Бейсенбі, 18 Мамыр 2023 19:53

Елорда әкімдігі журналистер арасында Астананың дамуы туралы үздік жарияланымдар мен сюжеттер бойынша конкурс өткізеді

Елорда күніне орай авторлар арасында үздік жарияланымдар, репортаждар, БАҚ және әлеуметтік желілердегі Астананың дамуы туралы сюжеттер байқауы басталады, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Байқауға қатысуға барлық қазақстандық журналистер шақырылады. Байқауды Астана қаласының Ішкі саясат басқармасының қолдауымен қалалық Коммуникациялар қызметі ұйымдастырады.

Астана туралы 2022 жылдың 1 маусымынан 2023 жылдың 16 маусымына дейінгі кезеңде жарияланған/эфирге шыққан мемлекеттік тілдегі және орыс тіліндегі материалдар қабылданады. Бір қатысушы конкурсқа 1 материалдан артық емес және тек бір номинация бойынша ұсына алады.

Байқау келесі номинациялар бойынша өткізіледі:
1) «Үздік журналист-сарапшы» – елорда туралы баспа басылымдарында жарық көрген сараптамалық материалдар;
2) «Үздік шолушы» – Астана қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы интернет-басылымдардағы материалдар;
3) «Үздік радиорепортаж» – Астанаға арналған радиосюжеттер;
4) «Үздік телесюжет» – қала өмірі туралы телесюжеттер;
5) «Үздік мобилограф» – мегаполис өмірі туралы бейнероликтер;
6) «Үздік фоторепортаж» – Астана туралы фотосуреттер;
7) «Әлеуметтік желідегі Астананың 25 жылдығы туралы үздік материал» арнайы номинациясы – әлеуметтік желідегі үздік материалдарды анықтауға бағытталған. Әлеуметтік желілердегі (Facebook, Instagram және TikTok) танымал топтар мен пабликтер қатысуға өтініш бере алады.

Номинациялар бойынша жеңімпаздарды белгілі журналистерден, медиа-сарапшылардан және елордадағы осы саланың құрметті өкілдерінен құралған конкурстық комиссия айқындайтын болады.

Ең үздік жұмыс ақшалай сертификаттармен ынталандырылады. Бірінші орын үшін 1 миллион теңге, екінші орын үшін – 500 мың теңге, үшінші орын үшін – 300 мың теңге.

Өтінімдер 2023 жылдың 16 маусымына дейін мына электрондық пошта арқылы қабылданады: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс..

Ұйымдастыру комитетінің байланыс телефоны: 8 (702) 407-52-82.

Байқаудың ережесін сілтеме бойынша көруге болады.

Оқылды 844 рет

Соңғы жаңалықтар

Ақп 10, 2026

Мұқағалиға арнау

Ақиықтар түлеген мұзбалағы, Хантәңірінің қарапайым қыр қазағы. Поэзияның асқар шыңын…
Ақп 10, 2026

Қазақ поэзиясының Хантәңірі

Сырым да – осы, Жырым да – осы, Алдыңда Байқашы бір, Бықсыдым ба, жандым ба? Махаңдар…
Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституция жобасы мемлекеттің…

2026 жылғы 7 ақпанда Алматы қаласында «Қазақстанның жаңа Конституциясы - қазақстандық…

Күнтiзбе

« Ақпан 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет