Сенбі, 06 Мамыр 2023 21:38

БАЛҚАШ АУДАНЫНДА 165 ІРІ ҚАРА МАЛҒА АУРУҒА ҚАРСЫ ЕКПЕ САЛЫНДЫ

Бірлік ауылындағы «Бригантина» шаруа қожалығындағы 165 бас сиырға ауруға қарсы екпе салынды. Сондай-ақ, олардан ауруды анықтау үшін қан алынды.

Қазіргі таңда ауданда жануарлардың 13 түрлі аса қауіпті ауруына қарсы ветеринариялық-профилактикалық іс-шаралар жүргізіліп, 4 айлық жоспар 100%-ға орындалған. Балқаш ауданында жалпы саны 108 549 бас МІҚ, 105317 ҰММ, 26514 мың жылқы, 86 бас түйе және 819 бас шошқа бар. Осы уақытқа дейін, аймақтағы 30 733 бас ірі қара мен 41 598 бас ұсақ малдың қаны алынып, бруцеллез ауруына зерттелген. Зертхана нәтижесінде 10 бас ірі қарадан аталмыш індет анықталған. 

Балқаш ауданының ветеринария станциясының директоры Қайсар Соқабаевтың айтуынша, профилактикалық шаралар аурудың жиілігіне орай 21, 14 күн сайын қайталанып жүргізіледі. Маманның сөзіне сүйенсек, қазіргі таңда малға салынатын дәрі-дәрмек қоры жеткілікті. Жалпы, ауданның эпизоотиялық жағдайы тұрақты. Оны бақылауда ұстау үшін өңірдегі 15 ветеринарлық пункте 110 маман еңбек етеді. Дегенмен бұл штаттық құрдым саны жеткіліксіз дейді, мамандар.

«Бізде мал шаруашылығы саласында қызмет ететін адам табу қиын. Жастар ауылға келіп еңбек етуден қашады. Жұмыс оңай емес. Жалақы мөлшері де аз. Сондықтан да, маман тапшылығы байқалады. Осыған билік тарапынан көңіл бөлінсе иегі болар еді», - деп ағынан жарылды Қайсар Сапарбекұлы.

Сонымен қатар, ауданда ветеринария мамандарының ақылы қызмет көрсетуіне сұраныс төмен. «Қаржыландыруы бюджет есебінен жүргізілетін тізбеге сәйкес жануарлардың аса қауіпті ауруларының алдын алу және диагностикалау жұмыстары ақысыз түрде атқарылады. Ал, инвазиялы ауруларға қарсы дәрілеу, хирургиялық көмек көрсету сынды қызметтерге мал иелері белгілі мөлшердегі ақысын төлеуге міндетті», - дейді Қайсар Соқабаев.

Айта кетейік, дәл осы ветеринариялық пункттер ақылы қызмет көрсету арқылы былтыр 6,5 млн теңге, биыл жыл басынан 980 мыңнан астам табыс тапқан, олар ғимараттар мен автокөліктерді жөндеуге және сала мамандарына сыйақы беруге қарастырылған.

Оқылды 530 рет

Медиа

ognialatau.kz

Соңғы жаңалықтар

Ақп 10, 2026

Мұқағалиға арнау

Ақиықтар түлеген мұзбалағы, Хантәңірінің қарапайым қыр қазағы. Поэзияның асқар шыңын…
Ақп 10, 2026

Қазақ поэзиясының Хантәңірі

Сырым да – осы, Жырым да – осы, Алдыңда Байқашы бір, Бықсыдым ба, жандым ба? Махаңдар…
Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституция жобасы мемлекеттің…

2026 жылғы 7 ақпанда Алматы қаласында «Қазақстанның жаңа Конституциясы - қазақстандық…

Күнтiзбе

« Ақпан 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет