Жексенбі, 04 Маусым 2023 14:57

Ұшқан ұямен қауышу

Жер аяғы кеңіген жаздың жайма шуақ күнінде ұйымдастырылған жылы жүздесулердің бірі – А.Мәлкеев атындағы Есік мамандандырылған дарынды балаларға арналған «Білім-инновация» лицей-интернатын (ол кезде А.Мәлкеев атындағы мектеп интернаты деп аталған) 1972-1973 оқу жылын тәмамдаған түлектердің 50 жылдан соң кездесуі болды.

Кеш басында түлектер бір минут үнсіздікпен о дүниелік боп кеткен сыныптастарын еске алып, құран бағыштады. Марқұмдардың артында қалған ұрпақтарына ізгі тілектер айтылды. Ұлы Отан соғысы мен Ауған соғысында ерлікпен қаза тапқан батырлардың рухына тағзым етті. Одан соң түлектер өздері қанаттанып ұшқан білім ордасына жиналған «ғалым да, шахтер де бас иетін» ұлағатты ұстаздарына амандаса барып, өткен өмір белестерін шәкірттік сезіммен еске алды. Алтын ұядан жарты ғасыр бұрын түлеп ұшқан түлектердің әрқайсысы – әр түрлі мамандықты игеріп, еліміздің өркендеуіне үлес қосқан, өз ортасында абыройға ие болған еңбек ардагерлері. Осы жылғы түлектердің ең белсендісі – Ибрагим Кибиров. Ол ауданымыздың құрылыс саласына айтарлықтай жаңалық енгізіп, ел алдында азаматтық парызын өтеген нар тұлғалы азамат, құрыш қолды құрылысшы.

– Бәріміз де кеше ғана мектепті бітіріп, әрқайсымыз арман қуып әр қиырға кетіп едік. Уақыт деген жүйрік екен. Қызық, барлығы да өзгерген. Тіпті, кейбір қыздарды танымай да қалдым. Бірақ, мектептегі бейнелері санамда сақтаулы. Әрқайсының лақап аттары мен жасаған тентек істеріне дейін есімде. Бәрінен бұрын 50 жылдан кейін кездескеніміз қызық болды. Бұл өте жақсы үрдіс деп есептеймін. Өскелең ұрпаққа тәлім-тәрбиесі мол. Себебі, кейінгі түлектер де біз секілді кездесіп тұрса нұр үстіне нұр, – дейді Ибрагим Кибиров.

50 жылдан кейін ұшқан ұясымен қауышқан түлектер естелік ретінде мектеп ауласына ағаш отырғызып, гүл екті. Иә, 50 жылдан кейін кездесіп, ағынан жарылып, әңгіме айтқан аға-апайларымызға біз де шексіз риза болдық. «Адамның тәні қартайғанымен, жаны мәңгі жас» деген рас. Көңіл деген – көк дөнен. Әп-сәтте алыста қалған қимас кездерге алып ұшады. Өткені өнеге, тұла бойы тұнған ұлағат аға-апаларымызға тек жақсылық тілейміз.

Е.АСЫЛ.

 

Оқылды 746 рет
Осы категориядағы басқа материалдар: « Ұстаз мерейі Ұстаз мерейі »

Соңғы жаңалықтар

Ақп 10, 2026

Мұқағалиға арнау

Ақиықтар түлеген мұзбалағы, Хантәңірінің қарапайым қыр қазағы. Поэзияның асқар шыңын…
Ақп 10, 2026

Қазақ поэзиясының Хантәңірі

Сырым да – осы, Жырым да – осы, Алдыңда Байқашы бір, Бықсыдым ба, жандым ба? Махаңдар…
Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституция жобасы мемлекеттің…

2026 жылғы 7 ақпанда Алматы қаласында «Қазақстанның жаңа Конституциясы - қазақстандық…

Күнтiзбе

« Ақпан 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет