Сейсенбі, 27 Маусым 2023 17:20

Алматы облысының жастар ресурстық орталығы жанынан «Көшбасшы» жастар клубы құрылды

Клубтың ашылу салтанаты Кеген ауданында өтті. «Көшбасшы» әр салада жетістікке жеткен, тың идеяға толы тұлғалардың басын біріктіру мақсатында іске қосылды. Олар Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Әділетті Қазақстан құру идеясын қолдап, озық ойларымен ел дамуына, өркендетуге белді бекем буып отыр.

Шарада Жастар ресурстық орталығы «Хан тәңірі» жастар қоғамдық бірлестігі және Жамбыл аудандық мәслихат депутаты, меценатымен меморандум жасасты. Жалпы, бұл маңызды басқосуға өңір депутаттары, Спорт және дене шынықтыру басқармасы өкілдері, волонтерлер мен дебатшылар, аудандық жастар ресурстық орталығының жетекшілері қатысты. Жалынды жастар қатарында Ұлттық Республикалық Киокушинкай-кан каратэ Федерациясы ҚБ облыстық филиал басшысы Бекжан Сүнбеков, Жапон еліндегі «Жапон-қазақ» мәдениет үйінің төрайымы, «Жақын Жапония»  кітабының авторы Жадыра Сембай, жазушы Жұлдыз Сәбитова, «Алматы облыстық Азаматтық Альянс» президенті Балжан Досалы, облыстық пікірсайыс қозғалысының жетекшісі, республикалық пікірсайыс ойындарының жеңімпазы Дамир Валиханов бар.

Айта кетерлігі, Алматы облысында ғылым, білім, кәсіпкерлік саласында көш бастаған жастар жетерлік. Жастар ресурстық орталығы жалындаған жас буынды қолдау мақсатында түрлі жобаны жүзеге асыруда.

Оқылды 1216 рет

Соңғы жаңалықтар

Ақп 06, 2026

Тәртіп – ел дамуының кепілі

Мектеп – кішкентай қоғам. Сондықтан мектеп қабырғасындағы тәртіп – болашақтағы азаматтық…
Ақп 06, 2026

Қызылорда қаласында «Ауыл»…

2026 жылғы 06 ақпанда Қызылорда қаласында «Ауыл» партиясының Қызылорда облысы бойынша…
Ақп 06, 2026

Пять сборных команд подразделений…

Пять сборных командподразделений специального назначения государственных органов…
Ақп 06, 2026

5 құрама команда Дубайда өтетін…

Қазақстан мемлекеттік органдары арнайы жасақтарының бес құрама командасы 7-11 ақпанда…
Ақп 06, 2026

ЖИ – мұғалім тәжірибесін жетілдіру…

Жасанды интеллект бүгінде өмірдің барлық саласында қолданылып, қоғам дамуының ажырамас…
Ақп 06, 2026

Сайлау мәдениеті – қоғам…

Демократиялық мемлекет үшін сайлау – тек саяси рәсім емес, қоғамның жетілу деңгейін…
Ақп 06, 2026

Құқықтық мемлекетті қалыптастырудың…

Жалпы алғанда, жаңа Конституциядағы реформалар Қазақстанда құқықтық мемлекетті…
Ақп 06, 2026

Ұзақ мерзімді тұрақтылықты…

Конституциялық реформалар елдің саяси және құқықтық тұрақтылығын сақтауға бағытталған…
Ақп 06, 2026

Азаматтық қоғам институттарының…

Жаңа Конституция азаматтық қоғам институттарының дамуына құқықтық негіз қалыптастырады.…

Күнтiзбе

« Ақпан 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет