік қаласындағы Т.Молдағалиев атындағы мәдениет үйінің алдындағы алаңда Түркиядағы жер сілікінісінен қиындық көрген адамдарға көмек беру акциясы ұйымдастырылды.Еріктілер бас болған  қайырымдылық шарасынд апат аймағындағы көмекке мұқтаж  жандарға аса қажетті жылы киім-кешек, азық-түлік, балаларға арналған тағамдар, төсек-орын жабдықтары, тұрмыстық және жеке гигиеналық заттар жиналды. 

– Біз әлеуметтік желі арқылы Түркияға гуманитарлық көмек жинау туралы ақпарат таратып, нақты орны мен уақытын ес-керткен едік, адамдар бірден келе бастады. Небәрі жарты сағат ішінде жүк көлігінің 50 пайызын толтырып үлгердік.  Әркім қолында бар затын әкеліп жатыр, ақшалай көмек көрсетіп жатқандар да бар. Тек Есік қаласы ғана емес, Түрген ауылында да көмек жиналып жатыр. Жақында осы айтулы көмекті арнайы жүк көлігімен Түркияға жеткізетін боламыз, – дейді шараны ұйымдастырушылардың бірі Аслан Қабиболлаев. Бұл қайырымдылық шара алда тағы жалғасын табады. Табиғат қатал болғанмен бауырлас елге деген бауырмалдық бәрінен қымбат екені анық.

Е.АСЫЛ.

Оқылды 824 рет

Соңғы жаңалықтар

Ақп 19, 2026

Рухани тазару айы

2026 жылдың ақпан айында күллі мұсылман адам үшін қасиетті Рамазан айы басталады. Бұл ай…
Ақп 10, 2026

Мұқағалиға арнау

Ақиықтар түлеген мұзбалағы, Хантәңірінің қарапайым қыр қазағы. Поэзияның асқар шыңын…
Ақп 10, 2026

Қазақ поэзиясының Хантәңірі

Сырым да – осы, Жырым да – осы, Алдыңда Байқашы бір, Бықсыдым ба, жандым ба? Махаңдар…
Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…

Күнтiзбе

« Наурыз 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет