Дүйсенбі, 29 Мамыр 2023 20:00

Ерлігі ел есінде

«Даңқ» орденінің толық кавалері Ыбырайым Қалдыбаевтың туылғанына 105 жыл толуына орай жақында Шелек тарихи-өлкетану музейінде «Ерлер есімі елімен мәңгі жасайды» атты мәдени шара өтті.

Шараға округ әкімінің орынбасары Мәди Бектасов, ардагерлер алқасының төрағасы Әбілбек Айтақынов, зейнеткерлер Алмагүл Абиырқызы мен Жетпіс Сыдықбаев, мәдениет үйінің, ауылдық модельді кітапхананың қызметкерлері, тұрғындар мен батырдың ұрпақтары қатысты.

Батырдың ұрпақтары, ауыл ақсақалдары Ы.Қалдыбаевты еске алып, ерліктері жайлы әңгіме өрбітті. Батырдың алғаш Сталинград түбінде ұрысқа қатысқанынан Орлов-Курск иініндегі, Днепр өзенінен өтердегі, Лоева қаласындағы, 1-ші Беларусь майданының құрамында Мозорь, Варшава қалаларын азат етудегі және Эльба өзені жағасында соңғы шайқасқа қатысып, елге оралғанға дейінгі ерліктері айтылды. Осы шайқастарда ерлігі еленіп, «Даңқ» орденінің толық иегері атанды. Бірнеше медальдармен және И.Сталиннің 10 мәрте алғысына ие болды. Бейбіт күндері Ыбырайым ақсақал Шелек ауданындағы ауыл шаруашылықтарының өндіріс салаларында еңбек етіп, 1978 жылы құрметті еңбек демалысына шықты.

Мәдени шара барысында Ы.Алтынсарин атындағы мектеп оқушылары соғыс көріністерінен сахналық қойылым қойып, патриоттық әндерді шырқады. Сондай-ақ, халықаралық жазушылар одағының мүшесі Айдын Тұрлықожаұлы және мәдениет үйінің қызметкерлері өз өнерлерін ортаға салды. Арнау өлеңдер оқылды. Шара соңында оқушыларға ауданды көп жыл басқарған, соғыс ардагері Х.Бижановтың жыр жинағы сыйға тартылды.

Анарбек МӨКІШҰЛЫ.

Оқылды 635 рет

Соңғы жаңалықтар

Ақп 19, 2026

Рухани тазару айы

2026 жылдың ақпан айында күллі мұсылман адам үшін қасиетті Рамазан айы басталады. Бұл ай…
Ақп 10, 2026

Мұқағалиға арнау

Ақиықтар түлеген мұзбалағы, Хантәңірінің қарапайым қыр қазағы. Поэзияның асқар шыңын…
Ақп 10, 2026

Қазақ поэзиясының Хантәңірі

Сырым да – осы, Жырым да – осы, Алдыңда Байқашы бір, Бықсыдым ба, жандым ба? Махаңдар…
Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…

Күнтiзбе

« Ақпан 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет