Жексенбі, 18 Маусым 2023 13:59

Жанарыңды сақта!

Маусымның үшінші жексенбісі – медицина қызметкерлерінің күні. Мерейлі мереке қарсаңында Еңбекшіқазақ аудандық көпсалалы аурухананың жоғары санатты офтальмолог дәрігері Каракузиева Майра Орынғалиқызымен тілдесіп, көз ауруына қатысты біраз сауалдарымызды қойған едік.

– Майра Орынғалиқызы, сізді  және сіз жұмыс жасап жатқан ұжымыңызды медицина қызметкерлері күнімен құттықтаймын! Алдымен өзіңізге тоқталсақ...

– Мен 1968 жылы туылдым. 1985 жылы Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-нің медицина факультетіне түсіп, 1991 жылы бітірдім. Еңбек жолымды Алматы қаласында терапевт болып  бастадым. 1995-1999 жылдар аралығында Алматы облысы, Қаскелең қаласында терепевт болдым. Жұмыс бабымен 2005 жылы Еңбекшіқазақ ауданына көшіп келіп, осы жылы Ават ауылдық амбулаториясында қызмет атқардым. 2007 жылдан бастап аудандық ауруханада офтальмолог болып күні бүгінге дейін қызмет атқарып келемін. Медицина саласында еңбек етіп жүрген отыз екі жылдың он алты жылын көз саласына арнадым. Ауданымызда осы уақытқа дейін жалғыз көз дәрігері болғанмын. Қазіргі таңда жас мамандар келіп, маман тапшылығы мәселесі оң шешімін табуда. Ауруханамызда балалар және ересектерді қабылдайтын көз дәрігері бар.

– Көз аурулары қалай пайда болады, көз ауруларының түрлерін атап айтсаңыз...

– Көз – адам жанының айнасы деп жатамыз ғой. Көз ауруларының түрі өте көп. Аурудың пайда болуы шаң-тозаң, түрлі механикалық жарақаттар алу, ультракүлгін, инфрақызыл сәулелер, жарық, қысым әсерінен пайда болады. Қазір жаз айларында аллергиялық конъюктивиттер көбейіп жатыр. Және техниканың дамуымен бірге жылдан-жылға жасөспірімдер арасында көз ауруымен шағымданатындар көп. Көз ауруының ішінде ең күрделі түрі – глаукома. Бұл – көзішілік қысымның жоғарылауынан пайда болып, ұзақ уақыт тексерісті, үнемі бақылап отыруды талап ететін ауру түрі. Глаукома толық емделмейді, тек асқыну үдерісі тоқтатылады. Катаракта – көзге ақ түсу. Ересек адамдарда көбірек кездессе, мектеп жасындағы оқушылардың алыстан көрмеуі (миопия) белең алып отыр. Көз бұршағының, торлы қабаттың, көз жарақаттарының түрлері бар. Және қант диабеті көздің микроциркулясына әсер етіп, диабеттік ретинопатия ауруына шалдығып жатқандар да кездеседі.

– Өзіңіз айтып отырғандай, бүгінгі таңда еңбектеген баладан бастап, еңкейген қарттың да қолынан смартфонның түспейтінін аңғарамыз. Балаларда көз ауруының көбеюі осының кесірі ме? Балаларда көз ауруы қалай емделеді? Жалпы балалардың көру қабілетін қалай сақтаймыз?

– Біз баладан да, өзімізден де телефонды шектеп алып тастай алмаймыз. Ол белгілі. Себебі біздің тіршілігіміз цифрлық технологиямен тығыз байланыста. Бізге тек көз көрмей қалуының алдын алу шараларын ыждақаттылықпен орындау қажет. Мәселен, балаға телефонды 20-30 минут уақытпен беру керек. Компьютер, теледидар алдында көп отыратын жандар үзіліс жасап, көзді демалдыру, арнайы қорғайтын көзілдірік тағу секілді қарапайым ережелерді сақтаған жөн. Бұны жасау арқылы көз ауруының алдын аламыз. Балалардың көру қабілетін сақтау үшін ата-ана бала денсаулығы үшін жауапкершілік алу қажет. Өзіңіз айтқандай, телефонға тәуелділік мына өзімізден туындаған. Тіпті, тыныш отырса болды деп әлі тілі шықпаған баланың қолына телефон ұстата салатынымыз тағы бар. Ал, телефонды 30-50 см қашықтықтан қарау керек. Осыдан келіп балада телефонға тәуелділік туындап, кейіннен онымен күресу қиынға соғатыны белгілі. Баланың смартфонда көп отырудан бас тартқыза алмай жүргендіктен ата-ана мен бала арасында кикілжің туындайды. 

– Көзге жасайтын арнайы жаттығулар немесе көзілдірікті шешпей үнемі тағып жүру көз көруін жақсартады деп жатады. Бұл қаншалықты шындыққа жанасады?

– Көз жаттығулары – бұлшықеттерді босаңсытады. Жаттығулар пайдалы, көздің көру қабілетінің нашарламауына көмектеседі. Мәлесен, жалған миопия болса, көзге арналған жаттығудың көмегімен көру қабілеті өз орнына қайтып келуі мүмкін. Бізге келген емделушіні толық тексерістен өткізіп, алдымен дәрі-дәрмекті жазып, бір ай бақылауда ұстаймыз. Қажет болған жағдайда ғана көзілдірікті ұсынамыз.

– Көзілдірік пен линзаның айырмашылығына тоқталсаңыз. Мәселен, мен екеуін де қолданамын. Бірақ бұл аурудан толыққанды құтылу үшін алдағы уақытта көзіме лазерлік ота жасатуды ойлап жүрмін. Көзге лазерлік коррекция жасату қаншалықты тиімді?

– Көзілдірік – көзге қысым келтірмейді. Инфекция түсірмейді. Жастар көзілдірік тағудан ұялып жатады. Көзілдірікті қыстыгүні тағып жүру, суға шомылғанда ыңғайсыздық тудыруы мүмкін. Линзаның да тиімді тұстары бар. Қолайсыздық тудырмайды, ыңғайлы. Бірақ, линзадан кератиттер болып, көзге инфекция түсу қаупі де басым. Ал өзіңіз айтып отырған лазерлік түзету – адам ағзасының ерекшелігіне, көздің құрылысына байланысты жасалынады. Көз ауруының жеңіл түрі болса, әрине жасатуға болады. Үшінші миопияда болсаңыз онда 3-4 жылдан соң қайта көзілдірік тағуыңыз мүмкін.

–  Көзді қаншалықты жиі тексеріп тұру керек? Және де көз ауруы тұқым қуалайды ма?

– Кез келген адамды жас ерекшелігіне қарамай жылына бір рет көз дәрігеріне қарату қажет. Біз 40 жастан асқан адамдарды глаукомаға міндетті тексерістен өткіземіз. Ал тұқымқуалаушылық анасы миопиямен ауыратын болса, 50 пайыз балаға берілуі мүмкін. Көп жағдайда генге байланысты болып келеді.

– Кәсіби мереке қарсаңызда әріптестеріңізге айтар тілегіңіз болса...

– Бұл мереке – жылына бір рет келетін, бәріміз асыға күтетін мейрам. Осы мереке қарсаңында барлық дәрігерлер мен мейірбекелерге, медицина саласының қызметкерлеріне ризашылығымды білдіргім келеді. Әріптестеріме толағай табыс, еңбекте жеміс, бастысы денсаулық тілеймін. Біздің қолымыздағы сенімді нәрсе – адамның өмірі мен денсаулығын абыроймен қорғайық.

– Уақыт бөліп сұхбаттасқаныңызға рахмет!

Тілдескен Перизат ӘБДІЛ-ӘШІМ.

Оқылды 7689 рет

Соңғы жаңалықтар

Сәу 29, 2024

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: ШАРАДАН АУДАН…

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлының тікелей бастамасымен барлық…
Сәу 29, 2024

Қалпына келтіру жұмыстарын өзім…

Тасқын су жүрген өңірлерде үй-жайынан айырылған халықтың баспанасын қалпына келтірудің…
Сәу 29, 2024

Жазушы мерейтойына арналды

«Таза Қазақстан» экологиялық тазалық акциясына Райымбек ауданының тұрғындары да…
Сәу 29, 2024

«ДАНЬ ТРАДИЦИЯМ И ВОСПИТАНИЕ…

В рамках недели "Жасыл аймақ" экологической акции "Таза Қазақстан", проводимой по всей…
Сәу 29, 2024

С Днем Единства народа Казахстана

Хочу поздравить всех с Днем Единства народа Казахстана и выразить благодарность за вашу…
Сәу 25, 2024

Ел бірлігі – ел теңдігі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы Ассамблеясының…
Сәу 25, 2024

Савелий КАРАСАВИДИ, председатель…

На ХХХІІІ сессии Ассамблеи народа Казахстана Президент РК Касым-Жомарт Токаев отметил,…
Сәу 25, 2024

Мызғымас бірлік – алынбас қамал

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы…
Сәу 22, 2024

НЕДЕЛЬНЫЙ МАРШ ЧИСТОТЫ

Свыше 75 тысяч жителей Алматинской области приняли участие в марше чистоты «Киелі мекен»,…

Күнтiзбе

« Сәуір 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет