Сенбі, 06 Мамыр 2023 21:13

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ: «СЫБАҒА» СЫЙҒА ТАРТҚАН ҚОЖАЛЫҚ

Елімізде мемлекеттік қолдау алып жеке шаруашылықты ұршықша иіріп отырғандардың қарасы қалың. Соның бірі Алматы облысы Балқаш ауданының тұрғыны, «Бригантина» шаруа қожалығының иесі Аршын Жақыпов.

2015 жылы ашылған қожалық тікелей мемлекеттің қолдауымен құрылған. Ауылдағы ағайынның мал басын көбейтуге үлкен мүмкіндік беретін «Сыбаға» бағдарламасының шарапатын Аршын Жақыповта көрген. Ең алғашқыда 15 млн теңгеге 80 бас ірі қара мал алса, өткен жылы тағы да аталған бағдарлама арқылы 21 млн теңге көлемінде несие алып, 60 бас жылқы сатып алу арқылы шаруашылықты кеңейте түскен. 

Жалпы айтар болсақ, қазіргі таңда «Бригантина» шаруа қожалығында 165 бас сиыр мен 125 бас жылқы малы бар. Қожалық иесі ауыл тұрғындарын жұмыспен де қамтып отыр. 2 адам тұрақты түрде еңбек етсе, 10-ы маусымдық еңбекке тартылған. Мұндағы жұмысшылардың айлығы 150 мың теңгеден басталады.

Табыс көзіне айналған малдың етін шаруа иесі Алматы мен Қонаев қаласындағы сауда нүктелеріне сатылымға шығарады. Ісі өрге басқан Аршын Жақыпов, мемлекет тарапынан көрсетілетін көмекке дән риза. Ол мал шаруашылығын дамытуға бағытталған түрлі бағдарламалар тек қана бір тұлғаның емес, тұтас өңірдің өркендеп, өсуіне мүмкіндік береді деген ойда.

«Үкіметімізге ризашылығым шексіз. Өзім «Сыбаға» бағдарламасының игілігін екі рет көрген адаммын. 6 пайызбен берілетін несиенің ең бір жеңіл тұсы - алғашқы екі жылы демалыс ретінде қарастырылған. Ол аралықта аяқтан тұруға болады. Осы сынды бағдарламалар көбей берсе екен. Шаруашылық арқылы отбасымды асырап отырмын», - дейді  «Бригантина» шаруа қожалығының иесі Аршын Жақыпов.

Қожалық иесі алдағы уақытта ұсақ мал басын асырауды көздер отыр, таяу болашақта 1 000 бас қой өсіруді қолға алмақ.

Оқылды 492 рет

Медиа

Соңғы жаңалықтар

Қаң 22, 2026

Отан жолында опат болған жеті…

Әлемде қиындық пен қасіретті, қорлық пен қиянатты көп көрген екі ұлт болса соның бірі –…
Қаң 22, 2026

Спортивные достижения юных …

Второй год работает в селе Байтерек детский футбольный клуб АL* stars. Занимаются в нём…
Қаң 22, 2026

Жас әртістер қойылымы

Ақбастау орта мектебінде «Бастауыш» әдістемелік бірлестігінің «Ертегілер елінде» оқу…
Қаң 22, 2026

Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ

Балалық шақ… Бұл сөзді естігенде көз алдымызға күннің жұмсақ сәулесіне шағылысқан, асыр…
Қаң 22, 2026

Отбасы мен бала тәрбиесіне көңіл…

Отбасы – мейірім мен махаббат мекені әрі кішкентай періштелердің қауіпсіз, жылы орны.…
Қаң 22, 2026

Рух пен сөз күші

Алланың маған берген ерекше дарыны мені шығармашылыққа ерте жастан жетеледі. Бала…
Қаң 22, 2026

Ғасыр адамы

12 қаңтар көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, ғалым, техника ғылымдарының докторы,…
Қаң 22, 2026

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт…

Құрметті қауым! Жаңа ғана сөз сөйлеген Құрылтай мүшелері маңызды ой-пікірлер айтты.…
Қаң 20, 2026

2025 жылдың IV тоқсанында кірістері…

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша…

Күнтiзбе

« Қаңтар 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет