Сейсенбі, 14 Наурыз 2023 17:26

Шат-шадыман мереке

Сағындырып жеткен наурыз айының 14-ші жұлдызы баршаңыз білетіндей «Көрісу күні» мерекесі. Аталған мейрам соңғы жылдары халқымыздың жүрегінен ерекше орын алып, жыл сайын бүкіл еліміз бойынша айрықша мерекеленіп келеді. Бүгін Есік қаласындағы Т.Молдағалиев атындағы аудандық Мәдениет үйінің алаңында Қарасай, Жамбыл, Талғар және Еңбекшіқазақ аудандарының мәдениет өкілдері бірігіп «Амал» күнін кең ауқымда атап өтті.

Шараның басында «Амал» мерекесіне арналған үлкен сахналық көрініс көрсетіліп, аудан әкімі Алтай Досумбаевқа құттықтау сөз берілді. Аудан әкімі өз кезегінде:

– Бұл күнді халқымыз «Амал мерекесі» деп те атайды. Бұл – нағыз береке-бірлік пен ырыс-ынтымақтың мейрамы. Тазалық пен татулықтың, риясыз шаттық пен қуаныштың, ақ тілеу мен пәк пейілдің қосшысы. Ұлы Абай:

«Қырдағы ел ойдағы елмен араласып,

Күлімдесіп, көрісіп, құшақтасып» – деп жырлағандай қыс қыстауға, жаз жайлауға көшетін халық қардың көбесі сөгіліп, көктем шыққан уақытты жақсылыққа балап, бір-біріне жақсылық тілеуге асыққан - дей келе Амал мерекесінің мән-мағынасы мен қадір-қасиетіне кеңінен тоқталып қалың жұртшылықты айшықты мерекемен құттықтады.

Шара барысында Еңбекшіқазақ ауданының құрметті азаматы Аянбек Даутқұлов ағамызға да сөз кезегі берілді. Ел ағасы салт-дәстүрге бай халқымыздың даналығын тілге тиек етіп, ел бірлігі үшін «Көрісу күні» мерекесінің алар орнын айтып, барша жұртқа ақ тілегін білдірді.

Мереке 4 ауданнан жиналған сахна саңлақтарының концерттік бағдарламасымен жалғасты. «Адырна», «Сазген» фольклорлық-этнографиялық ансамблдерінің сазды әуендері, Қанат, Айткүл Құдайбергеновтардың елге танымал әндері, «Алтынай» МХБА мен «Алатау әуендері» концерттік ұйымының бишілері сынды көптеген өнерпаздардың мерекелік туындылары жиылған қауым көңілін тербей білді.

Ринат НАРХАНОВ.

Оқылды 979 рет

Соңғы жаңалықтар

Ақп 19, 2026

Рухани тазару айы

2026 жылдың ақпан айында күллі мұсылман адам үшін қасиетті Рамазан айы басталады. Бұл ай…
Ақп 10, 2026

Мұқағалиға арнау

Ақиықтар түлеген мұзбалағы, Хантәңірінің қарапайым қыр қазағы. Поэзияның асқар шыңын…
Ақп 10, 2026

Қазақ поэзиясының Хантәңірі

Сырым да – осы, Жырым да – осы, Алдыңда Байқашы бір, Бықсыдым ба, жандым ба? Махаңдар…
Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…

Күнтiзбе

« Наурыз 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет