Жұма, 18 Тамыз 2023 09:42

«Жайылым» – жұртқа жайлы жоба

Еуропалық Одақтың  қаржылық қолдауымен, қазақстандық және италияндық серіктестер Консорциумы жүзеге асыратын «Жайылым» жобасы Еңбекшіқазақ ауданында 2022 жылдың наурыз айынан бастап қолға алынған болатын.  Ауданда  «Жайылым»  көпжақты серіктестік  және инновация жобасы талқыланып, нәтижесінде жайылымдарды тұрақты басқару және пайдалану жөніндегі аудандық үйлестіру кеңесі, жайылым пайдаланушылардың 5 бірлестігі құрылып, экологиялық және экономикалық тұрақтылықты жақсарту бойынша жайылым пайдаланушылардың 6 жобасы іске асырылған-ды. Жайылымдарды тұрақты басқару бойынша жоспарларды дайындауға және жүзеге асыруға жәрдемдесу, бір ауылдық округтің жайылымдық жерлерін басқарудың компьютерлендірілген жүйесін құру және енгізу қолға алынған болатын.

 

 «FELCOS – UMBRIA» (Италия, жетекші серіктестік), «ILSLEDA» (Ита-лия) қауымдастықтары, «IsMed-CNR» ұлттық зерттеу кеңесі «Қазақстан АгроСоюз» республикалық ассоциа-циясы, «Қазақстан фермерлері» қо-ғамдық қоры және аудандық ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімі атсалысқан «Жайылым» жоба-сының мақсаты – ауданның нысаналы аймақтарында экологиялық және эко-номикалық тұрақтылықты арттыру, жайылымдылық жерлерді пайдалануды жақсарту, жоба аясында жайылымдық мал шаруашылығының экономикасы мен ұйымдастырылуы, климаттың өз-геруінен туындайтын қауіптер және оған бейімделу мүмкіндіктері бойынша оқыту, техникалық қолдау көрсету, сондай-ақ алқалы жергілікті басқару, мемлекеттік-жекеменшік әріптестіктің инновациялық тетіктерін әзірлеу болса, өткен аптада  Шелек ауылдық округі әкімдігінің мәжіліс залында семинар өтті.

Семинарда «Қазақстан фермері» қоғамдық  қорының директоры В.Левин «Ауданның жайылымдарын тұрақты пайдаланудағы көпжақты серіктестік және инновация – «Жайылым жобасы» деген тақырыпта сөз қозғап, алдағы атқарылар шаралар – екі жақты шартқа отыру, Сөгеті ауылдық округінде жайылымдық жерлерді басқарудың компьютерлендірілген жүйесін құрып, енгізу, тағы басқа да іс-шаралар атқа-рылатынын, негізгі шараларға екі ита-лияндық компанияның өкілдері де қатысатынын тілге тиек етті.

Одан кейін сөз алған бизнес-тре-нер, ауылдық  кәсіпкерлікті дамыту бойынша эксперт Айгүл Жайлыбаева «Кәсіпкерлікті  қолдауда мемлекеттік бағдарлама, және оны дамыту  мүмкін-діктері» жайлы әңгімелеп берді. Ол жобаға атсалысатын серіктестіктер, оны қаржыландыратын одақ, жобаның мақсаты, бұл жобаға қатысқан 5 ауылдық округтермен қанша мерзімге жұмыс жасайтынын, бизнесті бастаған жеке кәсіп, шаруа қожалық, ЖШС-терді тіркеу, кеңсе құжаттарын рәсімдеу, салық төлеу, статистикалық және салықтық есеп беруде көмектесу, заңдық кеңес беру, тегін бағдарлы оқытуда қолдау көрсету, бастапқы капиталдың көздері – меншікті құралдар, лизинг, грант, несие алу жол-дарын айтып, сондай-ақ «Кең дала», Агробизнес несие бағдарламаларымен, «Бастау бизнеске» қатысу жобасымен таныстырып, «Асылтас» қорының грант  беру көлемі мен оны алу туралы түсін-дірді.

Осындай жобаларға қатысып, өз бизнестерін бастаған Гульниса Ибраги-мова, Асиям, тағы басқалар қалай грантқа ие болғанын, қандай бизнес көздерін ашқаны жайлы тәжірибелерімен бөлісті. Көптеген сұрақтарға жауаптар қайтарылды. Әсіресе, өсімдік, мал шаруашылығымен айналысатындар  өнім өткізетін, қабылдап алып, өңдейтін орындардың жоқтығынан қиындық көріп жүргендерін, алажаздай төккен тердің өтеуі мардымсыз, кейде шығыны өтелмейтінін айтып, ортада делдалдар қарап жүріп пайдаға кенелетінін қын-жыла тілге тиек етті. Бұл мәселе жоғары жақтарға жеткізіліп  жатқаны, қазірше өнім қабылдайтын жеке кәсіпкерлерге мүдделі болып тұрғаны жасырын еместігі айтылып, «көш жүре түзе-леді»  демекші,  келешекте мәселе оң шешімін табатынына сенім артты. Дей тұрғанмен, жұртқа жағымды, кәсіп-керлікке қолбайлау болып жүрген кедергілерге көкжиектен күн атқандай,  жақсы мүмкіндік ашқан жаңа жобалар қолға алынуда. Міне, соның бірі «Жайы-лым» жобасы аудан жұртына да жағдай жасауда.

Анарбек БЕРДІБАЕВ.

Оқылды 607 рет

Соңғы жаңалықтар

Ақп 03, 2026

Конституционное закрепление статуса…

Закрепление статуса адвокатуры в Конституции придает этому институту особое…
Ақп 03, 2026

Концентрация власти в руках…

полномочия Главы государства, не учитывает реальное содержание реформы. Основной закон…
Ақп 03, 2026

Удаление слово «свобода» из…

Идея о том, что проект новой Конституции якобы лишает граждан свободы, является…
Ақп 03, 2026

Изменение Конституции – это попытка…

Говорить о том, что изменения в Конституции делаются ради «нового президентского срока»,…
Ақп 03, 2026

Формулировка «...не должна посягать…

Формулировка о недопустимости посягательства на честь и достоинство не является запретом…
Ақп 03, 2026

Исключение конституционного запрета…

Отсутствие прямого запрета на продажу земли иностранцам не означает утрату контроля над…
Ақп 03, 2026

Исключение формулировки о…

В проект новой Конституции, в статью о принципах внешней политики Казахстана, не…
Ақп 03, 2026

Сохранение статуса русского языка в…

Сохранение статуса русского языка в новой редакции Основного закона не дискриминирует…
Ақп 03, 2026

Публикация проекта новой Конституции…

Данные ресурсы были выбраны лишь как основные стартовые площадки для начала продвижения…

Күнтiзбе

« Ақпан 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет