Дүйсенбі, 19 Маусым 2023 09:43

Ардагер-жауынгерлер бас қосты

Өткен аптада Шелек ауылында Германиядағы Кеңес әскерінің тобы мен Варшава келісім шартына (ГСВГ) 78 жыл толуына және Еңбекшіқазақ ауданындағы осы ұйымның құрылғанына 10 жыл толуына орай кездесу ұйымдастырылды.

Германиядағы Кеңес әскерінің тобы – Германия Демократиялық Республикасында орналасқан КСРО Қарулы Күштері әскерлерінің жедел-стратегиялық тобы. Шет елдердегі қарулы күштердің әлемдегі ең ірі жедел-стратегиялық бірлестігі. КСРО тұсында Германия-Варшава келісіміндегі мемлекеттер Венгрия, Чехословакия, Югославия, Румыния елдерінде Отан алдындағы борышын өтеген қазақстандықтар осы қоғамдық бірлестіктің құрамына кірген.

Кеңес одағы тұсында аталған мемлекеттерде әскери борышын өтеген аудан аумағындағы жауынгерлердің кездесуіне Еңбекшіқазақ ауданының құрметті азаматы, генерал-майор Сағынжан Асыл-Кеней, аудан әкімінің кеңесшісі Айдарбек Дауытқұлов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Тілеулес Ұзақов, аудандық ішкі саясат, мәдениет, және тілдерді дамыту, спорт бөлімі басшысының орынбасары Ермек Самсыбеков, Шелек ауылдық округінің әкімі Сәкен Абдихалиев қатысып, жауынгерлерді құттықтады.

Құрметті қонақтар мен ардагер-жауынгерлер алдымен орталық саябақтағы Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне арналған ескерткішке гүл шоқтарын қойып, батырлар рухына тағзым етті. Батырлардың Отан қорғау жолында жасаған көзсіз ерліктерін еске алды. Жауынгерлер кездесуі Шелек ауылдық мәдениет үйінде жалғасты.

Алғашқы болып сөз кезегін алған округ әкімі Сәкен Дәулетханұлы жиылған көпшілікті аудан әкімінің атынан құттықтап, ізгі тілегін жеткізді.

– Тарихқа көз жүгіртсек, 1945 жылы 10 маусымнан бастап Германия Демократиялық Республикасының аумағында Кеңес әскерінің тобы өз қызметін атқара бастады. Бұл топтың алдында азаматтардың бейбіт өмірін қамтамасыз ету міндеті тұрды. Сонымен қатар, елдің батыс шекарасын сыртқы қауіп-қатерден қорғау және кез келген жаудың соққысына төтеп беру басты миссия болды. Міне, осы маңызды миссияны орындаған азаматтардың ішінде біздің ауданымыздан шыққан ардагерлер де бар. Бүгінде Германияда әскери борышын өтеген азаматтардың елге келгеннен кейін де түрлі салаларда өз еңбектерін жалғастырып жатқанына ризамын. Біздің ортамызда шәкірт тәрбиелеп, жастардың патриоттық сезімін оятуға атсалысып жүрген ардагерлеріміз де жетерлік. Біз дәл осылай жаңа буынды, жас буынды жігерлендіруіміз қажет. Сіздердің әскери борыштарыңызды атқару барысында көрсеткен батылдықтарыңыз бен парызға адалдықтарыңыз, сондай-ақ, мемлекет мүддесін қорғау кезінде жасаған ерліктеріңіз шын мәнінде елге – мұра, ұрпаққа – өнеге, – деген округ әкімі ризашылығын білдірді.

Ардагерлер кеңесінің жетекшісі Тілеулес Ұзақов пен генерал-майор Сағынжан Асыл-Кеней, Абай атындағы қазақ орта мектебінің директоры Бекқожа Бөрібайұлы ардагер-жауынгерлердің ұрпақ тәрбиесінде, жастардың патриоттық сезімін оятуда атқаратын рөлі маңызды екенін жеткізді. Сонымен қатар осы жолда аянбай тер төгіп, отансүйгіш қазақстандықтардың қалыптасуы жолында еңбек етіп жүрген азаматтарға алғыс айтты.

Шара соңында бірқатар азаматтар ұйымның Алғыс хаттарымен, арнайы төсбелгілермен марапатталды. Мәдениет үйінің өнерпаздары әуелете ән салып, көпшілікке көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

С.НҰРАДИН.

Оқылды 1088 рет

Соңғы жаңалықтар

Қаң 09, 2026

Қазақстан Республикасының Президенті…

2026 жылғы 05 қаңтар – Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы, Сіз жыл сайын мерзімді баспасөзге…
Қаң 09, 2026

Жоспар жүйелі, мақсат айқын

Жуырда аудандық қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті. Маңызды жиынды аудандық қоғамдық…
Қаң 09, 2026

Үздіктер Марапатталды

Жаңа жыл қарсаңында аудандық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен түрлі салада адал…
Қаң 09, 2026

«Әдекең қайда..?»

Болмашы кекшіл, Болсаңшы көпшіл, – деп Абай айтқан. Осы екі жолға менің бір…
Қаң 09, 2026

Құрмет төрінде

Әне-міне дегенше, жылжып жылан жылы да өтіп, шапқылап жылқы жылы жетті. Жылан жылы жаман…
Қаң 09, 2026

Қолдау барда даму бар

Мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарының бірі – ауыл шаруашылығын дамыту мен ауыл…
Желт 29, 2025

Сыбайлас жемқорлық – қоғам дамуына…

Сыбайлас жемқорлық – қазіргі қоғамның дамуына кедергі келтіретін мәселелердің бірі. Ол…
Желт 26, 2025

Бірлік бар жерде

Елдегі этносаралық келісім мен бірлікті нығайту – мызғымас мемлекет тірегінің кепілі. Осы…
Желт 26, 2025

Тәуелсіз елдің ұландары ән шырқады

Тәуелсіздік күніне орай «Біз – тәуелсіз елдің ұланымыз!» атты патриоттық әндер байқауы…

Күнтiзбе

« Қаңтар 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет