Жұма, 21 Шілде 2023 10:40

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

«Еңбекшіқазақ» газетінің (бұдан әрі газет) және mezet.kz желілік басылымының (интернет портал) меншік иесі «ТОО «Редакция газеты «Еңбекшіқазақ» Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының Сайлау туралы» Конституциялық Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіне депутаттыққа сайлауға қатысу үшін партиялық тізімдер ұсынған және тіркелген Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіне депутаттыққа үміткерлерді бір мандаттық аумақтық сайлау округтерінде тіркелген Парламент Мәжілісіне үміткерлердің, облыстық, аудандық мәслихаттар депутаттығынан үміткерлердің аудандық, қалалық, ауылдық округтер әкімдігіне үміткерлердің сайлауалды үгіт материалдарын орналастыру үшін басылым және интернет портал алаңдарын беру шарттары мен тәртібі жөнінде, төлем мөлшері туралы хабарландырады.

газеттің басылым

алаңдарын берудің жалпы шарттары мен тәртібі

 

Газет және интернет портал үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін басылым алаңдарын береді. Газет пен интернет порталдан басылым алаңдарын беру газет пен интернет порталдың меншік иесі мен барлық деңгейдегі сайланбалы органдарға (немесе аудандық, қалалық, ауылдық округтерінің әкімдігіне) үміткерлер үгіттік баспа материалдарын орналастыруға ар-налған басылым алаңын беруге жасалған келісімшарт негізінде жүзеге асырылады. Келісімшарттың формасы мен тиісті құжаттар жазбаша өтініш тапсырылған кезде қоса беріледі.

Мұндай келісімшарт жасау үшін саяси партиялардың бірмандатты округте тіркелген үміткерлер сенімді өкілдері газет пен интернет порталдың меншік иесіне келесі ақпараттарды көрсете отырып, жазбаша өтінішпен шығады:

партиялық тізімді ұсынғанын дәлел-дейтін құжаттың көшірмесі;

саяси партияның уәкілетті өкілінің құзы-ретін дәлелдейтін құжаттың көшірмесі;

үгіттік материалдардың түрі, алатын алаңының жоспарланған көлемі көрсе-тілген жазбаша өтініш мазмұны;

қағаз (уәкілетті өкілдің көрсетілген әр парақтағы қойылған қолымен) және электронды тасымалдаушыдағы үгіттік материалдың мәтініне түсіндірме;

өтініш беруші саяси партияның, бір-мандаттық сайлау округінен депутаттыққа кандидаттың уәкілетті өкілінің жекебас куәлігінің көшірмесі.

Газет пен интернет порталға жазбаша өтініш осы ақпараттық хабарлама негізінде Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Есік қаласы, Алматы көшесі, № 112-үй, 2-қабат мекенжайы бойынша қабылданады.

Жарияланымдарда ақпаратты берген тұлғаның тегі, қаржыландыру көздері, материалды шығаруға жауапты тұлғалар, олардың төленуі туралы ақпараттар болуы тиіс. Облыстық, аудандық  мәслихаттар-дың депутаттығынан, қала, ауыл округтері әкімдігіне үміткерлер (сенімді өкілдері) газеттің меншік иесіне келесі ақпараттар көрсетілген жазбаша өтініш тапсырады: 1) өтініш беруші үміткердің (сенімді өкілдің) тегі, аты-жөні; 2) үміт-кердің (сенімді өкілдің) жекебас куәлігі; 3) уәкілетті органмен берілген үміт-керлік (сенімді өкілдік) куәлігі; 4) үгіт-насихаттық материалдардың түрі, оны жариялаудың уақыты мен баспа алаңы-ның жоспарланған көлемі көрсетіл-ген жазбаша өтініш мазмұны; 5) үміткердің (сенімді өкілдің) қолтаңбасы. Үміткер куәлігінің көшірмесі мен үміткердің (сенімді өкілдің) жекебас куәлігінің көшірмесі қоса беріледі. Баспалық материалдарды орналастырудың кезектілігін жазбаша өтініштердің келіп түсу реттілігіне байланысты газет пен интернет портал белгілейді. Бірнеше саяси партия атынан, бірмандаттық округ үміткерлерінен жазылған өтініштер бір мезетте түскен жағдайда газет пен интернет портал тарапынан дәл сол күні жеребе өткізіледі. Жеребеге баспалық материалдарды орналастыру кезектілігіне таласушы саяси партиялардың уәкілетті өкілдері мен таластың тәуелсіз тарабы ретінде БАҚ өкілі қатысады. Саяси партиялардың әрбір  уәкілетті өкіліне ішінде баспалық материалдарды орналастырудың мерзімі көрсетілген, мөрленген конвертті таңдау ұсынылады. Конверттер саны таласқа қатысушылардың санымен тең болады. Жеребе аяқталғаннан кейін таласқа қатысушылар мен БАҚ өкілі жеребе хаттамасына қолдарын қояды. Жеребе нәтижесі (хаттаманың көшірмесі) тиісті сайлау комиссиясына тапсырылады.

 

үгіттік баспа материалдарын берудің тәртібі

 

Газетке үгіттік баспа материалдары газет жарық көретін датаға кемінде 3 (үш) күнтізбелік күн қалғанға дейін модульдер немесе мақалалар түрінде тапсырылуы тиіс. Ал интернет порталға үгіттік баспа материалдарын күнбе-күн тапсыруға болады. Газет пен интернет портал материалдарда конституциялық құрылымды күштеп өзгертуге, республиканың тұтастығын бұзуға, мемлекеттің қауіпсіздігін бүлдіруге, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, таптық және рулық алауыздық тудыруға, сондай-ақ заңмен қарастырылмаған және заңмен қарастырылған, тағы басқа да негіздерде әскерилендірілген құрылымдар құру идеялары көрініс берген жағдайда үгіттік баспа материалдарын орналастырудан бас тартуға құқылы. Газет пен интернет портал саяси партиялардың абыройы мен қадір-қасиетіне немесе іскерлік беделіне нұқсан келтіретін ақпараттар болған жағдайда үгіттік баспа материалдарын орналастырудан бас тартуға құқылы. Осы ақпараттық хабарламада көрсетілген басылым алаңдарын берудің шарттары мен тәртібі уәкілетті органдардың талабына сай түзетілуі мүмкін.

 

ГАЗЕТ ПЕН ИНТЕРНЕТ ПОРТАЛДЫҢ  БАСЫЛЫМ АЛАҢДАРЫН ТӨЛЕУДІҢ ТӘРТІБІ МЕН МӨЛШЕРІ

 

Үгіттік материалдарды орналастыруға арналған басылым алаңдарының газеттегі бағасы:

– Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығынан үміткерлер үшін журналистік мақалалар жарияланған беттерге модуль орналас-тырудың 1 шаршы см. үшін 200 теңге;

– облыстық мәслихаттың депутаттығынан үміткерлер үшін журналистік мақалалар жарияланған беттерге модуль орналас-тырудың 1 шаршы см. үшін 200 теңге;

– аудандық, қалалық мәслихаттың депутаттығынан үміткерлер үшін журналистік мақалалар жарияланған беттерге модуль орналастырудың 1 шаршы см. үшін 200 теңге;

Аудандық, қалалық, ауылдық округтер әкімдігіне үміткерлер үшін – 200 теңге. Сонымен қатар барлық сайлауларға қатысты ресми жарияланымдар орналастыру бағасы шаршы сантиметрі үшін – 200 теңге.

mezet.kz желілік басылымында орналастырылған үгіттік модуль үшін 50000 теңге. Сонымен қатар, кандидаттар туралы жазылған журналистік материал үшін – 50000 тг.

Төлем серіктестік берген есепшот негізінде сол есепшот берілген күннен басталатын 3 (үш) банк күні ішінде жүргізі-леді. Төлем газеттің басылым алаңын беру жөніндегі тиісті келісімшартта немесе есепшотта көрсетілген серіктестің банктік реквизиттеріне төленеді.

Оқылды 630 рет

Соңғы жаңалықтар

Қаз 31, 2024

Тәуелсіздікке талпынған Тезек төре

ТӨЛ ТАРИХЫМЫЗДЫ ТӘУЕЛСІЗДІК АЛҒАННАН КЕЙІН ҒАНА ТҮГЕНДЕП, АРХИВТЕРДІ АҚТАРЫП, ТЫҢ…
Қаз 31, 2024

Ауылына қарап, азаматын таны

Адам баласы өмірге келгенде алғаш болып мейірімділікті сезері хақ. Жөргекте жатқан…
Қаз 31, 2024

Құқық бұзушылыққа кім кінәлі?

Қоғамымызда жасөспірімдер мен балалар арасында құқықұзушылық пен тәртіп бұзушылық жиі…
Қаз 31, 2024

«Желаяқтар» марафоны

Республика күні қарсаңында Қырбалтабай ауылдық округі әкімдігінің ұйымдастыруымен…
Қаз 31, 2024

Ел боламын десең, бесігіңді түзе

2022 жылы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Республика күнін қайтаруды ұсынды. Мемлекет…
Қаз 31, 2024

Мектептегі мерейлі мереке

Республика күні қарсаңында Қ.Сәтпаев атындағы орта мектепте «Қазақстан – туған елім, ұлы…
Қаз 31, 2024

Девушка с корзиной «ожила»

Пожалуй, единственное сохранившееся творение рук скульптора советских времен – девушка с…
Қаз 31, 2024

Он жил для людей, и они его помнят

Марупа Якуповича Касимова, уроженца с. Ташкенсаз, с большим сердечным теплом вспоминают…
Қаз 31, 2024

Абырой – адал қызметте

2011 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен – әлеуметтік қорғау жүйесі…

Күнтiзбе

« Қазан 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет