Дүйсенбі, 20 Ақпан 2023 16:02

ҚХА Кәсіпкерлер қауымдастығының мүшелерімен кездесу өтті

Этносаралық қатынастарды дамыту бөлімі – Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының басшысы Жандар Асан Алматы облысы ҚХА жанындағы Кәсіпкерлер қауымдастығының мүшелерімен және жергілікті кәсіпкерлермен жұмыс кеңесін өткізді.

«Dialog» сарапшылар алаңы аясындағы кездесу барысында Қауымдастық қызметінің негізгі бағыттары мен 2023 жылға арналған жоспары талқыланды. 

Жандар Асан өз сөзінде Қауымдастық мүшелері өңірді өркендетуге өз ықпалын тигізуі қажеттігін атап өтті. Ол Кәсіпкерлер қауымдастығының міндеті жаңадан қайта құрылған облысқа шетелдік инвестиция тартуға, жастардың start-up жобаларын қолдауға, әлеуметтік маңызы бар идеяларды дамытуға бағытталуы тиіс екендігін айтты.

«Өткен жылы ҚХА кәсіпкерлер қауымдастығын трансформациялау бойынша бірқатар жұмыстар қолға алынған болатын. Жаңа міндеттер қатарында шетелдік инвесторлармен экономикалық ынтымақтастықты кеңейту және елге инвестициялар тарту үшін іскерлік байланыстарды белсенді дамыту, жастардың стартаптары мен бизнес-идеяларын іріктеу сынды басым бағыттар бар», – деді Жандар Асан.

Жиын барысында Қауымдастық төрағасы Адам Бойсаев ұйым мүшелерімен жеке таныстырып, бірқатар бастамаларды ортаға салды. Өз кезегінде Алматы облысының кәсіпкерлері еліміздегі оң өзгерістерді қолдап, қай салада да белсенділік көрсететіндіктерін айтты.

Алматы облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының баспасөз қызметі.

Оқылды 696 рет

Соңғы жаңалықтар

Қаң 16, 2026

Пенсии начали подрастать …

В конце декабря 2025 года по интернету гулял фейк о том, что пенсии января 2026 года…
Қаң 16, 2026

Елі сүйген ұлы тұлға

Қазақ елінің бүгінгі таңда өркениетті елдер қатарына қосылып, іргелі елдердің құрметіне…
Қаң 16, 2026

Жас чемпиондар – мектебіміздің…

Бәйтерек ауылындағы Әл-Фараби атындағы орта мектептің оқушылары спорт саласындағы зор…
Қаң 16, 2026

Технологиялық тәуелсіздікке қадам

2026 жыл Қазақстанның даму тарихында жаңа кезеңнің бастауы ретінде бағалануда. Мемлекет…
Қаң 15, 2026

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

Алматы облысының аумақтық сайлау комиссияларына АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА «Еңбекшіқазақ»…
Қаң 15, 2026

Мәселелер депутаттар Назарында

Әлеуметтік салалардың жай-күйін жергілікті деңгейде саралап, тұрғындарды толғандырған…
Қаң 09, 2026

Қазақстан Республикасының Президенті…

2026 жылғы 05 қаңтар – Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы, Сіз жыл сайын мерзімді баспасөзге…
Қаң 09, 2026

Жоспар жүйелі, мақсат айқын

Жуырда аудандық қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті. Маңызды жиынды аудандық қоғамдық…
Қаң 09, 2026

Үздіктер Марапатталды

Жаңа жыл қарсаңында аудандық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен түрлі салада адал…

Күнтiзбе

« Қаңтар 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет